Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмсақ ойыншық тігу

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Тақырыбы: Жұмсақ ойыншық тігу
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жұмсақ ойыншықтарды тігіп үйрету.
а) білімділік: оқушыларды жұмсақ ойыншықтар жасау реттілігімен таныстыру, ойыншықтарға мата таңдауға үйрету.
ә) тәрбиелік: ұжымдық жұмысты жұмыс ұйымдастыруға, жоспарлай білуге, бір - біріне көмектесуге, қауіпсіздік ережесін сақтауға, бастаған жұмысын аяғына жеткізе білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, саусақ қимылдарын жетілдіру, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ..
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері, геометрия, сызу география.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: оқушыларға жұмсақ ойыншықтарды тігіп үйрету. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою:
1. Аюдың қандай түрлерін білісіңдер?
2. Ақ аю туралы не білесіңдер?
3. Жұмсақ ойыншықтар неден тігіледі?
4. Жұмсақ ойыншық не үшін қажет?
5. Қандай жұмсақ ойыншықтарды білесіңдер

ІІІ. Жаңа білім беру кезеңі.
Ақ аю – Арктика тұрғыны, жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Ол жақсы жүзеді және сүнгиді, жартастарда, мұзды жарларда ептілікпен жылжиды, құрғақ жерлерде жақсы жүреді. Оның терісінің астындағы қалың майы, қалыңда-тығызды жүні суықтан жақсы қорғайды. Оның тіпті табаныңда да қалын түк бар. Ол тюлер\лендердің, солтүстік бұғыларының, кеміргіштердің етемін қоректенеді. Балық аулайды, жемістерді де жақсы көреді. Тюлендерді ұзақ жатып қарауылдайды: оны аяғымен ұрып құлатады да, мұзға қарай сүйреп шығарады. Алғашында ұрғашы аю бір қонжық табылды, одан кейін әр үш жылда егіздеп туады. Жаңа туған қонжықтар әлсіз болады. Олар анасының соңынан еруге тек үш айлығында ғана жетеді. Оған дейін анасы өз өмір тәжірибелерін үйретіп, күн көріске баулиды.
- Оқушылар, біздер сендермен ақ аю жұмсақ ойыншығын тігіп үйренеміз. Жұмсақ барысында қандай қауіпсіздік ережелерін естен шығармауымыз керек?
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшы өткір болуы шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.
3. Қайшыны ұзарта құлағын жоғары қаратып, ұшын өзіне қаратып бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.
5. Иненің ұшын өзіңе қаратып, алушы кісіге жіппен сабақтап бер.
6. Инемен тіккен де инені айзына салма.
7. Сынған инені тастама, ешкімді зақымдамай тын жерге таста.

IV. Сарамандық жұмыстың тақырыбы: ақ аю жұмсақ ойыншығын тігу.
Мақсаты: матадан ақ аю жұмсақ ойыншығын тігіп үйрену.
Қажетті құрал - жабдықтар мен материалдар: сантиметрлік таспа, қалам, қағаз, ине жіп, түкті мата, синтипоне, ақ аю суреті.
V. Сабақты қорытындылау.
а) оқушылардың білімін, істеген жұмыстарын бағалау;
ә) үйге тапсырма беру;
б) жұмыс орнын жинастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Доп. Мнемотехнология арқылы балалардың тілдерін дамыту
Доп. Мнемотехнология арқылы балалардың тілдерін дамыту
Балаларды резинаның қасиетімен таныстыру; ойыншық атын дұрыс атап, сипаттау жұмысын жүйелеу; мнемотехнология арқылы балалардың тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Ойыншықтар
Ойыншықтар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Искакова Жаңагүл Әбдіқызы
Ойыншықтар әлемінде
Ойыншықтар әлемінде
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу
Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Технология пәнінің мұғалімі: Қыстаубаева Гүлмира Мәмірәсілқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×