Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тоқыма айқаспаның түрлері

05 тамыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі
Технология пәнінің мұғалімі
Утегенова Жибек Жаналиевна

Сабақтың тақырыбы: «Тоқыма айқаспаның түрлері»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс - тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, дастарқанды әзірлеуге, тоқыма айқаспа түрлері ерекшелігімен, ұқыптылықпен, тазалықпен, жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, сурет, журналдар, құрал - жабдықтары, т. б.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатынасын анықтау.

2. Мата негізгі жіп пен арқау жіптің айқасуынан тоқылатынын білесіңдер. Әр матаның айқасу жолдары түрліше. Тоқыма айқаспаларының ең жай түрі: кездеме, саржа, сәтендік айқаспалар.
Кездемелік айқаспада негізгі жіп және арқау жіптері жиі айқасады. Мұндай айқаспа түрлерімен мақта, зығыр, жібек маталар тоқылады. Бұл маталар аз созылады, жібі онша сетінемейді. Сондықтан бұл маталардан киім пішу өте ыңғайлы. Саржалық айқаспада негізгі жіп екі арқау жіпті басып, бір жіпті өткізе отырып тоқылады. Мұндай маталар кездемелік айқасуға қарағанда өзгеше болады, оның ерекшелігі мата бетінде қиғаш бедерімен көрініп тұрады. Саржа матасы анағұрлым тығыз, қалың әрі салмақты болады. Кашемир, шотланд, бәмәзи, фланель, саржа маталар, саржалық айқаспамен тоқылады. Саржалық айқаспамен тоқылған маталар жұмсақ, оңай қыртысталады, оңай, көбінесе, жеңіл киімдер дайындайды. Мата созылғыш әрі тез сетінегіш келеді. Сәтендік және кездемелік айқаспаларда негізгі жіп пен арқау жіптердің айқасулары сирек болады. Сәтендік айқаспада арқау жіп төрт немесе одан да көп негізгі жіпті қамти айқасады. Ал, атластағы айқаспада, керісінше, негізгі жіп төрт немесе одан артық арқау жіптерді қамти айқасады. Сәтендік айқаспамен сәтен және драп, атластың айқаспамен атлас, креп - сәтен, астарлық сәтен материалдары қолданылады.

Сабақты бекіту. Тоқыма айқаспалардың түрлері жөнінде нені үйрендіңдер?
Үйге тапсырма: Оқып келу, үйрену.
8 315
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнбағыс панносы
Күнбағыс панносы
Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе елді мекені, №2 орта мектебінің Технология пәні мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Үй печенесі
Үй печенесі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Бисермен жұмыс
Бисермен жұмыс
Шығыс Қазақстан облысы, Катон - Қарағай ауданы Аққайнар ауылы, Чернова орта мектебінің технология пәні мұғалімі Абенева Ақнұр
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан орта мектебінің технология пәні мұғалімі Хабаев Араб Малдыбайұлы
Дизайн
Дизайн
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға дизайн жөнінде мағлұмат бере отырып, бұйымның жаңа үлгісін дайындауға үйрету; ә) тәрбиелік: қарапайым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×