Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрақ құрау технологиясы.

15 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда қаласы,
№197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі:
Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Сабақтық тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құрақ құрау түрлерін, әдіс – тәсілдерін және құрастырып тігуді үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын құрақ түрлері.
Құрал – жабдықтар: құрақ түрлері, мата қалдықтары, ине, жіп, қайшы.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылырмен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.
Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.

Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, ендеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.

Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», - деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойыңа сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-құлығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

Сарамандық жұмыс
Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді.
1. Қатты қағаздан үлгілер дайындап алу.
2. Матаға үлгіні түсіріп алып, қырқу.
3. Екі матаны бір-бірімен беттестіріп тігу
4. Қалған маталарды бір-бірімен қосып тігу
Сабақтың қорытындысы:
- Құрақ – қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан–ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік.
- Құрақ құрау өнерінің шығуы тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдаланудағы үнемділігі адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш екенін меңгердік.

Қорытынды сұрақтар:
- Ұлттық үйлесім бойынша қанша түсті білесіңдер?
- Сегіз жапырақ құрағының үлгісінің бөлшектері қандай геометриялық фигурадан тұрады?
- Қауіпсіздік сақтау ережелерінің қолдануын ата.
- Ұлттық қолөнер құрақ құрағынан шығатын бұйымдарды ата.

Үйге тапсырма:
- Сегіз жапырақ құрағын пайдаланып, құрақ көрпешесін немесе жастықшасын тігіп келу
Оқушыларды бағалау:
- Сабаққа қатысуларына байланысты бағаланады.
Жұмыс орындарын жинастыру.
19 719
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақтың тарихына тоқталу, үлгісін даярлау, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру. Оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, құрақтың түрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қоңырат кенті, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі технология пәні мұғалімі: Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Мақсаты: 1. Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Жүннен жасалатын бұйымдар
Жүннен жасалатын бұйымдар
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×