Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шертер аспабын жасау технологиясы

28 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы
№ 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі
Прназаров Дауиржан Амангалиевич
Сыныбы: 9
Пәні: Технология
Сабақтың тақырыбы: Шертер аспабын жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т.б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 8,9 сынып оқулықтары «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қылқобыз жасау технологиясы (оқушы өзі жасаған бұйымын таныстыру)
Жеке оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)

III. Үй тапсырмасын бекіту
Суретпен жұмыс (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1 Қобыздың қанша түрі бар? (Тоғыздан астам)
2 Қобыз неше бөліктен тұрады? (10)
3 ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз? (Нар қобыз)
4 Қылқобызға анықтама бер? (Қазақтың шанағын тізеге сүйеп, ысқымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы)
5 Домбыра, қобыздың кәде сыйлық түрінің басы мен түбі ағаш діңінен бірігіп ойылатын бұйымның биіктігі қанша мм шамасында? (140-150мм)
6 Жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының құйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалатын аспап? (Ысқыш)
Қылқобыздың нақтылы өлшемі туралы кесте толтыру.

1. Қылқобыздың жалпы ұзындығы 670 мм
2. Шанағының диаметрі 60 мм
3. Мойнының ұзындығы 220 мм
4. Қобыз түбінің ұзындығы 200 мм
5. Қобыз алақанының ұзындығы 90 мм
6. Шанақтың жалпы жалпақтығы 180 мм

IV. Жаңа сабақ..
Шертер аспабын жасау технологиясы
Шертер – қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы. Оның мойны қысқа, шанағы қақпақсыз ашық, жылқы қылынан жасалған ішектер тағылған ежелгі нұсқасын өнер зерттеушісі Б.Сарыбаев поляктың белгілі саяхатшысы Б.Залесскийдің 1865 жылы Парижде бастырылған альбомынан тапқан. Б.Сарыбаев мұны қазақтың музыкалық аспап нұсқасының негізінде дүниеге қайта келтіріп қана қоймай, оның жетілдірілген түрін де жасап, оркестрлерге қосты. Ал қазіргі шертердің түрі бұрынғы түпнұсқаның жалпы түрін жоғалтпай, жаңадан өңделіп кең таралды.

Шертердің құрылысы домбыра пішінімен бірдей. Жалпы ұзындығы – 675мм. Шертер негізгі он бес бөліктен құралады: алақан, құлақтары, мойны, ішектері, қақпағы, тиегі, өкше тиегі, ілгегі, шанаққа тартылған көнтері, табалдырық тиек, қосымша мойын беті, шанақтың астыңғы бөлігі, шанақ, көнтерінің қайырылған шетіне желімделген шпон ағашы, үн тесіктер.

Шертердің жаңа түрі 12-суретте көрсетілген. Оның шанағының 80мм-і қақпақпен, ал қалған 160мм-і көнтерімен қапталады. Ал 11, б- суретте шертердің жанынан қарағандағы көрінісі бейнеленген.
10-суретте шертердің қосымша мойнына тағылатын пернелердің өлшем бірліктері көрсетілген. Мұндағы пернелер саны 19, яғни домбыраның пернелер санына сәйкес. Өлшем бірліктері миллиметрмен алынды. Қосымша мойын беті қалыңдығы 3-4мм қатты ағаштан жасалынады. Оның жалпақтығы суретте көрсетілгендей 25х30мм-ге тең, ал ұзындығы – 330мм.

Шанақтың жалпы жалпақтығы – 210мм, шанақ түбінің жалпақтығы – 140мм (11, ә-сурет). Бұл – шертердің құрама түрінің өлшемдері. Ал оны, негізінен, бүтіндей шауып жасауға мүмкіндік мол. Сондықтан оның сырт пішінінің әртүрлі бейнесін 12-суретте ұсынып отырмыз. Негізгі өлшемдерінің барлығы бірдей, олардың тек сырт пішіндері ғана өзгерген. Бұл аспапты жалғыз оқушы 20 сағат ішінде жасап шыға алады.

Қызығушылықты ояту кезеңі.
Интерактивті тақтаның көмегімен шертер аспабы туралы видео ролик көрсету.
Шертердің домбырадан қандай айырмашылығы бар?
Не корд 34 дер не қызықтырды
Ағашты қолмен кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.

Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)
2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарыңды түгелдеп, мұқият тексер.
3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орнында артық ешқандай зат тұрмасын.

Жұмыс кезіңде:
1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандардың қайралған әрі жарылмаған болсын.
3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
5. Жұмыс кезіңде әр нәрсеге алаңдама.
6. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:
1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5мм етіп қой.
3. Өзіңді ретке келтір.
4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар
Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы – шертер жөніндегі білімдерін бекіту; іс жүзінде шертер макетін жасау әдістерімен таныстыру; сызбаны орындау кезінде симметрияны сақтауға үйрету; дағдылар мен шеберліктерді дамыту; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру.
1. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ағымдағы нұсқама өткізу және бұйымды жасау қандай реттілікпен орындалатынын түсіндіру.
2. Шертер аспабын технологиялық карта бойынша дайындау.
3. Алдын ала құрастырылған, технологиялық карта бойынша шертер аспабының кез келген түрін жасауды ұсыну.

V. Жаңа сабақты бекіту
«Пайымдау сұрақтары»әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
Шертер аспабына анықтама бер? (Қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы)
Шертердің жалпы ұзындығы? (675мм)
Шертер қандай бөліктерден тұрады?
Шертердің қосымша мойнына тағылатын пернелердің саны. (19)
Шертер аспабын оқушы неше сағат ішінде жасап шыға алады? (20)

VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Үйге тапсырманы талдау» тәсілі: Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды жақсы түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек?
Шертер аспабын ажарлап шығу, гуашпен өрнекті сурет салу немесе қабыршақтан ою.
4 546
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қылқобыз жасау технологиясы
Қылқобыз жасау технологиясы
Қылқобыз — қазақтың шанағын тізеге сүйеп қойып, 40 - қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы. Қылқобыз аталуы да осыдан болар.
Сыйкәделік шертер аспабы
Сыйкәделік шертер аспабы
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, № 142 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бекназаров Ерболат. Жетекшісі: технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат
Шертер аспабын жасау технологиясы
Шертер аспабын жасау технологиясы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің технология, сызу пәнінің мұғалімі Мухатаев Асылан Балықбайұлы
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Прназаров Дауиржан Амангалиевич Пәні: Технология Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Желімдеу технологиясы
Желімдеу технологиясы
Прназаров Дауиржан Амангалиевич А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы Сабақтың тақырыбы: Желімдеу технологиясы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×