Білімділер поралы
загрузка...

Ал, қанекей, қыздар!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Кулова Саламат Советқызы

Тақырыбы: «Ал, қанекей, қыздар!»
Міндеті: Оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту. Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт бағдар беру.
Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сайыстың реті: Сайыс 6 кезеңнен тұрады және 2топқабөлінеміз. Сайыс 5 - тік ұпай жүйесімен есептеледі. Сайыс соңында жеңімпаз ару анықталып, «Керемет көзайым» номинациясымен марапатталады. Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.
І. Бәйге
ІІ. Топ жарған
ІІІ. Кім жылдам.
ІV Тіл өнері.
V. Білімді мыңды жығар.
VІ. Сөзжұмбақ шешу

- Сайысымызды бастамас бұрын әділдікті сүйетін, әділ баға беретін әділқазы алқаларын сайлап алайық.
(Әділқазы алқалары сайланады.)
- Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата - жолын жалғапты,- деп, әрі қарай сайысымызды бастайық.
Сайысқа қатысушы қыздар, дайын болсақ сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
- Шешендікті құрметтеген барлық елде,
Сөз тапқанға дауа жоқ әрбір жерде
«Сөз жүрегі - мақал» деп босқа айтпаған.
Қалып па екен сайыскерлер есінде?!- деп, І кезең - «Мақал - сөздің мәйегі».
Қатысушыларға мақалдың бірінші бөлігі айтылады, келесі бөлігін сайыскерлер табу арқылы сайыс жалғасады. Ендеше, дайын болсақ, мақалдарға құлақ түрейік:
1. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
(Білім - жанып жатқан шырақ.)
2. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)

3. Еңбек етпей елге өкпелеме
(Терің төкпей жерге өкпелеме.)
4. Ет жесең тісіңе кіреді
(Жемесең түсіңе кіреді.)
5. Шешеннің сөзі ортақ,
(Шебердің қолы ортақ)
6. Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды.)
7. Жақсы адам жаныңа жолдас
(Жаман адам малыңа жолдас)

8. Доссыз адам - (тұзсыз тағам)
9. Ананың көңілі балада,
(Баланың көңілі далада)
10. Өз басыңды дауға берсең де,
(Жолдасыңды дауға берме.)

- Келесі кезең – жұмбақ шешу. Дұрыс шешілген әр жұмбақ жауабына бір ұпайдан қосылып, сайыс жалғасады.
1. Ақ қиыршық еритін,
Ас жоқ одан жеритін (Тұз)
2. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Герадот былай деп жазған: «Көшпелі скифтер бұл сусынды дайындауды білген. Олар оны ағаш ыдыстарға құйып, пісіп, содан соң бет жағын құйып алады. Мұны олар сүттің өте жақсы бөлігі деп есептеген. Бөлек кеспектерге құйып сақтаған.» Бұл қандай сусын? (Қымыз)
3. «Бұл көкөністен барлық ауру қашады» деген мәтел бар, тағамға жас пісірілген, қуырылған, консервіленген күйінде қолданады. Оның емдік қасиеті ертеден белгілі. Халықтық медицинада ол гайморит, бронхит, тыныс алу жолдары ауруларына қарсы ем ретінде қолданылады. Бұл қандай көкөніс?
(Пияз)
4. Қай қаланың аты саннан, адамның бір мүшесінің атынан және астың дәмін кіргізетін заттың атымен аталады?
(Екібастұз)
5. Кесе - кесе мұқалды,
Жони - жони жұқарды.
(Пышақ)
6. Мыжғылаймын - жаны жоқ.
Кескілеймін - қаны жоқ.
(Қамыр)
7. Дүниеде бір жәндік бар үйретілген.
Мойнында жібек арқан сүйретілген.
Қолға алсаң көп жұмысты сол бітірген.
(Ине)

- ІІІ кезеңіміз – «сұрақ - жауап» кезеңі. Сайыскер қыздарымызға ұлттық құндылықтарға байланысты сұрақтар қойылады. Ендеше, бірінші сұраққа назар аударайық:
1. Қазақ қыздарының бас киімдерін атап беріңіз? (тақия, бөрік, сәукеле)
2. Қой терісінен тігілген ер адамның сыртқы киімі? (тон)
3. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атап беріңіз? (домбыра, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қобыз, асатаяқ т. б.)
4. Бөрік тігуге қандай аңның терілері қолданылған? (кәмшат, құндыз, жанат, т. б.)
5. Егде жастағы қазақ әйелдерінің бас киімі қалай аталады? (кимешек)
6. Кереге мен шаңырақты ұстап тұратын киіз үйдің бөлігі? (уық)
7. Наурыз көжеге қосылатын 7 тағамды атаңыз? (су, ет, тұз, май, ұн, дақыл, сүт. т. б.)

- ІV кезең - сөзжұмбақ шешу кезеңі. Сөзжұмбақ тақырыбы - «Керемет».
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Киіз төсеніш (текемет)
2. Киіз үйдің қабырғасы? (кереге)
3. Ет, сүйек, балықты суда пісіру кезінде алынатын сұйықтық? (сорпа)
4. Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
5. Қыздардың сәндеп өрілген шашы? (бұрым)
6. Сәндік үшін тағылатын әшекей бұйым? (білезік)
7. Матаның түрі? (шыт)

- Келесі V кезең – «Шеңбердегі жетілік» (Математикалық ойын). Бұл кезеңде шеңбер бойындағы сандарды тергенде шебердің 7 құралының аты шығады.
Жауабы:
1. Ине
2. Қайшы
3. Оймақ
4. Мата
5. Жіп
6. Іс машина
7. Алмас

- VI кезең - «Сен білесің бе?». Қазақ халқының қолөнері деп – халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Қазақ халқының көне сөздері көп жерлерде қолданылмай ұмыт қалып келеді. Біздің мақсатымыз көне сөздіктерді ұмытпай қайта жаңғырту.
1. Қыз бала шашы ұзын болсын деп не береді? (желке)
2. Ер бала жеке үй, отау болып шыққанда берілетін дүние - мүлік, мал қалай, не деп аталады? (енші)
3. 7 түрлі тағамнан тұратын шығыс халықтарының дәстүрлі тағамы? (наурызкөже)
4. Үлкен, күрделі іске көмек, жәрдем беру үшін жиналу қалй аалады? (асар не үме)
5. Жылқы терісінен жасалған қымыз құюға арналған ыдыс қалай аталады? (саба)
6. Киіз үйдің ағаш есігі қалай аталады? (сықырлауық)
7. Ұзатылған қызға берілетін төсек - орын, дүние - мүлік қалай аталады?

- VII кезең - ақырғы «Бәйге» кезеңі немесе 7қалпақ. Бұл кезеңде қиылған қағаз бөлшектерінен әртүрлі мағынада, ол мақал болуы мүмкін немесе әртүрлі қолөнерге байланысты анықтамалар құрастырылады.
1. Қазақтың ою - өрнек түрлері төрт топқа жатқызылады: жануартектес, ғарыштық, геометриялық, өсімдіктектес.
2. Бірінші байлық - денсаулық
Екінші байлық - он саулық
Үшінші байлық - ақ жаулық.
3. Ас тасыса қатығы төгілер,
Ашу тасыса ақылы төгілер.
4. Дастарханында наны жоқтың тамағының сәні жоқ.
5. Қайыс - жүні сылынып алынып, иленген ірі қара малдың терісі.
6. Сақтиян - бояу арқылы өңделген өте жақсы былғары
7. Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.

- Осымен сайысымыз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазы алқаларына берейік.
(Әділқазылар ұпай сандарын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаз «Керемет көзайым» номинациясымен марапатталады.)

- Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,- деп осы сайысқа қатысып отырған оқушыларға көптен - көп рахмет айтамын!
- Ендігі сөз кезегін бірлестік төрайымы Үсенова А. С. береміз.
- Осымен «Керемет жетілік» ойын кешіне ат салысып, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен - көп рахмет. Қош - сау болыңыздар!
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • Сакен Майғазиев пен Асет Есжан - Жыламасын сәбилер

    Сакен Майғазиев пен Асет Есжанның - Жыламасын сәбилер атты өте әсерлі ән мен бейнебаяны
  • Нұржан Керменбаев - Қара бала

    Нұржан Керменбаев - Қара бала жаңа ән
  • Бәйшешек тағдыр жайлы

    Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен, Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен. Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан, Өр - қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?!
  • Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны

    Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны, Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары. Қандай мұңды – қар жауған құтты күні Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.
  • Ана туралы өлеңдер

    Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
  • Біздің көктем

    Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №16

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №15

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 112
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 110
Роботтар: 3
ССултанов Бахтияр Олжабаева Шынар Айдарбековна
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика