Бисерден бұйым жасау технологиясы

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, Келді-Мурат ауылы
Благодарное орта мектебі технология пәнінің мұғалімі
Камен Абилхайдарқызы Курманова

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау;
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық мақсаты:өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірмелі - иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: биология - гүлдердің түрлері, құрылысы, ; математика; бейнелеу өнері - композиция құру, түстерді таңдау; тарих - бисердің пайда болу тарихы.
Сабақтың көрнекілігі:моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сызбалар, кітаптар, журналдар, плакат.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, қайшы, бисер салатын ыдыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
4. Жаңа тақырыппен таныстыру, сумоншақпен (бисерлермен) гүл тоқу.

Бисердің шығу тарихы:Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Жаңа сөздер:
Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.
Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.
Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)
Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру

Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға, түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың кең тарлаған техникасы - параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.

Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
«Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар: себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.

Сабақты бекіту:
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Бисер дегеніміз не?
2. моншақ дегеніміз не?
3. Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар?
4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? т. б.

Қорытынды
Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма беру.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Тилеукабылова Куаныш Тилеукабыловна

    Қарағанды облысы, Ақтоғой ауданы, Қарағой бастауыш мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Тилеукабылова Куаныш Тилеукабыловна
  • Көрікті көктем аруы сайысы

    Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
  • “The sea was so rough” 7th grade

    «Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі мұғалімі Бегенова Маржан
  • “Having fun” 7th grade

    «Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі мұғалімі Бегенова Маржан
  • Сөз таптарына саяхат

    Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даргужина Сандуғаш Биязбайқызы
  • Біржан сал Қожағұлұлы

    Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даргужина Сандуғаш Биязбайқызы
  • Тізбектелген сабақтар топтамасы жайлы есеп

    Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 30 орта мектептің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат Сабырқызы
  • Баланың сөйлеу тілін дамытуда ертегінің маңызы

    Уақытылы дұрыс, таза сөйлеуді меңгеру - толыққанды тұлға ретінде қалыптасуда маңызды мәнге ие. Тілдік қабілеті жақсы дамыған адам қоғамдық қатынасқа жеңіл енеді, ол өзінің ойларын, көкейдегі ...
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Жазғы демалысыңызды қайда өткізесіз?
Шетелде
Қазақстанда
Үйде
Құрылыс жасаймын
Демалмаймын
Сайтта кім бар
Барлығы: 103
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 103
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика