Білімділер поралы

Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығы технология пәні мұғалімі
Якыпова Бахыт Кокановна

Тақырыбы: Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыға өзі таңдап алған үй мәдениетімен тұрмыста қолданылатын бұйым түрін әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы өңдеп, түрлендіруге болатындығын көрсету;
б) дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін, қабілеттерін, ұлттық өнер сәндігін дамыту;
в) тәрбиелік мәні: жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: сызбалар, арнайы бұйым түрлері, нұсқау картасы т. б.
Сабақтың жабдықтанылуы: мата, қайшы, қатырма материал, ине, жіп, бор, бұйымның үлгісі, ою үлгілері.
Оқыту әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, сарамандық.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Жұмыс дайындығын қадағалау;
б) Керекті құрал саймандарды дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Баскиімнің қандай түрлерін білесіңдер?
ә) Сәукелені қандай жағдайда киеді және ол кімге арналған?
б) Қыздар тақиясын қалай тігеді?
в) Жапсырма киімнің қай тұсына орналасуы керек?
г) Бөрікті қандай материалдан тігеді?
д) Кимешек кімдерге арнап тігіледі?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сонау жазу - сызу болмаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Бір кезде осы ою - таңбалар келе - келе киізге, матаға, текемет, сырмақтарға түсірілді. Ата - бабаларымыз ғасырлар бойындағы дәстүрлері бойынша жиған қазақ халқы өз талғамына сай күнбе - күнгі тұрмысқа қажет бұйымдарды өндіруді өрістеткен.
Қазақтың қолөнерінде неше түрлі әдемі өрнектер бар. Қандай өрнек болмасын адам баласы өзін қоршаған дүниеден алған ежелден мәлім, сондықтан жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынандай топтарға топтауға болады.
Жалпы ою - өрнектің 4 тобы бар: геометриялық(төрт бұрыш, үш бұрыш, ромб, т. б.), космогениялық (дөңгелек, төрт құлақ, шимай, шұғыла, бетпес, шет, т. б.) өсімдік тектес(жапырақ, шиыршық гүл, ағаш, т. б.) зооморфтық (жан - жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлерінің нұсқалары). Қазақ ою - өрнектерінің өте жиі қолданылатын 200 - ден астам түрі бар, ал ғалымдарының айтуы бойынша жалпы 500 - ден асады, себебі, бұл әлі де қазақ қолөнерінің зерттеліп бітпегендігін көрсетеді.
Бүгінгі сабақта бұйымды ұлттың өрнектерімен өңдеу әдістерін үйренеміз. Жұмысты бастамас бұрын естерінде болатын нәрсе сақтық пен тазалық жайы. Тігіс тіккенде оймақ қолдану керек. Қырқу, кесуге алмас қолдануға болмайды.
Оқушылар қайшыға, инеге қатысты қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек?
1. Қайшы өткір болуы шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.
3. Қайшымен ұзатарды құлағын жоғары қаратып, ұшын өзіңе қаратып бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.
5. Инені ұзатарда ұшын өзіңе қаратып, кісіге жіппен сабақтап бер.
6. Инемен тіккенде аузыңа салушы болма.
7. Сынға инені тастама, оны зақымдайтын жерге таста.
Сонымен оюланған төр көрпенің көздің жауын алатын ою - өрнектердің орындалу технологиясын қарастырайық.
Жапсырма матаның үстіне келесі жапсырма матаны қою арқылы жасалады. Алдымен жапсырма ретінде қолданылатын матаны арнайы жұқа матамен желімдеп қояды. Содан кейін суретті немесе бейнені бормен немесе басқа белгілеу құралмен түсіреді. Бұдан соң ою - өрнекті кесіп бөліп алады. Өрнектің шеттерін кесте тігістерімен тігу керек.
Егер біз жапсырманы одан да бедерлі еткіміз келсе, оны үстінен бастыра кестелеп шығудың қиындығы жоқ. Оның шет - шеті тағы да алтын немесе күміс паршаның жіңішке таспасымен әдіптеледі.
Әшекейлерді түсіре білу - үлкен өнер. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның өзіндік ерекшеліктері, талабы бар. Кез келген матаға жылтырағын жапсырма жапсырсаңыз, оның әрі ашылып шыға келеді. Алдымен қандай және оның қандай тұстарына жапсырма жасауды білу керек. Жапсырманы ретсіз, сансыз, көп қолдана беруге болмайды, себебі ол бұйымның әрін кіргізудің орнына оны қашырып жібереді.

Бірінші керекті құрал - жабдықтармен қатар мата түрлерін таңдап аламыз. Оюланған төр көрпеге бір түсті велюр матасы таңдалады. Мата 45х45см етіп 6 - ты дана қиылады. Басқа түсті матадан ою үлгілерін дайындаймыз. Дайын үлгілер желімдеу тәсілі арқылы матаға жапсырылады. Жапсырылған оюлардың шеттерін әшекейлеу тігісі арқылы әсемдеуге болады. Әшекейлеу жұмыстарының бірнеше түрі бар. Оны әркім өзінше орындауына болады. Мысалы: безендіру түрлерінің ішінде көп қолданылатыны - біз кесте. Себебі, бұл тәсілмен түскен әшекей бүртіктері өзіне бірден назар аудартады. Біз кесте түсірудің бірнеше түрі бар: біріншісі, өрнек бойымен тік тігістер жүргізу. Оны бүкіл өрнек бойына бірнеше қатар етіп жүргізіледі. Екіншісі өрнектің іші гүл, күлте, жапырақ және басқа суреттер түрінде толтырылып, үш қатар нәзік желілермен шектеледі. Үшіншісі, біз кесте оған дейінгі жапсырманы әдіптеп тұрады. Төртіншісі, бастыра кестеленген өрнекті шетінен әдіптейді. Бау – әшекей заттардың бірі. Ол небір өрнектердің нақышын келтіре алады. Олар қолдануына қарай түрлі - түсті, жуандықтары да әртүрлі болып келеді. Баумен өрнектеу техникасы: матаны кергішке керіп, өрнекті белгілейміз, сосын өрнектің кескінін қуалап бауды тігіп шығамыз.
Оюланған төр көрпені жасағанда желіммен жапсырмалау әдісін қолданамыз. Полиэтиленді жапсырма астына төсеп, матамен бірге өрнек бойынша кеседі. Сосын қыздыру тәсілімен матаға жапсырылады.

I V Қорытынды
Мұғалімнің сөзі:
«Ою - өрнек, құрақ құрау қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын.
Ата - анаға мерейлі болсын,
Ағайын - туысқа пейілді болсын.
Өнер - білімге зейінді болсын.
Он саусағынан өнер тамған
Оюшы болсын деп, - бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

V Бағалау:
VI Үйге тапсырма:
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 149
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 148
Роботтар: 3
anara95
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика