Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сайыс сабақ - Жас технолог

16 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Технология
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Жас технолог (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушылардың білімін жан-жақты ойлау қабілеті мен технология пәні бойынша алған білімдерін ұштастыру. Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділігі:Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Дамытушылығы: оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сайыс өтілу барысында ұйымдастыру бөлімі.
Керекті құралдар:нақыл сөздер, плакат, көрнекіліктер.

Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі 9 а, ә, б.в сыныбында өткелі отырған «Жас технолог» атты қыздар сайысына хош келдіңіздер!
Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашын өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға жайылады.
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап аламыз:
1.-------------------------------
2.-------------------------------
Сайыс 7 бөлімнен тұрады.
1. «Таныстыру»
2. «Қол өнер»
3. «Сұрақ жауап»
4. «Мақал – мәтел жалғасын табу»
5. «Шаш үлгісін көрсету»
6. «Кім жылдам»
7. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады

І сайыс бөлім – «Таныстыру»
Бұл бөлімде оқушылар топ атымен, эмблемамен, ұранымен таныстырады.

ІІ бөлім «Қол өнер» сайысы
Бұл бөлімде оқушылар өздерінің жасаған заттарымен таныстырып, жасалу жолдарын түсіндіреді.
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жиғандай өнер бағын.
“Ана көрген тон пішер” деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын

ІІІ бөлім «Сұрақ - жауап» сайысы.
1-жұп сұрақтары: 1.Торта дегеніміз не? (Қаймақ, сарымай тұнбасы)
2. Жүн мен жібек маталарды қандай талшықтардан дайындайды. (Жасанда, табиғи, химиялық)
3. Жіп катушкасынан келген жіпті ұстап тұрады. (Бұрандалық, тартқыш тығырық)

2- жұп сұрақтары:
1.Тамақ әзірлегенде киімге дақ түспес үшін қандай киім киіледі? (Алжапқыш. Халат. Арнаулы орамал)
2. Матаның ауа өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы, ылғал мен шаң өткізгіштігі қандай қасиеті? (Гигиеналық, физикалық-механикалық, технологиялық)
3. Реттеуіштің бөлшектерін ұстату үшін қажет? (Ұстатқыш шеге, тарту серіппесі)

3-жұп сұрақтары:
1.Шалап дегеніміз не? (Ашытқан қымызға су қосу арқылы дайындалады, айранға су қосу арқылы дайындалады. Сүтке су қосу арқылы дайындалады).
2. Негізгі жіп екі арқау жіпті басып, бір жіпті өткізе отырып тоқылатын қандай айқаспа? (Кездеме, саржалық, сәтендік)
3. Тартқыш тығырықтарды бір-біріне қысып тұрады? (Қалпақ, тарту серіппесі)

4-жұп сұрақтары:
1. Қор дегеніміз не? (Ашыған айран. Ашыған қамыр)
2. Матаның отыру, тез сетінегіштігі, тігістерде жіптің ыдырауы қандай қасиеті? (Технологиялық, гигиеналық, физикалық - механикалық)
3. Ине мен шөлмекке өткізілетін артық жіпті тартып тұрады. (Жіп тартқыш серіппе, ұстатқыш шеге)

5- жұп сұрақтары:
6. Емдік қасиеті бар қандай сүт? (Қымыз, шұбат, айран)
2. Өте жіңішке нәзік жіп, оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады? (Табиғи жүн, табиғи жібек, табиғи мақта)

1.Тігін машинасының неше түрі бар? (3)
2.Сүттен дайындалатын тағам түрі?(айран, қатық, кілегей т.б)
3.Мақта неше жылдық өсімдік?(1)
4.Қалталы аң?(коала)
5. Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?(Леонарда до Винчи)
6. Көкөністерден жасалған тағам?(салат)
7.Қамырдан ас дайындау үшін не қажет? (ұн)
8.Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
9. Зығыр неше жылдық өсімдік? (бір жылдық өсімдік)
10. Зығырдың неше түрі бар? (үш түрі бар)
11. Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады? (суретіне, жылтырлығына, тегістігіне қарай)
12.Шайдың отаны қай ел? (қытай)
13. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (мәсі, етік т.б)
14. Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді? (қасық)
15. Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
16.Үшкір және өткір заттарды басқа біреуге берген кезде қалай беру керек? (ұш жағын өзіңе қаратып беру керек.)
17.Шебер көп жерде (өнер) көп.
18. Матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдап алу қасиеті қандай қасиет? (ылғал өткізгіштік)
19.Қол тігісінің түрлерін атаңыз.
20.Мата неден тұрады? (талшықтан)
21. Биылғы жыл қандай жыл? (қоян)
22.Матадағы негізгі жіп пен арқау жіп қалай орналасады?
23.Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (үтіктеу)
24.Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Күйіп қалмау үшін)
25. Еңбек қылсаң ерінбей (тояды қарның тіленбей)
26.Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдар ы қажет? (мата, кергіш, ине, жіп, қайшы.)
27. Ас үй құрал –жабдықтарын атаңыз. (қасық, пышақ, шанышқы, тақтай, т.б.)
28. Саусаққа киетін құрал? (оймақ)
29. Егде жастағы әйелдің бас киімі? (кимешек)
30.Қой терісінен тігілген ер адамдардың сырт киімі? (тон)

ІV бөлім «Мақал мәтел жалғасын табу» деп аталады.
1. Еңбек қылмай тапқан мал .... ....... (дәулет болмас)
2. Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл ...... .... (артық білуге)
3. Еңбек түбі мереке, көптің түбі ...... (береке)
4. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ..... .... (ер көгерер)
5. Ақылды қыз білімге жүгірер
Ақылсыз қыз ...... ........... (сөзге ілігер)
6........... басынан шіриді.(балық)
7. Өнер алды қызыл .....(тіл)

V бөлім «Шаш үлгісін көрсету»
Әр топ мүшелері шаштарын өріп, сол шашты қалай өрім жасағаны жөнінде айтып береді, қыздарға 6-7 минут беріледі.
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жиғандай өнер бағын.
“Ана көрген тон пішер” деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын

VI.“Кім жылдам деп аталады - бұл бөлімге екі қыз қатысады, біреуі картоп қабығын тазартып жарысады. Картоп тазалауға кем дегенде 3 минут беріледі, барлық қыздарға берілетін картоп формасы бірдей болуы керек. Екінші аруымыз күрішті шиінен тазартады, күріш тазалауға 2 минут беріледі.

VII.“Ою ойғанның ойы ұшқыр” деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша түс киіз бетін ою – өрнекпен әшекейлеу қажет. Әр топқа қағаз беріледі. Сол қағаздың бетіне түрлі-түсті қағаздан ою-өрнек ойып, түс үйлесіміне қарай жарасымды етіп орналастыруларыңыз қажет.

VIII. Сән үлгісін көрсету.
Оқушылар өздерінің қиялынан матадан немесе басқа да заттардан киім тігіп көрсетеді.
Қорытындылау.
Осымен бүгінгі «жас технолог» атты арулар сайысы аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысы
«Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысы
Мақсаты: Қыздардың бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға
Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға
Астана қаласы №76мектеп - лицейінің Технология пәнінің мұғалімі Нургалиева Баян Тулеуовна
Жас технолог
Жас технолог
Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу. Оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Білгір технолог
Білгір технолог
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің технология пән мұғалімі Құмарова Қорлан Даулетқалиқызы
Қыз еркем, кестесімен көркем
Қыз еркем, кестесімен көркем
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп - лицейдің технология пәні мұғалімі Ербасова Асылзат Бегімбайқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×