Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы

06 сәуір 2017, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Құрақтың тарихына тоқталу, үлгісін даярлау, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру.
Дамытушылығы: оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, құрақтың түрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, үнемділікке, тазалыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: дайын құрақ түрлері, құрақ түрлеріне буклет.
Үлгілер, шаблондар, (үшбұрышты, төрт бұрышты т. б.) плакаттар
Құрал – жабдықтар: мата, ине, жіп, қайшы, желім, түрлі – түсті қағаз, қатты қағаз, түйреуіш, оймақ, қарындаш, сызғыш т. б.
Сабақ түрі: аралас - сарамандық және теориялық.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.
Пәнаралық байланыс: сызу, биология, тарих, геометрия, бейнелеу өнер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жинақтау, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша сұрақ – жауап.
• Жұмыс орнын ұйымдастыру
• Техника қауіпсіздік ережесі ине, түйреуішпен жұмыс істеу кезінде
• Техника қауіпсіздік ережесі кесетін құралдармен жұмыс
• Желіммен жұмыс істеу кезінде
Жаңа сабақ түсіндіру жоспары:
Қолөнердің бір түрі - құрақ құрау, біздің қазақ халқының қолөнерінің басты шикізатының бірі мата. Халық шеберлері матаның қасиетіне зер сала отырып, өз қажеттеріне жарата білген, ал қалған мата қиындыларынан құрақты сәндеп құрай білген.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1 - ден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату
2 - ден, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелік мәні зор
Құрақтың түрлерін көрсету.(слайд)
ХІХ – ғасырдың аяғы ХХ – ғасырдың басында құрақ өнері кең өріс алып, құрақ көрпеше, дәстүрлі төсеніш, тұрмысымызға көрік беретін сәнді бұйым безендіретін жиһаздарының бірі болып келді.
Қазірде ұлттық салт – дәстүріміз жалғасын табуда, яғни әр үйден құрақтан жасалған бұйымды кездестіруге болады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында көрпеге, қоржынға әдемілеп құрақ құрап ою - өрнектер түсірген. Көбінесе аққу құрағын. Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана тән емес әлемнің басқа ұлт халықтарында құрақ өнері кең дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданып жүр. Мысалы:
Орыс халқы: «Ласкутная техника»
Европа халқы: «Печворк»
Жапон халқы: «Сашико»

Құрақ түрлері: құрақтың ерекшелігі сол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төрт бұрыш) үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ адамды үнемділікке үйретеді. Шеберлер өте ұқыптылықпен, нәзік талғаммен, әдемі көз тартарлықтай етіп құрауға бар өнерін салған.

Сарамандық жұмыс: «Талаппен бастап, Талғаммен аяқта!»

Керекті құрал – жабдықтар: қайшы, түрлі - түсті қағаз, кардон, желім, карандаш, сызғыш т. б.
Құрақтың даярлау үлгісін (слайдпен көрсету). Техника қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.

Сабақты бекіту: дәптермен жұмыс, кесте толтыру.
Қорытынды: тест сұрақтары.
Бағалау: салыстырмалы түрде бағалау

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы,
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Технология пәні мұғалімі
Койшыбаева Мейргуль Тилеубековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қоңырат кенті, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі технология пәні мұғалімі: Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Мақсаты: 1. Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №62орта мектебінің технология пәні мұғалімі Бекмамбетова Гульмира Мақсұтқызы
Құрақты тігіп дайындау және қолдану
Құрақты тігіп дайындау және қолдану
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы №2 орта мектептің технология пәні мұғалімі Тұрғаналиева Жеңіскүл
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Құрақ құрау әдісі
Құрақ құрау әдісі
Астана қаласы № 35 мектеп-лицейінің мұғалімі Айтжамал Пшенбаевна Ибраева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×