Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киізден моншақ жасау технологиясы

07 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Технология
Киізден моншақ жасау технологиясы
Мақсаты:
1. Киізден жасалған бұйымдарды таныстыру
2. Киізден бұйым жасау технологиясын меңгере отырып, іздемпаздық, ойлау қабілетін тереңдету арқылы ой – өрісін дамыту.
3. Ұлттық қолөнерді қастерлеуге, бұйымға сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: киізден жасалған бұйымдар, моншақ түрлері, сырға, білезік үлгілері, буклет, фото, сурет т. б.
Құрал жабдықтар: әр – түсті жүн, сабын, жүн инесі, суға арналған тостаған, кленка, жіп.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс:

І. Ұйымдастыру кезеңі
жинақтау, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырып бойынша сұрақ – жауап.
1. жұмыс орнын ұйымдастыру
2. техникалық қауіпсіздік ережесі
Карточка арқылы сұрақ – жауап

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру жоспар
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылар бұрын білген. Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал болғандақтан, сол малдың етін, сүтін, жүнін қажеттіліктеріне жұмсайды. Халық шеберлері жүннің қасетіне зер сала отырып өз қажеттеріне жарата білген. Жүнен бау - шу, арқан – жіп, киім – кешек, қазақ үйдің киізін, әр – түрлі төсеніштер, түс киіз, сәндік бұйымдар, моншақ, сырға, білезік, бюжитерия сыйға тартатын сувенир тағы да басқа көптеген бұйымдар жасаған. Қазіргі кезде жүнді ұлттық тұрмыста кеңінен қолданады.

Қойдың жүнін пайдалана отырып моншақ жасау технологиясы:
Жүннің қалдықтарын моншақ жасап іске асыру, кәдеге жарату.
1. Жылы су, балалар сабыны, жүн, кленка, қайшы құрал жабдықтарын дайындап аламыз.
2. Жүннің шағын бөлігін тығыздап ораймыз.
3. Сосын оның бәрін сабынды суға шылаймыз

4. Одан кейін жүнді домалақтауға тырысамыз.

5. Жүннің түйіршегін сабындалған алақанымызға саламыз да, көлемін ұлғайту үшін екінші қолымызбен жүн қоса отырып, екі алақанымыздың арасында илеп, жұмырлап уқалауды жалғастыра береміз. Шар шыққанша 10 минуттай уқалаймыз.

6. Дайын болған моншақтардан, домалақтардан түрлі - түсті моншақ дайындаймыз. Бұл үшін мықты жіп, ине керек. Рет - ретімен тіземіз.

7. Егер моншақтардың ұзындығы жеткілікті болса жіптің ұштарын мықтылап байлап қою керек. Моншағымыз дайын.

Сарамандық жұмыс: «Үйренгенін өзіңе құт, істегенің еліңе құт»
Техника қауіпсіздік ережесін жұмыс істеу кезінде қатаң сақтау керек екенін ескерту.
Керекті құрал жабдықтар: сабын, сым немесе жіп, кленка, тостақ т. б. Жүннің қалдықтарынан домалақтау арқылы моншақ жасау.

Сабақты бекіту: Сұрақ - жауап арқылы
1. Өздеріңе жүннен жасаған моншақтарын ұнады ма?
2. Ұнаса, несімен ұнады?
3. Жіберілген кемшіліктерін бар ма?
4. Жүннен тағы қандай бұйымдар жасауға болады, деген сұрақтармен оқушылардың көз - қарастарын айтқызу арқылы, ойларын түсінікті жеткізе білуге, ортада қысылмай сөйлеуге дағдыландыру.

Қорытынды: дәптерге кестені толтыру.
Бағалау: Әр оқушының өздерінің жасаған жұмыстарына талдау жасатып, бір - бірін бағалау.
Үйге тапсырма: «Ине, жіп, қайшы, кленка әкелу».

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Технология пәні мұғалімі
Койшыбаева Мейргуль Тилеубековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 048
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу техникасы мен технологиясынан алғашқы мағлұматтарын беру, ою - өрнектің құдіретін, әрі оюдың мағынасын аша отырып, біз кестемен кестелеудің техникасын меңгеру.
Еңбек пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарлары
Еңбек пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарлары
Еңбек пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары
Киізден аяқ киім жасау технологиясы
Киізден аяқ киім жасау технологиясы
Киізден жасалған бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Технологиядан сабақ топтамасы
Технологиядан сабақ топтамасы
Атырау қаласы, пос. Жұмыскер Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Моншақтан Алқа бұйымын жасау
Моншақтан Алқа бұйымын жасау
Ақтөбе облысы, Қандыағаш, №4 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Төлекова Лаура Мукатаевна
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×