Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Құлыпқа арналған құлақша дайындау

Сабақтың тақырыбы: Құлыпқа арналған құлақша дайындау.
Сабақтың мақсаты: Қаңылтырдан әртүрлі бұйымдарды жасау әдістерін үйрету.
Білімділік: Оқушыларға қаңылтырды кесу, егеу, бұрғылау әдістері арқылы бұйымдар жасау тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой - қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, кез - келген ісін аяқтауға үйрету.
Көрнекілігі: Қаңылтыр түрлері, сызғыш, қайшы, т. б.
Көрнекі құрал - жабдықтар: бұрғылау білдегі, әртүрлі диаметрлі қаңылтырлар, қайшы, балға.
Сабақтың әдісі: сарамандық, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.
Өткен сабақты сұрақ - жауап арқылы еске түсіру.
Темірдің жиектерін қандай құралдармен өңдейміз? (Егеулер)
Металдар нешеге бөлінеді? (Екіге)
Қара металға қандай металдар жатады? (Шойын, болат)
Түсті металдарға қандай металдар жатады? (Мыс, алтын, күміс, алюминий, жез)

Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Қара металл
а) жез ә) шойын б) қорғасын в) алюминий
2. Түсті металл
а) болат ә) темір б) мыс в) шойын
3. Араны қайрайтын егеу
а) төрт қырылы егеу ә) үш қырлы егеу б) жұмыр егеу в) жалпақ егеу
4. Металды қандай құралмен шабады?
а) шапқы ә) балта б) ара в) қашау
5. Ток өткізбейтін материал
а) мыс ә) болат б) темір в) резеңке

Ой қозғау. Жұмбақ шешу.
1) Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманды отап кетті. ( Балта)

2) Басы жоқ, екі бетті,
Жүзі тісі бар.
Қақ бөлер бөренені
Өз күші бар. (Ара)

ІІ. Жаңа сабақ:
Бірінші керек материалдарды таңдап алу.
Металл түрлері:
а) жез
ә) темір
б) алюминий
в) қалайы
Екінші
а) Қаңылтырды қию әдістері
ә) Қайшымен қию технологиясы
Үшінші: Өлшенген қаңылтыр бетіне құлыпқа арналған құлақша салу жолдары:
а) Құлыпқа арналған құлақшаны бұрғылау білдегінде тесу жолдары

Сарамандық жұмыс:
Қаңылтырмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.
- Қаңылтырмен жұмыс істегенде міндетті түрде қолғап ки.
- Қаңылтырдың шетін қиғанда үрлемей арнаулы сыпырғышпен сыпыр.
- Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағымен сипама.
- Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма.
- Темір қайшымен жұмыс істегенде қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
Қаңылтырдан құлыпқа арналған құлақша жасау технологиясын дұрыс меңгеріп жұмыстану.
Әр оқушының жанына жеке - жеке тоқтап іс жүзінде жұмыстың орындалу ретіне көмек көрсету
Дайын бұйымдарды қабылдау

Сергіту сәті. Мақал – мәтелдердің қалып кеткен сөзін тауып екі тілде айту.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз............. үй болмас. (Ағаш, дерево)
Жігітке жеті.......... де аз,
Жетпіс........ көп емес. (Өнер, искусство)
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің........... алтын. (Сөзі, слово)
Мал жұтаса да........ жұтамас. (Өнер, искусство)
Жеті рет өлше...... рет кес. (Бір, один)

Сабақты бекіту: Тірек сызбасын пайдаланып дұрыс жауабын тап

1 Металды қию құралы ------------Шойын
2 Металды түзету құралы ----------Қайшы
3 Металды қандай құралмен теседі --------Болат
4 Қандай металл морт сынады --------Бұрғы
5 Құралдар қандай металдан жасалады ----------Балға

Қорытынды:
Әр оқушының жасаған бұйымын қабылдап, баға беріп, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
Қаңылтырдан жасаған бұйым үйде өздеріне керек екенін түсіндіру.
Үйге тапсырма: 79 – бет.
Қаңылтыр және металл түрлерінің қасиеттерін оқып келу.§15
Бағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау.

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы
Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі
Балмуханов Нурболат Қобланович
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 502
Қолданушылар: 6
Қонақтар: 496
Роботтар: 4
Gulaiym togzan Серікбай Самал medetgulzhan 19жадыра82
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика