Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көйлек сызбасын жасау

19 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда қаласы
№197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі:
Әлжанова Роза Зейнуллақызы

Көйлек сызбасын жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, логикалық, фантазиялық қабілеттерін дамыту, техникалық мәлімет беру;
Дамытушылық: эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық, ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білім беруге бағытталған дамыта оқыту әдісі.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, математика, информатика.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдасты ру кезеңі: сыныптың сабаққа дайындығын байқап, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Киімді сәндеу - жаңа сән коллекциясын шығарудағы шығармашылық процесс.
Сәннің түрі: техникалық.
Техникалық инженер-конструктор, сәнді эскиз, сурет, фото, сызба
Көркемдік қолдану орны, сәннің бағыты, фурнитура, көркемдік әшекейлер, мата түрі.

Конструкция құрастыру.
Бұйымды конструкциялау дегеніміз - киімнің сырт пішіні мен құрылысын анықтайтын процесс. Киімнің конструктивтік сызбанұсқасы: өлшем алу және киімнің денеде емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететін қосымшадан тұрады. Өлшемдікті іздеу - өнердің де, талғамның да міндеті.
Көйлек - иық бұйымдарына жатады. Ол X ғасырда Римде пайда болған. Көйлек латын сөзінен аударғанда «кию» деген мағынаны береді. Көйлекке үлгі таңдаған кезде, мынадай жайларды ескеру керек:
- көйлек қай бағытқа арналып тігіледі (күнделікті жұмысқа, мерекелік кешке, демалысқа), қандай маусымға арналады (көктем, жаз, күз, қыс), дене мүсіні, жас ерекшелігіне. Көйлектің белгілі бір үлгісінің сызбасын сызу үшін негізінен кеуде шеңбері басты рөл атқарады.

НЕГІЗГІ БӨЛШЕКТЕР:
Жағалар, жеңдер, алдыңғы бой, артқы бой. Тұлғаға келетін конструкцияны жасаған кезде, оның өлшемдері өте дәл болуы қажет. Адам денесіне киім тігу үшін өлшемдер алу кезінде сақталатын ережелер:
1. Өлшемдерді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді;
2. Белін алдын ала жіппен буып қояды;
3. Өлшем алатын адам табиғи тік тұруы керек;
4. Таспаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды;
5. Ер адамдар тұлғасы тік бұрышты силуэты, ал әйел адамдар үшбұрышты силуэтты.
6. Ұзындық өлшемдері толық, ен өлшемдері жартылай жазылады.

IV. Қорытынды.
• Көйлек дегеніміз не?
• Көйлек түрлерін атаңдар?
• Көйлек қай ғасырда пайда болған?
• Көйлектің отаны қай ел?
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру
25 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Математика пәні оқытушысы Амантайқызы Айгерім
Тригонометрияның негізгі формулалар
Тригонометрияның негізгі формулалар
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Математика пәні оқытушысы Амантайқызы Айгерім
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Иық бұйым негізі сызбасын тұрғызу (артқы бой)
Иық бұйым негізі сызбасын тұрғызу (артқы бой)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Костюм туралы түсінік
Костюм туралы түсінік
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Түнгі көйлек сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Түнгі көйлек сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×