Білімділер поралы

Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары

Технология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары.
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: жұқпалы аурулар туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға тамақтану мәдениеті, тамақтан улану себептері туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау. Эстетикалық білімін дамыту, тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: тазалық гигиеналық талаптарды жетік білуге және оны сақтауға үйрету..
Оқушыны топтық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері:
Оқушылар тамақтану физиологиясымен танысады, эстетикалық білім алады. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамиды. Оқушылар топтық қарым - қатынасқа үйренеді.
Әдіс - тәсілдер:
«Бірге ойланайық» әдісі,« Достық» сергіту ойыны, «Блум таксономиясы» бойынша сұрақтар әдісі. Топтық жұмыс.

І. Кіріспе: 1. Психологиялық дайындық: Оқушылармен амандасу, қал - жағдайын сұрау, көңіл - күйін көтеру.
2. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

ІІ. Тыныстырылым:
1. Оқушыларды топ ережесімен таныстыру, түсіндіру.
Ой қозғау:
« Бірге ойланайық» әдісі арқылы адам ағзасына пайдалы дәрумендерді талдау.

ІІІ. Негізгі бөлім: 1. Оқушыларға тамақтану физиологиясы туралы теориялық мағлұмат беру
Бүгінгі сабақтың мақсаты жұқпалы аурулардан сақтану әдісін меңгеру. Адамның өмір сүруін тамақтанусыз көзге елестету мүмкін емес. Тамақ қуат алу үшін, ұлпалардың түзілуі және қайтадан қалпына келуі үшін, сондай - ақ организімде физиологиялық процестердің жүруі үшін өте қажет.
Егер адам тамақтану режимін бұзса, жеке бастың гигиенасын сақтамаса, онда асқазан - ішек жолдарының қалыпты қызметі бұзылуы және адамның әр түрлі жұқпалы ауруларға шалдығуы, сондай - ақ тамақтан улануы мүмкін. Сондықтан да әр адам жеке бастың гигиенасын сақтау қажет, көрінген жерден жеміс жидектерді басқа да жейтін заттарды алмау керек. Кейде сақтау мерзімі өтіп кеткен консервілер, жылы жерде сақталған сүт, сүзбе, өте көп турып қалған жұмыртқаларды пайдаланған кезінде улану мүмкін. Ішек жұқпалы ауруы - ішек аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар лас ыдыстарды қолданған кезде, көкөністер мен жемістерді тазартып жумай жегенде сонымен қатар кір қолдан да жұғады. Шыбындарда ішек ауруларын таратушылар болып табылады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп адам организмін улайды. Қантышқақ (дизентерия), іш сүзегі, тырысқақ сияқты ішек аурулары адам өмірі үшін өте қауыпты. Сондықтан да аталған аурулардың алдын алу үшін ең алдымен жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау қажет.
Ал егер асқазан - ішек жолдарының қалыпты жұмысы бұзылған кезде, дереу дәрігерге көріну қажет.
Кәзіргі заманда өзіміздің қала көшелерінде өте көп бәліштер, самсалар, сонымен қатар шашлық та сатылып жатады. Ол тағам қалай әзірлегенін әрине біз білмейміз.
Қарнымыз ашқанда сатып жей саламыз. Соның өзі бір қателік, өйткені көшеде сатылатын тағамдар санитарлық талаптарын кейде сақтамайды, соның кесірінен адамдар тамақтан уланып жатады. Тамақ арқылы келесі микробтар адам организміне түседі. Ол сальмонеллаза, қаздың және үйректің жұмыртқаларында кездеседі. Сонымен қатар ет өнімдерінде, пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар сапасыз салаттарды пайдаланған кезде адам сальмонеллаза ауруына шалдығуы мүмкін. Осы ауруларға шалдықпау үшін санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, әсіресе аспаздық өнімдерді қажетті нормада ыстық өндеуден міндетті түрде өткізген дұрыс.
Ал стафилококкпен уланудан сақтану үшін сүтті қайнату, жұмыртқаның сапасын мұқият тексеру керек, сондай - ақ еріген балмұздақты қайтадан қатырып пайдаланбаған жөн. Тұрып қалған балықтарда және дұрыс стерилизацияланбаған консервілерде ботулинус микробтары тез көбейеді. Ол микроб адамның жүйке жүйесіне зақым келтіреді.

2. Тапсырма арқылы топтық жұмыс жасайды.
1-топ: Тамақтан улану себептері.
2-топ: Дәрумендердің пайдасы.
3. «Екі жұлдыз - бір тілек»
4. Сергіту сәті: «Достық» ойыны

Технология пәні мұғалімі: Жанисова Жазира Султанбековна

Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 439
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 437
Роботтар: 2
Zhansaya aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика