Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи материалдардан бұйымдар жасау

03 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Технология
7 сынып
Саб ақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан бұйымдар жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғи материалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, іскерлік, шеберлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғамдарын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, көрнекілік, практикалық.
Сабақ көрнекілігі: дайын бұйымдар көрмесі бұйымдар, суреттер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырамасы
Сұрақ – жауап
- Үй гүлдерін қалай күту керек?
- Адамға қандай пайдасын тигізеді?
- Сіздің үйде гүлдер бар ма?
- Сіз оларды қалай күтесіз?
- Үй гүлдерінің аттын білесіз бе?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Табаиғат - адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Адам жаратылысынан бері табиғатта кездесетін нәрселердің бәрін ағаш, тас, құм, шөптер бәрін керегіне жарата білген.
Адам өз жерінің қожасы. Сондықтан жердегі өсіп тұрған заттарды өз керегіне жарата отырып, одан әр түрлі бұйымдар жасаған. Табиғаттан керегіңді ала білу барда, оны қайтару, яғни табиғатты аялай білу, сақтай білуді ел ұмытпаған.

Табиғи материалдар:
а) Табиғаттағы жалпақ материалдар: жапырақ, гүл, ағаштың, пияздың, әр түрлі жемістердің қабықтары, сабан, ши.
ә) Көлемді табиғи материалдар: жүгерінің сабағы, емен жаңғағы, шырша бүршігі, жаңғақтың қабығы, түрлі жемістердің дәндері мен қабығы.
б) Жануартекті заттар: сүйек, тері бөлшектері, мүйіз, тұяқ, құстардың қауырсыны, жұмыртқаның қабығы, жүн.
в) Өлі табиғат материалдары: топырақ түрлері, құм, түсті, майда тастар
Бүгінгі сабақта табиғи материалдардан панно жасаймыз. Бұл бұйымға қажетті материалдармен танысайық:

IV. Сарамандық жұмыс:
Табиғатта өсіп тұрған нәрселерді қоғамда пайдалы еңбек ретінде көрсету үшін, біз олардан әр түрлі бұйымдар, жасамалар, сыйлықтар жасауға үйренуіміз керек. Бүгінгі сабағымызда қарбыздың, қауынның, асқабақтың дәндерінен панно жасап үйренеміз. Ол үшін өзіміз білетін пенопласты аламыз, оған алдын - ала дайындаған суреттің эскизін түсереміз. Оған жапсырылатын табиғи материалымызды желіммен жапсыру әдісімен жұмысымызды орындаймыз.

V. Бекіту:
- Бүгінгі сабақтан қандай нәрсе үйрендіңдер?
- Табиғи материалдардың басқа материалдардан айырмашылығы неде?
- Табиғи материалдарды бір - біріне бекіту үшін не қолданамыз?
- Қандай әсер алдық?

VІ. Қортынды:
Табиғи материалдармен бұйымдар жасағанда оқушылардың эстетикалық талғамын, кеңестіктегі түрлі құбылыстарға деген көзқарастарын дамытып, табиғи материалдардың түрлі ерекшеліктерін
Білдіру көзделуі керек. Олардың үлкендігі, пішіні, түсі, қаттылығы, өңделуге болатындығы. Оқушылар осы ерекшелікті түсініп, өзі жасайтын бұйымдарына түрлі табиғи материалды тиімді қолданып үйрену қажет. Жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді.

VІІ. Үйге тапсырма:
Үйдегі қолда бардағы табиғи бұйымдардан бұйым жасау.
VІІІ. Бағалау
17 567
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарлары
Еңбек пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарлары
Еңбек пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары
Жапырақтардан аппликация дайындауды меңгерту
Жапырақтардан аппликация дайындауды меңгерту
Оқушылардың табиғи материалдар – ағаш, ағаштың жапырақтарының маңызы жөніндегі білімдерін кеңейту. Бұйымды талдау. Жұмыс жоспарын құру.
Киізден моншақ жасау технологиясы
Киізден моншақ жасау технологиясы
Киізден бұйым жасау технологиясын меңгере отырып, іздемпаздық, ойлау қабілетін тереңдету арқылы ой – өрісін дамыту. Ұлттық қолөнерді қастерлеуге, бұйымға сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар
Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Базарова Рая Кәкіқызы
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру
Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Нуржанова Атлас Камбаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×