Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлшем алу. Иық бұйымының пішімін дайындау үшін конструкциясын есептеуге қажетті формулалар

14 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Технология (қыз)
7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өлшем алу. Иық бұйымының пішімін дайындау үшін конструкциясын есептеуге қажетті формулалар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Түнгі көйлек туралы түсінік беру; ә) Киімнің пайда болуы қолданылуы мен қоғамдағы рөлі туралы дұрыс түсінік қалыптасуы
ә) Дамытушылық: Өлшем алу біліктерін жетілдіру сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету.
б) Тәрбиелілік: Зейінділікке, жұмыс атқару кезінде жауапкершілікке, мұқияттылыққа, дәлдікке,
сенімділікке, жұмыс мәдениетіне тәрбиелеу

Көрнекілік: Түнгі көйлек. Сызбасы
Кестелер: Өлшем алудағы реттілік
Құрал - жабдықтар: Кестелер сантиметрлік өлшем, қарындаш, сызғыш, шаблон.
Сарамандық жұмыс: Өлшем алу. Пәнаралық байланыс. Сызу, математика, тарих.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Қандай қазақтың ұлттық киімдерін білесіңдер?
Камзол қандай маталардан тігіледі?

Жаңа сабақ
Түнгі жейде орта ғасыр дәуірінде пайда болады, оған дейін адамдар төсекте жалаңаш немесе күндіз киіп жүрген киіммен ұйықтайтын болған. Алғашқы түнгі жейделердің көлемі күндіз киетін көйлектің көлеміндей өте үлкен болатын, ал бұл екі көйлекті де тек бай адамдар ғана кие алатын.
Түнгі жейде тек ХІХ ғасырда ғана, ал кейбір елдерде оданда кешірек күнделікті қолданысқа енген. Тек 1925 жылдан кейін ғана әйелдердің көйлегі қазіргі заманғы түрге енеді. Бұл көйлектер батис пен жібектен тігілетін болған. Пішімі де адемілене түседі.
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған қойылатын басты талап - таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және ауаны еркін жіберуі керек. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл - қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.

2. Бұйымға қойылатын негізгі талаптар.
1) гигиеналық - ішкі киім киюге қонымды, жеңіл кең, ыңғайлы және бөліктерде кішкене болса да әшекей болуы қажет.
2) Эксплуатациялық - киімді мерзіміне қарай бір уақытты белгілеу.
3) Эстетикалық - әшекейленуі және үлгісі жағынан ішкі киім әдемі болуы керек.

3. Өлшем алу.
Пішімнің сызбасын жасау үшін өлщемді дұрыс ала білу керек. Бұл үшін сантиметрлік лента, қарындаш бел өлшемін алатын жіп және тоқыма болу керек.
Мүсінінің өлшемі алып жатқан иесі еңкемей, денесін тік ұстап тұруы керек. Өлшем лентаны қатты да тартылмай боста ұсталмай алынады.
Мжо - мойынның жартылай орамы.
Кжо. ІІ - кеуденің жартылай орамы.
Бұл өлшем бұйымның енін анықтау үшін қолданылады.
Бжо - белдің жартылай орамы.
Ио - иық орамы.
Өлшем қолтық деңгейіндегі иықтық осіне, иықтан шынтаққа дейінгі бөлігіне перпендикуляр жасалады. Бұл өлшемнің көмегімен жеңнің кеңдігі анықталады.
Арбұ - бұйымның ұзындығы.
Бұ - бұйымның ұзындығы

4. Сызбаны сызу.
Оймақтай ой.
1) Сөйлемді жалғастырыңдар: Иықтық киім тобына мыналар жатады: көйлеꬬ¬¬¬¬¬¬¬,
2) Адам мүшесін өлшеген жағдайда келесі мәндер пайда болады.
Бұл өлшемдерді жазып алыңдар.
Бжо=60
Арбұ=76
Бұ=80
3) Бжо өлшемі қалай алынады, оның тағайындауы.

Сарамандық жұмыс:
1) Сызба торының ұзындығы мен ені қандай өлшемдерге байланысты болады?
2) Эскизден тізбеде берілген линияларды тауып, оларды нөмірлеңдер.
1. Мойын сызыгы
2. Жеңнің төменгі жағы сызығы
3. Иық сызығы
4. Бүйір қиығы сызығы
5. Бұйымның төменгі жағы сызығы
6. Бұйымның ортаңғы жағы сызығы
3) Өлшемдер мен конструктивтік линияларға атау беру.

Сабақты қорытындылау:
1) Қандай өлшемдер жартылай көлемде жазылады?
2) Қандай өлшемдер толықтай жазылады?
3) Әрбір өлшемге атау беріңдер.

Бағалау: Жаңа тақырып бойынша оқушылардың жасаған жұмыстарын қарап кемшіліктерін түзету арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: Өз өлшемдері бойынша сызба сызып келу
Өлшем алу. Иық бұйымының пішімін дайындау үшін конструкциясын есептеуге қажетті формулалар жүктеу
4 010
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түнгі көйлектің сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Түнгі көйлектің сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Қызылорда қаласы, Жаңақорған ауданы №169 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Қонысова Ақбота Дәрібекқызы
Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу
Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжі тігін технологиясы пәні мұғалімі Саркеева Ғазиза
Өлшемді анықтау, пішімдерді пайдалану
Өлшемді анықтау, пішімдерді пайдалану
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Көйлек сызбасын жасау
Көйлек сызбасын жасау
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Түнгі көйлек сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Түнгі көйлек сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Оқушыларға таңдаған киімдеріне өлшем алу, оны үлгі бойынша матаға қию, көктеу тігістерін жүргізу жұмыстарын орындау технологиясын көрсету. Сарамандық жұмыстың тақырыбы: Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Сарамандық жұмыстық мақсаты: Оқушыларға таңдаған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×