Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер-тоқым-ұлттық жәдігер

31 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Ер-тоқым-ұлттық жәдігер.
Кең даланы мекендеген халқымыз жылқы малын мінсең көлік, жесең азық, ішсең сусын,- деп бекер айтпаса керек. Ат-ер қанаты дейді. Ұлттық ойынымызда да атпен көрсетілетін түрлері көп. Олай болса күнде атқа мініп жүрмесе де, ер-тоқымның қадір-қасиетін жас ұрпақ білуі тиіс. Ендеше ер туралы әңгіме қозғайық. Атам қазақ азаматтың жеті қазынасы болады дейді:
1. Жүйрік ат
2. Берен мылтық
3. Құмай тазы
4. Өтірік пышақ
5. Алмас қылыш
6. Қажымас қайрат
7. Ақылды әйел
Осы жеті түрлі қимасы бар ер жігіт-тұғырдан тайғанша жасық болып жасымайды, досына да, жауына да әділетті, мерейлі болары даусыз. Ел басына күн туса жанын берерге әзір. Ат құлағында ойнаған азаматтың жүйрік атының ер – тоқымы осал болмасы анық. Халқымыз жылқы малын қадірлеген. Атты ер қанатына теңеген. Ер азамат атын баптап ұстайды. Күмістелген ер-тоқым атқа жайлы болуы керек. Жылқының қасиеті сол иесінің көңіл күйін сезіп, түсініп отырады. Сынға түсер, көкпарда ат иесінің ыңғайына бағыны, тартыста екілене желпініп кетеді. Аламан бәйгеде қанаттана, есіле жүйткиді. Қиқулаған адамдардың дауысынан жігер ала көсіле, бауырын жаза шабады. Жекпе-жекте қамшыласқанда, шоқпарласқанда, найзаласқанда батырға ыңғай береді, күш-қуат, дем бере көмектеседі. Міне жігерлі жігіттің аты қасиетті болатындығы сондықтан. Ежелден бәйге аттың етін жемейді. Бас сүйегін қастерлеп биікке іліп қою дәстүрі бар. Халқымыз төрт түлік малды бабаларға теңеген.

Түйе-Ойсылқара, жылқы-Қамбар ата, сиыр-Зеңгі баба, қой-Шопан ата. Ұрпағын қаршадайынан ашамайға отырғызып, атқа үйреткен. Енді әңгіме атқа жайлы ер-тоқым жайында болмақ.
Әкем Қонанов Дүйсенбай атбегі болған адам еді. Замандасы Шұбартаулық Мағауия ақсақалмен аралас-құралас болған. 1950-60 жылдары Семейде өтетін ат жарыстарына бәйге аттарын жарысқа қосатын. Әкемнің шеберлігі де бар еді. Домбыра жасап, ер қосатын. Мен бес жасқа келіп, сүндет тойға арнап мұсылмандыққа сый әзірледі. Ол сый маған арнайы ер-тұрман еді. Жылқыға міну үшін жақсы ер-тұрман қажет. Бұрынғылар жуан өскен ағаштың тамырынан ер шауып қосатын. Ер-тоқымды жасайтын адамды ерші дейді. Ерді қосады. Ер төрт бөліктен тұрады.
• Алдыңғы жағын ердің қасы деп аталады.
• екі жағын қаптал дейді.
• отыратын жерін, негізін арқалық деп атайды.

Тоқымын құрым киізден пішіп, астарлап тігеді. Айыл мен үзеңгіні күміспен әшекейлейді. Жүген мен құйысқан да қайыстан жақсы тілініп күміспен көмкеріледі. Қамшысы мен тұсамысы бір бөлек дүние. Жігіттің ат әбзелдері ерекше бір шебердің өнер туындысы болып есептеледі. Халқымыз жеткіншек бозбалаға әдейі арнап жасатса, бойжеткен қыз баласына бір бөлек жасалады. Қазіргі кездегі автомашиналардың маркасы іспетті, бейтаныс жолаушыны аттан түскенде-ақ киген киімінен, мінген атына қарап танитын. Жомарт қазақ адамды қабағынан байқағыш қой. Жолаушы үйдің босағасына қамшысын ілсе, асығыс екендігі, сусын ішіп жөн сұрасып жүріп кететіндігін білген. Қамшысын төрге тастаса, алыстан шаршап келеді, қона жатуға ыңғай танытқаны. Қасиетті халықтың жолаушыны қас-қабағынан байқап бірін-бірі ұғып, ыммен танығаны осы емес пе? Киім киісінен де қай рудан екенін тани білген. Тіпті аттың жамбасына күйдіріп басқан таңбасы мен ат әбзелдерінің өзінде де айырмашылық болады. Әр шебердің өз қолтаңбасы болады. Оңтүстіктің ерінің қасы биік, шошақ болып келеді. Сарыарқа ерінің басы дөңгеленіп келеді, биік болмайды. Батыс өңірінікі жалпақ кең, ұзақ отырғанда жайлы болып келеді.

• Ер-Қанжыға-қоржын
• Тоқым-Пыстан
• Желдік-Кежім
• Терлік-Қамшы
• Тебінгі-Шылбыр
• Тарлауық-Ноқта
• Айыл-төс айыл, шап айыл-Құйысқан
• Үзеңгі-Жүген
• Үзеңгі бау-Тізгін
• Өмілдірік-Тұсамыч-шідер
• Кісен кілтімен, үш аяққа өре-Ат көрпе
• Көпшік-Таға

Заман басқа, заң басқа демекші, жиырма бірінші ғасыр компьютер ғасыры болып тұр ғой. Техника мен технологияның ғарыштап өсу кезеңі. Ақпараттың жариялығы көзді ашып-жұмғанша. Жаһандану заманы басталды. Жас ұрпақтың тәрбиесіне ата-ананың ақыл-ойы аздық етеді. Ұлттық құндылықтың қадір-қасиетінің кезі келді. Ғасырлар бойы елін, жерін, дінін қадірлеген ұлтымыздың өз қолы өз аузына жетті. Басқа ұлтқа жалтақтамай өзімізді қадірлеп, қастерлейтін уақыт туды. Жас ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеуді түркі халқының терең тамырынан іздейміз. Жігерлі жас көк бөрінің ұрпағы екенін сезінсін. Көне шеберлердің қолөнерінің қадір-қасиетін алдыңғы қатарлы технология ығыстырып жаңа кезеңге шығарып отыр. Ыбырай Алтынсарин айтқандай «мал істейтін жұмысты, от пен суға түсіді». Қазіргі уақытта қаладан қалаға, ауылдан ауылға атпен бару өткен ғасырдың «модасы». Жеңіл автокөлік тұрғанда қолайсыз болып көрінеді. Көше арасында да атпен жүрген ыңғайсыз. Халықтың тұрмысы жақсарды, әр үйде бір немесе бірнеше машина бар. Заман жаңаша ізденуді қажет етіп отыр. Ескі дәстүр тарих қойнауына кетті. Азаматтың азаматтығын сынайтын:«Қыз қуу»,«Жамбы ату»,«Көкпар тарту»,«Аударыспақ»жаңаша өзгерді.

Жас ұрпақты жақсы тәрбиелеу өз қолымызда. Ол үшін өзіміз көп біліп, көп зерттеуміз керек. Біздің кемшілігіміз жеткіншектің кемістігі. Білгенімізді дұрыс үйрету бізге ересектерге жауапты іс болмақ. Тарихымызды зерттеп, өткенге көз жүгіртіп адамзаттың тұрмысына жаңаша көзқараспен қарайтын кез келді. Қай ата-ана баласын жаман болсын дейді. Балаларымыз қайырымсыз болып бара жатқан жоқ па? Жан-жануарларға аяушылықпен қарау әлсіреп барады. Жаһандану заманы дала аңдарын ғана емес, үй жануарларын да жат қылып барады. Аң, құстарды қадірлеу, аяу, жақсы көру жас баланың санасында қалыптасу керек. Жақсы мен жаманды, аң мен адамды ажырата сүйе білу баланың ақылының молдығын көрсетеді. Тәрбие саласында жүрген соң, айтпағым -«ұлымызды ерлікке, қызымызды сәндікке тәрбиелейік»дегім келеді.
32 219
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген қасиеттерін қолдануға үйрету;
Жеті қазына
Жеті қазына
Балаларға жеті санының киелі екенін, сурет бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша анық мәнерлі сөйлеуге үйрету. Достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жылқы
Жылқы
“№122 жалпы орта мектебі” Бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауле
Жылқы - малдың патшасы
Жылқы - малдың патшасы
Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы "Алға мектеп-бақшасы"ММ 4 сынып оқушысы Миратұлы Темірлан
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×