Тамақтану мәдениеті мен тамақ әзірлеу

Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті мен тамақ әзірлеу
технологиясы.

Сабақтың мақсаты: II тарау бойынша білімдерін жинақтау және жүйелеу.

Білімділік: тамақ әзірлеу және қамыр түрлерінен өнімдер даярлау технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: қиялдай білуге, елестете білуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, өзін - өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету.
Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету, қарым - қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өтілген материалды жалпы қайталау және жүйелендіру сабағы.
Пәнаралық байланыс: биология, химия, әдебиет.

Сабақ өтудің әдістемелік ерекшеліктері:
- сабақ ойын түрінде өтеді, топ арасындағы жарыс.
- бұл сабақ осы тараудың соңғы тақырыбы болып табылады.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаны қолдану, слайдтар көрсету.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың сабаққа қатысымын қарау.
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Бүгін біз «Тамақтану мәдениеті мен тамақ әзірлеу технологиясы» тарауы бойынша соңғы сабақ өткіземіз. Өз туған күндеріңді естеріңе алыңдаршы, үй іші жарқырап, дәмді күлшелердің иісі аңқып және осы иістен жайлы сезім туып, көңілденесіңдер. Әрине, күлшелер мен бәліштерді дүкеннен де сатып алуға болады. Бірақ осы дәмді тағамдарды әзірлеп үйрену соншалықты қиын емес. Сондай - ақ сендер менің ойымша, көп нәрсені жасай аласыңдар және білесіңдер.
Бүгін біз бұған көз жеткізуге тырысамыз. Ал біз мұны білу үшін сабағымызды топтар арасындағы жарыс түрінде өткіземіз.

II Жарыс - ойын
1. Таныстыру.
2. Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
3. Үй тапсырмасы.
4. Біліммен шықтық жарысқа.
5. Ойлан тап.
6. Мақал - мәтелдер сайысы.
7. Капитандар сайысы.
8. Қорытынды.

Ойын ережесі.
Ойын топтар арасында жарыс түрінде өтеді, сайыс тапсырмалары балмен бағаланады. Жеңген топ жинаған бал саны бойынша анықталады.
Бағалау критерилері: дұрыс және толық орындау шешімнің өзіндік ерекшелігі тапсырманы берілген уақытта орындау.
Мадақтау ұпайлары: қосымша жауап (3 ұпай)
уақыттан бұрын айтылған жауап (2 ұпай)
айыпты болған жағдайда шегерілетін ұпайлар:
дәптер қолдану (2 ұпай)
мұғалімнің көмегі (2 ұпай)
қате талдау жасау (2 ұпай)
Мынадай кесте тақтаға ілінеді:
Топтар. Байқау. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
I Витаминдер
II Крахмал
1 Таныстыру
Әр топ басшысы топ мүшелерімен таныстырады.
2 Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ішек жұқпалы аурулары қалай жұғады? (Қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған, тазартылмаған жеміс - жидектер жегенде т. б)
2. Бұл аталған аурудың алдын алу қалай жүзеге асырылады?(Жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау керек)
3. Сальмонеллаза ауруына адам қалай шалдығады?(Пісірілмеген сүтті, етті, сапасыз жасалған салаттарды т. б пайдаланған кезде)
4. Ботулинус микробы қайда тез көбейеді?(Тұрып қалған балықтарда, дұрыс стерилизацияланбаған консервілерде)
5 Ет құрамындағы майдың мөлшері? ( 2%- 37%)
6. Ет құрамында қандай витаминдар болады? (А, Д, РР, В)
7. Балық құрамында қандай минералдық заттар бар?( фосфор, натрий кальций, калий)
8. Балықтың қандай түрінен икра алынады?(бекіре)
9. Қойдың ұшасы қалай бөлінеді?(қойдың басы, жамбас, ортан жілік,
асықты жілік, жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, төс, белдеме, сүбе, қабырға, бұғана, беломыртқа, құйымшақ, мойын.
10. Төсті кімге тартады? (Күйеу бала)
11. Шала фабрикат дегеніміз не? (Өндірістік және жеке тұтынуға жарамды, дайын бұйым қалпына келтіру үшін әлі де бір немесе бірнеше өңдеуден өтуге тиісті өнімді айтады)
12. Шала фабрикатарды дайындау үшін қандай тәсілдер қолданылады? (турау, жаншу, аунату, дәмдендіру, шала тұздықтау)

3. Үй тапсырмасы
Әр топ дайындаған тамақ өнімдерін таныстырып, жасалу технологиясын түсіндіреді.
4. Біліммен шықтық жарысқа.
Ойынның шарты: 1 Ойынға екі топ қатысады.
2 Ойынды бастаудың бірінші кезегі жеребе бойынша шешіледі, одан соң топ жауап бергісі келетін
сұрақты атайды. Ары қарай қай топ капитаны қолын бірінші көтерсе, сол топ ойынды жалғастырады.
3 Дұрыс жауап бергенде топтың есебіне сұрақтың бағасы ұпай болып қосылады, ал қате жауап бергенде, сұрақтың бағасы есептелінбейді.

Жұмбақтар: 10 20 30 40 50
Аспаздық әліппесі: 10 20 30 40 50
Ұлттық тамақ: 10 20 30 40 50
Тамақ және ауру: 10 20 30 40 50

«Жұмбақтар» тақырыбының сұрақтары

10 Қыр басында әрқилы
Сары теңіз толқиды. (Бидай)
20 Қар емес, қатты
Мұз емес, тәтті (Қант)

30 Айналада ақ отау
Ауызы, мұрны жоқ отау (Жұмыртқа)
40 Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
50 Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)

«Аспаздық әліппесі» тақырыбының сұрақтары.
10 Шала фабрикаттарды дайындау үшін қандай тәсілдер қолданылады?
(турау, жаншу, аунату, дәмдендіру, шала тұздықтау)
20 Жас аспаз қайнап жатқан ет сорпасының үстіне үстемелеп су құйды, ол дұрыс істеді ме? (Жоқ)
30 Картопты қайнату уақыты шамамен қанша? (20 - 30минут)
40 Етті қайнатуда тұзды қашан салады? (Қайнағаннан кейін 15 минуттан соң)
50 Көп май құйып қуыру не деп аталады? (Фритюр)

«Ұлттық тамақ» тақырыбының сұрақтары.
10 Ең дәмді спагетти қай елде дайындалады? (Италияда)
20 Палау қай елде дәмді дайындалады? (Өзбекстанда)
30 Халқымыздың қонаққа беретін дәстүрлі тағамы. (Ет асу)
40 Суши қай елдің тағамы? (Күн батыс елдерінің)
50 Шипалы, емдік қасиеті жоғары ұлттық сусын қалай аталады.( Қымыз)

«Тамақ және ауру» тақырыбының сұрақтары.
10 Жеміс - жидек пен көкөністі міндетті түрде қандай сумен жуу қажет.(Қайнаған сумен)
20 Ағзада қандай элемент жетіспесе қан аздық (анемия) пайда болады?(Темір)
30 Кез келген уақытта тамақ ішу асқазан қышқылын көбейтіп, қандай ауруға әкелуі мүмкін.(Асқазан жарасы ауруына)
40 Көшеде тамақ пісіріп сатып тұрған сатушыдан не себепті тамақ алып жеуге болмайды? (Санитарлық талап сақталмауы мүмкін, тамақтан улану, ішек инфекциясына ұшырау қаупі жоғары болғандықтан)
50 Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен тіс ауруы –тіс жегісі пайда болады?(Фтор)

5. «Ойлан тап»
1. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты, тағамдық құндылығы дәндік сапасына байланысты. Қамырды әзірлеу алдында жылы орынға қойса, пісіргенде қамыр жақсы көтеріледі. Оны електен өткізеді. Құрғақ орында сақтайды.(Ұн)
2. Ақ түстес, иіссіз әрі дәмсіз ұнтақ өнім. Картоптан, жүгеріден, күріштен және бидайдан жасалады. Суық суда ерімейді, ыстық суда желімге айналады. Құрғақ жерде және жағымсыз иісі бар өнімдерінен аулақ сақтаған жөн.(Крахмал)
3. Өнімдердің ішіндегі ең қолайлы азық - түлік. Пісірілген бұйымдардың калориясын арттырады және олардың үгілуін күшейтеді.(Май)
4. Ағының көбіктенетін қасиеті бар, жақсы көтеріледі, бірнеше есе ұлғайып кетеді. Әр түрлі қамырды жұмсарту және кремдерді әзірлеу үшін пайдаланылады. Сарысы әр түрлі қамырды илеуге және пісірілетін бұйымдардың сыртына жағуға жұмсалады.(Жұмыртқа)
5. Кристалды, ақ түстес, иісі жоқ, дәмі тәтті өнім. Тағамның құндылығын
арттырады, оған тиісті дәм мен ылғалдылық береді.(Құмшекер)
6. Жоғары тағамдық сапасы, татымдық дәмі және хош иісі жағынан ерекшеленеді.(Бал)
7. Таза, тазартылған және құрғақ күйінде (повидло, джем, тосап) тәтті тағам ретінде пайдаланылады. Пюре әзірлейді, кондитер бұйымдарды әшекейлейді.(Жеміс-жидектер)
8 Бағалы әрі тәтті өнім, 40 - 70% май мен белок бар. Кондитер бұйымдарына дәм мен хош иіс береді.(Жаңғақ)
9 Ақ түстес химиялық қопсытқыш, суда тез ериді, қамырды жұмсартады, қопсытады.(Ас содасы)
10 Өте күшті жағымды иісі бар, ақ түстес кристал ұнтақ, қамырға өте аз мөлшерде әрі ерітінді немесе қатты қант күйінде қосады.(Ванилин)

6. «Мақал - мәтелдер»
1 Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
2 Ашта жеген құйқаны, тоқта ұмытпа.
3 Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды.
4 Құр аяққа, бата жүрмес.
5 Ас - адамның арқауы.
6 Ас иесімен тәтті, тамағымен жақсы.
7 Ет дегенде – бет бар ма.
8 Ет етке, сорпа бетке.
9 Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.
10 Қазаныңа не салсаң, шөмішіңе сол ілінер.
11 Ас біреудікі болғанымен, асқазан өзіңдікі.
12 Арықтың сорпасында дәм болмайды,
Ақылсыздың сөзінде мән болмайды.
13 Жиен ел болмас, желке ас болмас.
14 Нан - тамақтың атасы,
Ынтымақ - көптің батасы.
15 Піскен астың күйігі жаман,
Пасықтың көңілінің биігі жаман.
16 Қонақ берсең етіңді жейді,
Бермесең бетіңді жейді.

7. «Капитандар сайысы»
«Мені түсін» деп аталады.
Тұз, оқтау, торт, банан, пышақ, елек, ожауды іс қимылмен көрсету арқылы түсіндіреді.

8. Қорытынды.
Ұпай сандары есептеліп, жеңген топ анықталды. Бүгінгі сабақта сендер тамақ пісіру технологиясын жақсы меңгергендеріңді дәлелдедіңдер. Әр топ мүшелеріне «К Ө М Е К Ш І» деген атақ берілді.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.


Kazulagat@mail.ru поштасына резюме салыңыздар. Байланыс тел.: 268-32-48.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырғанын қалайсыз?
Үздік ашық сабақ
Үздік презентация
Үздік тәрбие сағаты
Үздік видеосабақ
Үздік ғылыми жұмыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 393
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 390
Роботтар: 2
bikow Жолдахмет Берік aia
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика