Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Он саусақ

11 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Он саусақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының он саусақпен яғни қолөнерімен жасалатын бұйымдарына, он саусақпен жасалатын қазақтың ұлттық ою - өрнек зергерлік бұйым, киім - кешек, тамақ олардың қыр - сырлары туралы жалпы сипаттама беру.
Тәрбиелік: Зергерлік бұйымдар мен қолөнер бұйымдарының ұлтымыздың тарихындағы алатын орны жайлы түсінік беру, ұлттық өнерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Халық арасында қолмен жасалған шеберлердің бұйымдары мен суреттерінің көрмесімен тарихи жәдігерлерімен, қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, зергерлік, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер көрмесі.

Сабақтың барысы:
1. Кіріспе. Он саусақпен жасалған зергерлік бұйымдар мен ұлттық қолөнер тарихы және ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер жайлы түсінік беру.
2. Оқушылардың ізденісі.
Он саусақпен істелетін бұйымдар мен заттардың тарихын білу.
3. Қорытынды.
Ата бабамыз сонау ерте заманнан өзінің еңбегінің арқасында тіршілік етіп, жер жыртып, егін егіп, мал бағып, екі қолымен еңбек етіп, күн көрген. Екі қол он саусақтың арқасында атадан балаға еңбек жолы жалғасып отырған.

1. Мысалы: Бірінші. Нан қалай келеді? жерді соқамен жыртып, ол жерге дән сеуіп, суарып, оны піскеннен кейін орып, ол дәнді қырманға жинап

2. айдап, дәнді суарып, оны келіге түйіп, диірменге тартып, ұн шығарып, одан қамыр илеп, ашытып нан пісіріп, содан соң бары ол адамның аузына түседі. Соның бәрін адам өз еңбегінің арқасында, екі қолы, он саусақпен іске асырады. Дайын ұн, дайын нан алдымызға келіп тұр. Он саусақтың арқасында дүниең түгел, тамағың тоқ, киімің көк өмір сүресің.

Енді қолөнерді алайық. Ата - бабамыз көне заманнан қолөнер бұйымдары зергерлік бұйымдар жасаумен айналысқан. Бұл халыққа көп тараған, сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып сән салтанат үшін әшекейлі жиhаз, қыз келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару жарақ, сауыт - сайман, ер - тұрман, зерлеу өнері болған. Шебер түрлі материалды пайдаланып өз қол күшімен көп еңбек етіп сәнді бұйымдар жасаған.

Қазақ зергерлері он саусақпен қазақ қыздарына арналған сырға, білезік, жүзік сақина, шолпы, бойтұмар, алқа, қаптырма, батырлардың қару - жарақтарын, үй - іші мүліктерін, музыка аспаптарын әдемі жасаған.

Қорытып айтқанда қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата - бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, өздері сері, өздері сұлу болғанын көрсетеді.
1. Әркімге керек қол өнер
Он саусаққа он өнер
Түгел болар дүниең
Біліп алсаң оны егер.
2. Кесте тіге алмайтын
Болмаушы еді қыз бұрын
Жасауын өзі қамдайтын
Төсек жапқыш жүк жапқыш
Ең қымбат заттан оны кем
Кім бар екен көретін
3. Түбіт түтіп шүйкелеп,
Саусаққа әже іледі
Сұрамайды бір көмек
Бәрін өзі біледі
4. Біреуі жүн жаймалап

Біреуі су себеді
Енді бірі шиге орап
Жабылып бәрі тебеді.
Жүн тұтасса бірігіп,
Қайта жазып алады
Ширықсын деп кірігіп,
Білекке енді салады.
Ыстық су құйып үстіне
Шықты киіз пісті де
Сыннан өтіп сан қилы
5. әжем киім тіккенде

Тастамапты қиықты
Әр алуан қиық түскенде
Дорбаға салып жиыпты
Енді тамаққа келетін болсақ. Қамыр илеу, нан пісіру, сиыр сауып, аран пісу, түрлі тағамдар мен салаттар мен сусындар бәрі бәрі он саусақсыз бітпейді.
Қорытынды.
Қорыта келе айтқанда кетпен шауып, жер жыртудан бастап айтылған барлық тіршіліктің бәрі екі қол, он саусақсыз бітпейтінін жаңа туған сәбиден еңкейген кәріге дейін тіршілік тоқтатқанша екі қол, он саусақпен өмір сүретінімізді ұмытпайық.

Қ. И. Сәтбаев атындағы №216 орта
мектебінің технология пәні мұғалімі
Медеубаева Ормангүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары орындау.
Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары орындау.
Баяндама. Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары орындау.
Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері
Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру. Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау.
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×