Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ши тоқу

12 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Ши тоқу
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлттық қол өнердің бір түрі ши тоқуды үйрету
2. Ши өнерінің түрімен таныса отырып көркемдікке талғампаздыққа баулып ой-өрісін дамыту
3. Ісмерлікпен ептілікке және шеберлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірме, дамыта оқыту. Денелей көрсету
Керекті көрнекіліктер: Тартып алған жаңа ши.
Кептіріліп дайындалған аршылған ши, тоқитын қондырғы ағаш, ораулы шилер
Салмақ жас. арқау жіп, ұршық.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ашық сабақтың мақсатын ашу.
2. Дайындықтарын тексеру
Жаңа сабақ: Отбасында бақыттың бастауы бол,
Жас жеткіншек тілейді бастауды мол,
Оза шабар өрнекті өнері бар
Үлгі тұтар қазағым мақтаулы ел.- демекші сан саналы өнеріміз көп. Соның ішінен аналарымызбен қыздарымыздың өз қолдарынан жасалатын өнер туындыларынан мына көріп отырғандарыңызға назар аударайық. Осы орайда Қазыбек би атамыздың шешендік сөзінен еске түсірейік...
«Ана тілден арна бұлақ-асыл сөз» тарауынан байланыстырып өту. Мал өнімдері, оның пайдаланылатын түрлеріне тоқталу.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу: Табиғи құрғақ материалдан жіп немесе боялған жүн арқылы құрастырылған композиция. Ол не деп ойласыңдар?

Ши туралы кіріспе әңгіме.
Ши тоқу ерте заманнан бері халқымызың қолөнерінің бір түрі болып келеді. Қолданбалы қол өнеріміздің бірі ши тоқу өнерімен бүгінгі сабақта танысамыз. Күзгі табиғатқа жасаған топ серуенде шиді қалай жұлуды оның қалай өсетінін, неге ұқсас екендігін, қалай өсіп тұрғанын өз көздерімен көргендерін сұрап білу.

Кітаппен жұмыс: «Ақ ши» Мәтінді оқып түсіндіру.
Дайындалған Ақ шиді көрсете отырып оқушыларға түсінік беру. Қабығынан аршылып тоқылған шиді «ақ ши» дейді. Халық ақ шиді кеңінен қолданған. Әсіресе құрт, ірімшік жайғанда, тары қайнатып, оны сүзгенде, қазан-ошақ қоршағанда және т. б. күнделікті тіршілікте пайдаланған. Оларды өре, өреше, шыпта деп атайды. Олай болса ақ ши тоқып үйренеміз.

Тоқуға қажетті құрылғымен танысайық.
1. Екі аша ағаш (қада)
2. Ортасындағы бел ағаш
3. Дайындалған жіп (Арқау)
4. Тас (салмақ тас)
Шиді тоқу үшін қолданылатын қондырғы өте қарапайым жасалады. Қондырғы бір ұшында ашасы бар екі қада мен белағашынан тұрады. Белағаштың үстінен ара қашықтықтары бірдей кертіктер жасалады. Оны «дақ» дейді. Дақ жіптің санына тең болады. Ол тоқу жіптерінің біркелкі түсіп отыру үшін қажет.
Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Іске сәт. Істің басы ілгері болсын!
Екі топқа өз жұмыстарын бөліп беру.
Әр топ өз жұмыстарын орындайды.
Екі-екіден, алма-кезек қыздар құрылғыда жұмыс істейді. Жұмыс барысында сергіту сәттері мазмұнға сәйкес шешендік сөздер және шығармашылық тақырып бойынша мақал-мәтелдер, жырлар, айтыс, ән арқылы өткізіледі.

Қорытынды: Өнер туын тігелік желбіретіп
Бастау көзін ашалық мөлдіретіп.
Өнеріңді еске алып бүгінгі күн
Марқайып қайтыңыздар көңіл өсіп.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Өзіңді өзің тексер. Сөзжұмбақ
5 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Оқушылардың зат есім жөніндегі өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру. Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан – жақты шығармашылық қабілетін
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×