Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мүйіз өңдеу

09 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Технология
Мүйіз өңдеу

Мақсаты:
Оқушы тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты:
Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Ұлттық өнерге тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты.
Дүниетанымын дамыту.
Сабақ көрнекілігі:
Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, трек - сызбалар, газет - журналдар.
Сабақ жабдығы:
Тақта, бор, компьютер, интерактивті тақта, теледидар, диафильм, бейнетаспа, үнтаспа.
Сабақ түрі:
Аралас сабақ, жарыс сабақ, сайыс сабақ, семинар, конференция, дебат.
Сабақ типі:
Жаңа сабақ, білімді тексеру, қайталау, пысықтау, бекіту, білімді бағалау.
Пән аралық байланысы:
Пәнмен, өмірмен, тарихи деректермен, қоршаған ортамен байланыстыру.
Сабақ әдісі:
Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу - құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл - күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау әдістері.
Үй тапсырмасын белгілі бір әдіс - тәсілдер арқылы тексеру.
Ширату кезеңі (тест алу) т. б.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Мал мен аңның жүн терілерімен қатар олардың мүйіздері мен тұяқтары да іске жарап отырған. Халқымыздың ертеден келе жатқан қолөнер мәдениетінің үлгілері ішінде мүйізден жасалған әсем заттар асқан шеберліктің белгісіндей оқшау тұрады. Әрбір мүйіз өрнек ата - бабаларымыздың ерлік еңбектері мен ежелгі ел салтының шежіресі.

Мүйіз сүйекке қарағанда жонуға, июге, қалыпқа салуға, кесуге, тесуге, шегелеуге қолайлы. Сондықтан мүйізден түрлі ожау, құты, түйме, тарақ, түйреуіш, қобдишалар, семсер, пышақ, біз саптары, мүйіз шақша, қаламсап, жазу құралдары, тиек үзбе, шығыршық пен бұранда сияқты көптеген заттар өрнектеліп жасалады. Мүйізді оюлап басқа заттарға қиюластыру да, басқа заттарды оюлап мүйізге жапсыру да оңай. Мүйіз ұқсатушылардың құралдары да сүйек пен ағаш шеберлерінің құралдарындай. Бірақ бұларда әр түрлі мәнердегі қалыптар басым келеді.

Мүйізді ұқсатудың негізгі әдісі қыздыру, не қайнатып балқыту. Сөйтіп оны белгілі бір нұсқаға келтіреді. Балқып тұрған мүйіз шебердің өзі қажет еткенінше июіне, қалыпқа салуына, жонуына, кесіп өрнектеуіне де оңай. Мәселен, тарақ жасау үшін ірі қараның мүйізін ұсақ тісті пышқымен ыдыратпай отырып бөлшектеп тіледі. Одан кейін тарақтың мөлшеріндей етіп, қысқыға салып жалпақтап түзетеді. Шапқымен, пышақпен жұқартып жонып алған мүйізді екі тақтайдың арасына салып қысқыға бекітеді, содан кейін оны сол тақтаймен қоса пышқылап тістерін шығарады. Тарақтың ірі тісі мен ұсақ тісін тілетін пышқы екі түрлі болады, оның бірі қалың да екіншісі жұқа болады. Тарақтың ұсақ тістерін сындырып алмас үшін оны тақтайға қысып сол тақтаймен тұтас кесу керек. Даяр болған тарақты егеп, ыспалап, бояп әдемілейді.

Мүйізді сүйекпен, ағашпен араластыра қиюластырып оюлайды. Мүйіз алтындаған, немесе күмістеген мық шегелермен, алтын - күміс құрсаулармен білезіктеуге де икемді. Мүйізді ұқсату жұмысына сиырдың, серкенің, қошқардың, тау текенің, құлжаның мүйіздері, жылқының тұяғы, түйенің табан мүйіздері пайдаланылады. Әсіресе семіз, жас малдардың мүйіздері жақсы. Ортасын қуыстап немесе екі қабат етіп беттестіріп, өте жұқарта жонылған мүйізді ширатып гүл, жапырақ, қауырсын, қанат бейнесіне келтіріп өрнектейді.

Сондай - ақ түйенің мүйіз табанынан жасалған оқ - дәрі салғыш құты шақша да өте әдемі шығады. Оның әбден кепкендегі түрі көк ала мәрмәр сияқты жылтырап тұрады. Оны иықты торсық немесе қошқар мүйіз, айбалта іспеттес етіп қалыпқа қатырады. Қайнатып, жонып тазалап алған мүйіз табан көк мөлдір жұмсақ пластинкаға ұқсап тұрады. Осыдан кейін оны қайшымен оюлап қияды да, шет - шетін әдемі мықтармен жиі шегелеп немесе жуан тарамыспен беттестіріп тігеді. Тігіп болған соң, оның ішіне түйгіштеп құм кептеп, күнге қойып қатырады. Әбден кеуіп қатып болған соң құтының аузын жездеп не күмістеп шегелейді. Оның тығынын да әсемдеп мүйізден істейді. Осындай сәнді құтылар кіселі белдіктің салпыншақтарында жүрген.

Тұяқ пен мүйізді балқытып, кейін түзетіп алып қалыпқа салады да пышақпен тілмелей отырып тарақ, түйме және басқа ұсақ - түйек заттар жасалады. Кейде түймені балқыған мүйізден қалып шапқымен ойып алып, ішінде өрнегі бар қысқылармен қатты қысып бедерлейді де, үскімен тесіп көз шығарады. Осы сияқты әдіспен мүйізден жасалатын, мүйізден әшекейленетін заттар өте кеп. Олар мыналар: шай сауыт, шөміш, шақша, табақ, тарақ, пышақ сап, балта сап және т. б, ою - өрнек, кебеже, есік т. б.

ІҮ. Бекіту.
Оқушыны сабақ барысы кезінде дамыту, сөйлету, қалыптастыру, дағдыландыру, ойландыру, қорытынды жасауға үйрету.
Ү. Бағалау.
Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
5 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Шойын түрлері және оның қасиеттері
Шойын түрлері және оның қасиеттері
Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы Дәметкен Бекманбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×