Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жіппен бейнелеу тәсілі

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Жіппен бейнелеу тәсілі
Сабақтың тақырыбы: «Жіп дизайны туралы түсінік». Орындау ерекшеліктері (изонить)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Әр түрлі жіптер дизайнмен танысу, жіппен бейнелеу тәсілі және сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін игеру.
2. Тәрбиелік. Оқушылардың қолөнерге деген қызығуын оятып, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Эстетикалық талғамдар мен шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: практикалық.
Көрнекілігі: эскиздер, дайын бұйымдар.
Техникалық оқу құралдары: графопректор.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, олардың назарын сабаққа аудару.
II. Оқушылардың білімін тексеру. Тест карточкаларын сұрақ - жауап арқылы білімін тексеру.
III. Оқушылардың білімін бағалау.
IV. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Жіп дизайні туралы түсінік, орындау ерекшеліктері (изонить).
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жұмыстың мазмұны.
1. Теориялық түбірін ұғындыру.
2. Ине, жіп арқылы геометриялық денелерді, бұрыштарды оңай тәсілдермен толтыру, жаттығуларын орындап үйрену.
3. Сәнді көркем өнер шығармалар құрылысының жасалу тәсілінің суреті мен эскизін дайындау.
4. Бейнелерді барқыт қағазы немесе қатырма қағаз бетіне түсіру, жіппен толтыру.
Жаңа сабақ.
Жіппен бейнелеу тәсілі (изонить) – жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі. Олардың негізі тегіс жерде қол инемен және жіптерден бейнелеу жасау. Көрнектелген қағаз бетіне тікке тартылған жіптер арқылы бейнелеу.
Көріністің көркем сұлулығы әрбір инемен тескен тесіктердің берілген алыстыққа кезек - кезек тартылған және тікке кесіп өткен түрлі - түсті жіптерден пайда болады.

Жіппен суреттеу өнері алғашқыда Англияда пайда болады. Ағылшын тоқымашылары жіп қиылыстарының өзгеше тәсілін тапты. Олар тақтайға шеге қадап шартты кезекпен оған жіптерді керетін. Нәтижесінде үйге пайдаланатын әсем көрнекті бейнеленген бұйымдар пайда болды. Қазіргі таңда осы тәсіл арқылы мерекелік ашық хаттар, сәнді бұйымдар, мұқабалар сәнді өрнектеліп, әшекейленіп салынатын өрнектер, киім элементтерін безендіруге болады.
Изонить тәсілімен суреттемелер, бейнелеу тағы көптеген заттар жасауға болады. Бұл тәсіл қиын болмағанымен, жасаушы адамнан ұқыптылықты, икемділікті, шыдамдылықты талап етеді.

Егер бейне тақта үстінде жасалатын болса оған шаблон қажет болады, жұмыс суреті, парақтың ортасынан өтетін ара қашықтықтары тең тіке сызықтар. Шаблоннан басқа суреттің көшірмесі қажет. Ол үшін суреттің түп нұсқасына кальканы степлермен қыстырып, тек нүктелерін белгілеу керек. Калька нормасына кәдімгі парақты пайдаланып, көшірме қағазы арқылы нүктелерді белгілейді. Нүктелерді қағаздан қағазға жарық арқылы да түсіруге болады.
Мулине жіптерін де пайдалануға болады. Жіптерді ұзарту үшін екі тәсіл бар:
Бейненің теріс жағына жіпті түйіндеп жанасын енгізу керек.
Алдынғы жіпке дейінгі жіпті жалғап жұмысты жалғастыра беруге болады.

Дайындық жаттығулар:
1. Бұрышты толтыру:
а) қалың қағаздың теріс жағына кез - келген бұрыш сызыңыз;
ә) бұрыштың әрбір бетін 6 - ға, бәрін 12 - ге тең бөлікке бөліңіз;
б) табылған әр нүктенің шыңынан бастап рет санын қойыңыз. Бұрыш шыңын “0” деп белгілеңіз
в) инеге жіп өткізіңіз;
г) бұрышты көрсетілген сызбамен (схема) толтырыңыз;

2. Дөңгелек айнасын толтыру:
А) радиусы 50м дөңгелекті сызыңыз;
ә) сол айнаны тең 12 бөлікке бөліңіз;
б) барлық нүктелерді шұқи белгілеңіз;
в) ине жіпті өткізіңіз;
г) айналаны көрсетілген сызбамен (схема) толтырыңыз.

Ағымдағы нұсқау. Қорытынды нұсқау.
VI. Сабақты пысықтау.
VII. Сабақты қорытындылау, белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Жіп дизайн техникасында өз беттерінше бір композиция құрастырып келу.
15 892
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Жіппен бейнелеу өнері
Жіппен бейнелеу өнері
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі, еңбек пәнінің мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
ШҚО Ұлан ауданы Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Панно түрлері
Панно түрлері
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Бәтима Қаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×