Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолөнер және модельдеу

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Қолөнер және модельдеу
Сабақтың мақсаты:
1. Оқу процесінде оқушылардың белсенділік рөлін арттырып, бірлесе шешуге, ұйымшылдыққа, іскерлік, шеберлікке үйрету.
2. Қолөнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету, эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау, киімді модельдеу, киімді көркемдеп сәндеу, өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту.
3. Халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, мақал - мәтелдер арқылы жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдыру.
Сабақтың көрнектілігі: Көрме «Қол өнері – ой өнері»
Даналық сөздер:
«Өнерліге - өріс кең»
«Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас»
«Өнер көкке жеткізер»
«Өнер жұтамас байлық, таусылмас азық»
Сабақтың түрі: Сайыс, білім, ізденіс өнер сабағы.
Пән арқылы байланыс: Әдебиет, технология, музыка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Әділқазы алқасын сайлау
3. Сабақ жоспары және сайыс шарттарымен таныстыру
4. Топтармен таныстыру
1. «Өнер» тобы
Ұраны:
«Ою - өрнек сырын ұқтық жалықпай,
Көкірегіміз шежірелі сандықтай»
2. «Іскер» тобы
Ұраны:
«Ойы ұшқыр, сезімі жоғары,
Қиялы терең адам болайық»
3. «Зергер» тобы
Ұраны:
«Еркін ойлап, қолөнерді меңгердік,
Мақал айтып, жұмбақ шешіп іздендік»
4. «Асыл мұра» тобы
Ұраны:
«Ойымызды ашайық, алға қарай басайық»
Әр топ аттарына сай жасалған эмблемаларын, әділқазы алқасына көрсетеді.
Сайыс шарттары

І кезең. Сөз өнері.
Зерттеу: Тақырып бойынша әр топ өз ойларын ортаға салады.
1 топ «Өнер»
Халқымыздың қолөнерінің сыры мол, өрнегі ғажап. Әрбір оюдың ізінде, әрбір оюдың өрнегінде ұлағат сыр, тарихы мол шежіре бар. Өткен тарих шежіресін біз бүгінде «Технология» пәні арқылы біліп, заман көшіне білімімізбен ілесіп отырамыз. Шынайы өнердің адамға әсері мол. Ою - өрнектер, сырлы суреттер, қолөнері ұлттың нағыз шынайы, пәк өнері.
2 топ «Іскер»
Әр халықтың өзіне тән қолөнері болады. Қазақ халқы да өзге ұлттан асыл мұрасы, ою - өрнегі арқылы ерекшеленеді. Әрбір текемет, сырмақ түрлерінен, алқа, сырға бұйымдарынан ойы ұшқыр, сезімі жоғары, қиялы терең, талғампаздықты көреміз.
3 топ «Зергер»
«Өнерім – жақсылардың жан азығы» - деп өнердің рухани нәрін халқымыз ерекше атаған. Талай ғасырдан сүрінбей бізге жеткен асыл мұраларды берік қойма, алтын сандық ойымызда сақтауға тырысамыз. Зергерлік өнер – қолданбалы көркем шығармашылықтың ең көне түрлерінің бірі. Бұл өте нәзік те күрделі өнер.
4 топ «Асыл мұра»
Қазақ ою - өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою - өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады және тұрмыс тіршілігінде кеңінен қолданылып, ерте заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнер түрінің бірі. Егер шынайы ынтамен үйренуге, түсінуге құлшынсаңдар, өнер тереңде жатқан тамырларын, биікте тұрған шынарын алақандарына салады. Әрине, мұның өзі өздігінен келмейді. Ерінбей еңбектеген, ойы ұшқыр, қиялы қанаттылар ғана жан - жақты меңгереді.

ІІ кезең. Мақал - мәтелдер өнер, еңбек туралы және халықтық болжамдар мен тиым сөздер.
1. «Өнер» тобы: Өнер туралы мақал - мәтелдер:
1. Шебер көп жерде - өнер көп.
2. Оюды оя алмаған – ойланбаған.
3. Ойсыздан оюшы шықпайды.
4. Білмеген нәрседі сұрап алуды ар көрме,
Адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді.
2 топ «Іскер» тобы: Еңбек туралы мақал - мәтелдер:
1. Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткіз.
2. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
3. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарының тіленбей.
4. Көз қорқақ,
Қол батыр.

3. «Зергер» тобы: Тиым сөздер.
Қазақ халқының табиғатты қорғау, үлкенді сыйлау, малды аялау жайындағы үлгі - тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер болған.
1. Қарлығаштың ұясын бұзба!
2. Құс балапанына, жұмыртқасына тиме!
3. Мал көгенін аттама!
4. Бос бесікті тербетпе!
4 топ «Асыл мұра» тобы: Халықтың табиғатты болжаулары:
1. Аспанда жұлдыздар көп болса, күн жылы болады.
2. Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
3. Мысық мияулап үйден қашса, жер сілкінеді.
4. Сиыр егіз тапса, жұт болады.

ІІ кезең. Қол өнері
1. «Өнер». Киімді сәндеуде – сәннің екі түрі бар: техникалық және көркемдік сән. Көркемдік сәнмен көркемдеуші сәнгер айналысады. Техникалық сәндеу – сәнді эскиз, сурет, фото бойынша шығару. Онымен инженер – конструкторлар айналысады.
2. «Іскер». Сән - өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән белгілі бір талғамның, уақытша үстем болуы. Киім бірінші қажетті зат. Сәндеу бұл киімге қосымша әсемдік беру мақсатында қолданылады.
3. «Зергер». Киімдердің қолданылуына, оны кию мезгіліне қарай қойылатын талаптар да әр түрлі. Күнделікті киетін киімдердің матасы жуғанда тартылып, кішірейіп қалмайтын, жіптері ыдырайып кетпейтін төзімді болуы керек. Ал той - томалақ, сән - салтанатқа арналған киімдердің матасына мұндай талап қойылмайды.
4. «Асыл мұра». Киімде бірнеше классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық стильдер болады. Классикалық стиль келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Сән - әлеуметтік құбылыс. Уақыттың өтуі барысында сәндеудің кейбір түрлері қайталанып отырады.
ІІІ кезең. Әділқазыларға сөз беріледі.
ІV кезең. Бағалау.
V кезең. Үйге тапсырма.
13 352
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық
Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық
Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ою өрнек туралы мағлумат беру
Ою өрнек туралы мағлумат беру
Қазақ халқының қолөнерінің саласында кең қолданып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Ою - өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамып,
Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың
Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Қолданбалы қолөнер
Қолданбалы қолөнер
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Қыз - еркем, ісімен көркем
Қыз - еркем, ісімен көркем
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Бәтима Қаниқызы
Қыз еркем кестесімен көркем (қолөнер сайысы)
Қыз еркем кестесімен көркем (қолөнер сайысы)
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп - гимназиясының бейнелеу өнері, технология пәні мұғалімі: Айкенова Светлана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×