Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алжапқышты үлгілеу

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Тақырыбы: "Алжапқышты үлгілеу"
Сабақтың мақсаты: оқушыларды таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрету.
Білімділігі: Оқушыларға алжапқышты үлгілеуде, бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;
Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой өрісін дамыту;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар, тігінші сызғышы, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Өткенді қайталау:
1. Activote құрылғысымен жұмыс істеу.
Оқушылар арнайы бағдарламамен тест шешеді.
Өздерін бағалайды.

ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Өткен сабақта біз алжапқыштың сызбасын құрғамыз. Бүгін «Алжапқыштардың ғажайып әлемі» туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алжапқышты үлгілеу»
Бүгін барлығымыз сәнгер құрастырушы боламыз.
Сабақтың мақсаты - таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрену. Сәнгер – суретші, сәнгер - құрастырушы, тігін өндірісінің технологы, тігінші мамандықтарымен танысамыз.
Дәптерге тақырыпты жазғызу.

IV Жаңа сабақты меңгеру.
1. Оқушылармен әңгіме жүргізу
«Үлгілеу» дегеніміз не?
Бұйымды өзгертуге бола ма?
Алжапқыштың бөліктерін қалай өзгертуге болады?

2. Мұғалім сөзі
Киімді құрау модельдеумен тығыз байланысты. Киім бөлшектерінің формаларын өзгерту және оларды көркемдеу модельдеу жолы арқылы орындалады. Бұйым бөлшектері форма бойынша бір - бірімен үйлесуі керек. Киімді дайындау және модельдеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Олар:
Суретші - сәнгер – киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе - теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай - ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.
Суретші – құрастырушы – сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.
Тігін өндірісінің технологы – сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.
Тігінші – тігін операцияларын орындайды.
Модельдеу – таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту процесі. Бұл – сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі. Модельдеудің бірнеше түрлері бар.
1. Көркем модельдеу – модельдердің жиынтығын құру, бұл жерде киімнің сәні мен стилін ескеруі керек, онымен суретші - сәнгер айналысады.
2. Техникалық модельдеу – эскиздер, суреттер бойынша сызбалар мен пішіндерді жасау, онымен сәнгер - құрастырушылар айналысады.
Кез келген сәнгердің жұмысы: “кім үшін – не үшін – неден” деген формуладан басталады.
Киім - пайдалануына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады. Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы - шыттан, зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді орналастыру керек. Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді, сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді ойластырған жөн. Сәндеу үшін таспалар, сутаж, көмкерме тесьма қолданады.
Үлгілеу ережелері.
1. Алжапқыштың сызықтарын өзгерту кезінде бөлшектердің формалары әр түрлі болмауы керек екенін есте сақтау керек: егер төменгі жағы жартылай дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш болса, қалтасы немесе кеудесі дәл сондай формада болуы керек.
2. Егер алжапқыш түрлі - түсті матадан тігілсе, қиюын бір түсті ету қажет, сонымен бірге ол мата түсінің біріне сәйкес келуі керек.
3. Негізгі матаның суреті неғұрлым ірі, ашық түсті болса, қалтасының, етегінің суреті соғұрлым ұсақ болғаны дұрыс.
4. Ашық түсті маталарды ашық емес, ақ, қара, сұр түстермен үйлестіру керек.
5. Боз, түссіз маталарды ашық түсті қиындармен безендірген жөн.
Үлгілеудің әр түрлі тәсілдерін үйрету:
1. Көрнекіліктерден көрсету
- алжапқыштың төменгі бөлігін үлгілеу (қара. пр. 1)
- алжапқыштың қалталарын үлгілеу (қара. пр. 2)

V Практикалық жұмыс:
– практикалық жұмыс барысында ағымдағы инструктаж жасау;
– үлгермеушілерге көмек көрсету;
5
VI. Өткен тақырыпқа анализ жасау және бекіту.
1. «Модель» дегеніміз не?
2. «Үлгілеу» дегеніміз не?
3. Үлгілеудің қандай түрлерімен таныстыңдар?
4. Алжапқышты модельдеу нұсқаларын ата?
5. Көркем модельдеу деген не, ол жұмысты кім орындайды?
6. Техникалық модельдеу деген не, ол жұмысты кім атқарады?
7. Модельдеудің кезеңдерін атаңдар.
8. Матаға пішін бөліктерін қалай орналастыру керек?

VII. Сабақты қорытындылау
– Сабақтың мақсатына жеткенін хабарлау.
– Оқушыларды бағалау.
– Үйге тапсырма беру.
VIII. Үй тапсырмасы: Алжапқышты матадан пішуге пішім бөліктерін дайындау, шыт мата, жұмыс қорабы, инемен және қайшымен жұмыс қауіпсіздік ережелерін қайталау.
19 378
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алжапқыштын жоғары кесінділерді өндеу
Алжапқыштын жоғары кесінділерді өндеу
Жалпы мақсаты: Топта жұмыс жасау арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа бейімдеу, танымдық әрекеттерін арттыру. технология сабағындағы кездесетін терминдермен таныса отырып, топпен жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталу
Алжапқыш
Алжапқыш
Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою - өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
М1: 4 шынайы өлшемде алжапқыш сызбасын жасау
М1: 4 шынайы өлшемде алжапқыш сызбасын жасау
Балқаш қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің технология пәні мұғалімі. Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Бұйымды үткітеу әдісі
Бұйымды үткітеу әдісі
Атырау қаласы, И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Кеуде алжапқышының негізгі өлшемін алу
Кеуде алжапқышының негізгі өлшемін алу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Түнгі көйлектің сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Түнгі көйлектің сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Қызылорда қаласы, Жаңақорған ауданы №169 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Қонысова Ақбота Дәрібекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×