Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әйелдердің дене бітімі жайлы мәліметтер

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адамның дене бітімі жайлы толық мағлұматтар беру.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, дене бітіміне жарасымды, сәнді және жаңа талғаммен киіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымдарды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: Слайд, сөзжұмбақ, схемалар, нұсқау картасы.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа даярлығын байқау.
3. Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.
II. Өткен сабақты сұрау

Сұрақтар қою арқылы.
III Жаңа сабақ
Адамның тұлғасын дұрыс түрде елестету үшін және киімнің пропорциясын табу үшін суретшілер дене бөлімінің ара – қатынасын білуі қажет. Адам денесінің сыртқы формасы әртүрлі және ол бірінші кезекте антромарфологиялық дене бітімімен анықталады. Сонымен қатар дене формасымен сыртқы рельефіне тамақтану, жасы, өмір сүру салты, мамандығы тағы басқалары әсер етеді.
Адамның сыртқы тұлғасын білу үшін пластикалық анатомия ғылымымен айналысу қажет. Киімді құрастыру үшін адамның тұлғасының бірнеше морфологиялық қасиеттеріне тоқталу керек. Бұндай қасиеттерге басты өлшемдер, пропорциясы, дене бітімінің формасы жатады.
Басты өлшемдерге санмен айқындалатын: дененің ұзындығы, кеуде айналымы және дене массасы жатады.
Дене ұзындығы бірінші қасиеттердің бірі болып табылады. Әйелдердің бойы 16 – 18 жасқа дейін өсу кезеңінде болады. Әйелдің орташа бой ұзындығы – 154 см. Әйелдердің дене ұзындығының тұрақтылығы 40 – 45 жасқа дейін сақталады, ол одан кейін әрбір бесжылдықта 0, 5 – 0, 7 см кішірейеді екен.
Кеуде айналымының тұрақтылығы 18 – 20 жаста қалыптасады. Жас келе кеуде ауқаның дамуына, бұлшықеттер мен тері асты майлы қабаттарға байланысты үлкейеді. Ал 60 жастан кейін сәл кішірейуі мүмкін. Әйелдердің кеуде айналымы әдетте 72 – ден – 130 см – ге дейін барады. Егерде осы көрсеткіштерден ауытқыса патологиялық болып табылады.

Әйелдердің орташа дене салмағы 56 кг болады. Организмі қалыпты жағдайдағы әйелдер салмағы 25 – 40 жас аралығында байқалады. Ал 40 жастан кейін қалыпты салмаққа салмақ қосу процесі басталады. Бұл процесс 60 жасқа дейін жалғасуы мүмкін. Ал одан кейін ұлпаларда су басым болғандықтан салмақ төмендей бастайды. Дене салмағының өзгеруі түрлі жағдайлардағы факторлардың әсер етуінен байқалады.
Кеуде айналымы, дене ұзындығы және дене салмағының сәйкес келуі адамның сыртқы тұлғасының белгілі бір дәрежедегі көрінісін береді.
Кеуде – ең ірі дене бөлігі. Ол көкірек клеткасының формасымен иық, арқа және көкірек безімен анықталады. Көкірек клеткасының формасы үш түр арқылы анықталады. Жазық түр – жоғарыланған көкірек клеткасымен сипатталады. Цилиндрлі түр – кең бірқалыпты дөңгелектеу көкірек клеткасын сипаттайды. Конусты түр – төменіне қарай кеңейтілгенімен анықталады. Мұндай адамдардың кеудесі жазықтау кең болады. Көкірек облысының жоғары бөлігі иық сызығының түсуін анықтайды. Иық сызығының түсу бұрышы мойыннан иыққа қарай бағытталған.
Іш формасы да әртүрлі болып келеді. Ол жас ерекшелігіне, жұмысына, денедегі мойынның мөлшеріне байланысты және бөксе мен көкірек клеткасы өлшеміне қатысты. Өлшемі мен формасына байланысты жазық іш, шығынқы іш, жоғары немесе төмен дөңгелекті іш болып бөлінеді. Жалпы майлылықтан іш формасы дөңгелектеніп іш алдыға қарай қатты шығып кейде майлы қабаттар түзіледі.
Дененің жеке бөліктерінің размерлі сәйкестігі пропорция болып табылады. Профессор В. В. Бунак адамның дене құрылысын басты үш типті пропорцияға бөледі:
Долихоморфты тип – дене тұлғасы кішкентай, ал аяқ – қолы ұзын;
Брахиморфты тип – дене тұлғасы ұзын, қол – аяғы қысқа;
Мезаморфты тип – дене тұлғасы мен аяқ – қолы орташа;
Дене пропорциясы жас мөлшеріне байланысты өзгереді. Пропорцияның өзгеруі бастың, тұлғаның және аяқ – қолдың өзгеруіне байланысты. Бұл көрсеткіштер киімнің формасы және пропорциясына да әсер етуі мүмкін.
Дене құрылысы адамның тұтас дене формасы туралы түсінік береді, және дене бітімінің өлшем формасы – кеуде, мойын, иық пен тоқпақ, аяқ дене бөліктерінен тұрады.

Ал мойын бөлігіне келер болсақ. Ол бас пен иықты жалғастырып тұратын дененің бір бөлігі. Мойынның формасы эллипске жақындап, арқа жағынан біршама қабысып тұрады. Және де алға қарай иіліп
тұрады. Иілу бұрышы 70 – 300 дейін ауытқуы мүмкін. Омыртқаның
жоғарғы ұшының өлшеміне байланысты ол неғұрлым үлкен болса, мойын мен бастың алға қарай иілуі соғұрлым елеулі болады. Мойын ұзындығына қарай қысқа, орташа, ұзын болып бөлінеді. Ал бүйір сыртының формасы бойынша цилиндр және конус тәрізді түрлерге бөлінеді. Цилиндр тәріздес мойын сорайып тұрса, ол конус тәріздесі бас пен тұтас бітеді.
Иық пен тоқпақ жіліктің түйіскен тұсына байланысты қолдану формасы егер олар шынтақ бүгілер тұсындағы тұйық бұрыш 1640 болса онда бірқалыпты деп есептелінеді. Бұлшық еттер мен тері астындағы май қабаттарының жетілу дәрежесіне байланысты қолдары бірқалыпты бұлшық еттері шиыршық атқан шымыр, жіңішке және жуан секілді болып бөлінеді.

Онымен қоса әйелдер дене құрылысын нақтырақ, тереңірек білу үшін дененің антропометриялық нүктелерін анықтауы, адам денесін өлшеу методикасын дұрыс білуі шарт. Міне сол кезде біздің құрастырғалы, тіккелі жатқан бұйымымыз дәл, денеге қонымды болып шығады. Антропологиялық нүктелерді айқындалып көрінетін немесе қолмен сипағанда білінетін скелет жасаушы сүйектерді байланыстырып тұрған өскіншелер арқылы білуге болады.
Антропологиялық тексеруде өлшенетін адам денесіндегі негізгі 5 нүктені анықтаудан бастайды. Олар: мойынның негізгі нүктесі, мойын нүктесі, қолтықтың артқы бұрышы, иық нүктесі, бел биіктігінің нүктесі.
Мойын нүктесінің орналасуын анықтау үшін басты аздап төменге иіп, 7 – омыртқа сүйегінің шығынқы өскіншесін сипалап табу арқылы анықтайды, ал қалғандарын көзбен мөлшерлей анықтауға да болады. Онан кейін бел сызығының көлденеңдегі (гаризонтальдағы) қалпын белгілеп алып, артқы және алдынғы денеге бөлінетін бүйірін белгілейді. Антропометриялық нүктелердің толық сипаттамасы 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1
Нүктелердің шартты белгілері Нүктелердің аттары Нүктелердің анықтамалары
1 2 3
а- төбелік - көз – құлақ жазықтығындағы қалыпта тұрған көздегі ең жоғарғы төбе нүктесі
б - мойынның негізгі нүктесі - иық еңсесінде жүргізілетін сызық пен мойын жуандығының сызығының қиылысқан жеріндегі нүкте.
в- бұғана - көкірек жақтағы бұғана сүйегінің аяғы.
г - мойын - 7 - ші мойын омыртқасындағы осьтік өскіншелер

з- иық - жауырындағы жоғарғы жағындағы (сырт жағындағы) акриомальды өскінше мен иық буынын бөлетін вертикаль жазықтықпен қиылысқан жеріндегі нүкте.
к- төс - төс ортасы
л- жамбас - жамбас сүйегіндегі (алдынғы жақта) өте шығынқы өскінше.
м- қолтықтың алдынғы бұрышы - қолтықтың алдынғы бұрыш жасаушы арасындағы жоғарғы нүктесі (қолды түсіріп тұрған кездегі) Нүктені анықтау үшін қолды аздап көтеріп, дұрыстап тұрады
н- тізе - тізе тостағаншасының ортасы
о- қолтықтың артқы бұрышы - қолды түсіріп тұрған кезде пайда болған қолтықтың артқы бұрышы. Мұнда да дәл анықтау үшін қолды сәл көтеріп, қолтық қабаттарын жазу арқылы анықтайды.
п- бөксе - бөксенің шығынқы нүктесі
р - бел сызығының биіктігі - дененің бүйір жағындағы ішке кіріп тұрған ойыс бөлігінің нүктесі

Негізгі антропометриялық нүктелерді анықтап болған соң, өлшеу жұмысын бастайды. Өлшеу жұмыстарын дененің оң жағынан жоғарыдан бастайды.
Адам денесін өлшеуді үш адамнан жасайды, яғни әрқайсысы өлшенетін адам, өлшейтін адам, берілгендерді жазып отыратын болып бөлінеді. Өлшейтін адам тез, анық ықыласпен максималды дәлдікпен өлшейді, яғни жоғарыда айтылған нұсқауларды қолданады. Екінші өлшейтін адам қаламмен (кей қателерді жөндеу үшін) өлшеніп тұрған адамның дәптеріне жазады, сонымен қатар ол инструменттердің (өлшеуіш) және өлшеніп тұрған адамның тұрысына көз салып тұрады.
Әрбір өлшемді екі рет өлшейді, соңынан оның орта өлшемін алады. Егер нәтижеде 0, 5 см – ден көп қателік кетсе, онда үш рет өлшем жүргізіледі, сонан кейін қатты өзгерген санды алып тастап, қалған екі өлшем нәтижесінің ортақ бөлімін алып жазады. Өлшемді жүргізу ыңғайлы болу үшін лентаны дененің оң жағында қиылыстырады, яғни аяқ жағы емес, сыртқы бетінен бастайды.
Негізгі антропометриялық нүктелердің орналасу схемасы мен өлшем бірлігінің өлшемдер схемасын дәптерге түсірген жөн. Бұл жерде сызықты размер өлшемдерін түзу сызықпен көрсетеді, доғалы размер өлшемдерін көлденең, ұзына бойы доғалар, ұзындықтар екі сызықпен көрсетеді. Жалпы антропометриялық өлшемдерін жүргізгенде дененің размер өлшемдерінің орта сипаттамасын алу үшін өлшем нәтижесін математикалық әдіспен түзетеді.
Сонымен қорыта келгенде әйел дене бітімін танып білу үшін оның табиғи сұлулығын және оның бойындағы түрлі қасиеттерді, ерекшеліктерді білу керектігін айқындайды.

IV. Сабақты қорытындылау.
1. Әйелдердің бойы неше жасқа дейін өсу кезеңінде болады?
2. Профессор В. В. Бунак адамның дене құрылысын қандай типтерге бөлді?
3. Антропологиялық нүктелер қалай анықталады?
VII. Оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма
Оқу, адамның дене құрылысы жайлы анықтап келу
17 158
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.
The parts of the body
The parts of the body
Балаларды өз дене мүшелері туралы үш тілде айтуға үйрету. Сөздік қорларын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептерін білу және алдын алуды үйрену. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсерін ұғындыру. Біріккен пәндік оқыту арқылы ағылшын тілінде тілді дамыту.
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дененің даму қасиеттерін іс - тәжірибе барысында пайдалана білуіне мүмкіндік жасауға үйрету. Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау. Қозғалыс қимылдарын дамытып, дене
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Гандбол ойынының элементтерін меңгеру. Иық, қол бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
Дене мүшелер
Дене мүшелер
Адамның дене мүшелерінің атауларын атай білу. Тақырып төңірегінде сөйлей білу. Адамның дене мүшелері туралы мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×