Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сырмалар ілгекті тігуге арналған табан және тігін машинасының инесінің құрылысы

26 тамыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Сырмалар ілгекті тігуге арналған табан және тігін машинасының инесінің құрылысы.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға сырманы арнайы табанмен тігу тәсілі және иненің құрылысы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамға сай етіп, алған білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істеу және қол икемдерін дамыту.
Дамыту: Сырмалы ілгекті тігуге үйрету, кәсіптік бейімділігін қалыптастыру. Сабақ түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Тірек сызбалары арқылы
Тарих, сызу, сурет: Пәнаралық байланыс
Мата, ине, жіп, сырмалы ілгек, кодоскоп: Көрнекіліктер жабдықтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
А) Графикалық диктант.
Ә) Қауіпсіздік ережесін еске түсіру
А) Графикалық диктант: Иә - сызықша, жоқ - үшбұрыш
1. Жүн және жібек маталары табиғи талшықтардан тоқылады.
2. Ең көп жүнді ешкілерден алады.
3. Жүнді алғаш рет өңдеу: сұрыптау, қопсыту, жуу, кептіру.
4. Табиғи жібекті химиялық жолмен алады.
5. Табиғи жібек маталары жұмсақ, жылтыр, берік, әдемі болады.
6. Ылғал өткізгіштік - жуған кезде матаның өлшемінің кішіреюі.
7. Жібек матасы жоғарғы температураға төзімді.
8. Шаң өткізгіш - матаның шаңды тез қабылдауы.
9. Матаның гигиеналық қасиеттеріне оның беріктігі, мыжылуы, төзімділігі жатады.
10. Жібек маталары мақта маталарына қарағанда «шаң сорғыш» болады.

Ә) Қауіпсіздік техника ережесі.
Кестені сурет бойынша орын - орнына орналыстыру.
Қолмен жұмыс жасағанда
Тігін машинасымен жұмыс жасағанда
Үтікпен жұмыс жасағанда
Машинада отыру ережесін сақтау

III. Жаңа сабақ:
1. Мағынаны тану.
А) Сырмалы ілгекті тігуге арналған табан.
Ә) Машина инесінің құрылысы.
2. Бағалау парағы.
3. Венн диаграммасы.

Сырмалы ілгекті тігуге арналған табан:
Сырмалы ілгекті тігу үшін тігін машинасына арнайы табан орнатады. Тігін машинасының кәдімгі табан қондырғысын пайдаланғанда сырманың тігісі мата бүкпесінен 5 - 7 мм ара қашықтықта жүргізіледі. Ал арнайы табанды пайдаланғанда, тігіс сырманың түбінен жүргізіледі. Мұндай табанның оң жағының жарты бөлігі болмайды, сондықтан сырманы тісшелеріне жақын тіккен дұрыс. Сырманы табанның астына орналастырғанда, тісшілері оң жақ бөлікте жатуын ескеру қажет. Ол сырманы бұйымға ыңғайлы әрі сапалы етіп тігуге мүмкіндік береді.
Машина инесінің құрылысы:
Машина инесінің қол инесі сияқты әр түрлі нөмірі бар. Басты міндеті – тігіс жүргізу. Ине жылтыр болат темірден жасалады, оның жуандығы біркелкі болмайды. Ұшы жіңішке, үшкір де, жоғарғы жағы жуан, бір беті тегіс келеді. Иненің жуан бөлігін колба деп атайды. Колбадан төмен ұшы үшкір стержень жалғасқан. Стерженьнің ең үшкір ұшында иненің көзі орналасқан. Стережень ұзын және қысқа ойықтардан тұрады. Ұзын ойықта жіп тұрады, ол иненің жүрісі кезінде жіпті үйкелеуден сақтайды. Жіпті ұзын ойық жағынан сабақтайды.
Өздерің көріп жүрген ине конструкциясын Америкада XIX ғасырдың 30 – жылдарында ойлап тапқан. Иненің нөмірін мата түріне қарай таңдайды. Жұқа маталарды жіңішке инемен, яғни 70 - 80 - 90 нөмірлі инелермен тігеді. Ал қалың маталарды жуан, 100 - 120 нөмірлі инелермен тігеді.
Нұсқау карта «Инемен жұмыс істеу ережесі»:

Бағалау парағы:
Сұрақ --------------------------------------------------------------------------------- Жауап
Тігін машина жібінің қай нөмірлісі өтімді? ---------------------------------------- 40 - ші жіп
Ине конструкциясын қай елде, қай ғасырда ойлап тапқан? ------------------ Америкада XIX ғасырда
Сырмалы ілгекті тігу үшін қандай табан қолданылады? ----------------------- Арнайы табан
Сырманың тігісі мата бүкпесінен неше мм қашықтықта болу керек? ------ 5 - 7 мм

Венн диаграммасы:
Қол ине
Тігін машинасының инесі

Үйге тапсырма: Дөңгелек анкетаны толтырамыз.
Тапсырма: Әрбір анықтамаға түсінік беру және құрылысын, қайда қолданылуын еске түсіру.
Қорытындылау, бағалау:
11 147
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мататану бөліміне арналған тест сұрақтары
Мататану бөліміне арналған тест сұрақтары
Мататану бөліміне арналған тест сұрақтары. 1. Матаның пайдалы қасиеттері. А) ауа өткізгіштігі Ә) өңінің түспеуі Б) Қыртыстанбауы
Технология 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Технология 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Технология пәні бойынша 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе елді мекені, №2 орта мектебінің Технология пәні мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Атырау қаласы, пос. Жұмыскер Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Ылғалды - жылулық өңдеу құралдары
Ылғалды - жылулық өңдеу құралдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының № 24 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жалғасбаева Перуза Тоекешқызы
Жіптің тартылуын реттеуге байланысты тігін машинасының ақаулары және оларды жөндеу
Жіптің тартылуын реттеуге байланысты тігін машинасының ақаулары және оларды жөндеу
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×