Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағаш өңдеу құралдары

22 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Технология
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдеу құралдары
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларды ағаш өңдейтін негізгі құрал - саймандармен таныстыру.
- Жас ұрпақ бойына сарамандық шеберлік пен шығармашылық қабілетін дамыту.
- Оқушыларды еңбекке сүйіспеншілікпен қарауға, еңбек адамдарын құрметтеуге, құрал-саймандарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: құрал - сайман түрлері, интерактивті тақта
Оқыту әдісі: СТО әдісі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты түгендеу.
Қане, балалар, құралдарыңызды шығарып, жаңа сабаққа әзірленіңдер.
1. Қызығушылықты ояту. Көрнекілік стратегиясы. Тақтада ағаш өңдеу құралдары.
Балға, Балта, Ара, Сүргі, Пышақ, Шаппа шот, Қашау

Бұл құралдардың аттарын атап, қайда не үшін пайдаланатынын айтыңдар. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ағаш өңдеу құралдары.

II. Жаңа сабақ.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың барлығын ұсталар тікелей өз қолдарымен жасаған. Мыс: киіз үй сүйегі, ұлттық бұйымдар: сандық, кебеже, асадал, жүкаяқ, жастық ағаш, т. б.
Олар ағашты уақытында кесіп, кептіріп отырған. Ағашпен жұмыс жасау кезінде шабу, кесу, тегістеу, өңдеу жұмыстары құрал - саймансыз жүзеге аспайды. Енді ағаш өңдейтін құралдармен толық танысайық.
1. Кескіш құралдар. Бір жағы біркелкі жақталған, ұшы өткір құралдарды кескіш құралдар дейміз. Оларға қос қолды пышақ, бір жақты пышақ, ауыспалы жүзді әшекей пышақ жатады.
2. Шабуға қажетті саймандар: шаппашот, ағаш балға, балта, ыңғыру құралдары.
3. Кесуге арналған құралдар: қол ара, жақ ара, екі кісілік ара.
4. Тегістеу құралдары: сүргі, шерхебель, фуганок.
Кесу әдістері: Ағашты кесетін ең басты құрал – ара. Араның қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады, оны төсем деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, тегіс болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып қиғаш қайралады. Ара тісі екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаш талшығын кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.
Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш түріне қарай әр түрлі араны пайдалануға болады. Ағашты арамен кесу кезінде денеңді, араны дұрыс ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол қолыңмен кесетін ағашты тіреп тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан сәл алшақтау болсын. Араны күшпен кесуге болмайды. Бірқалыпты жұмыс жасау керек. Ағашты көлденең кескенде кесу бағыты ағаш талшығына перпендикуляр, ал ұзын бойы кескенде параллель болады. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады. Арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтаған жөн.

III. Семантикалық карта
Құрал - саймандар --- Кескіш құрал --- Шабу құралы --- Жону құралы ---- Тегістеу құралы --- Ұрғыш құралы
Балта
Ара
Қос қолды пышақ
Сүргі
Балға
Шаппа шот
қашау

Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда ағаш өңдеу құралдарымен таныстық.
1. Ара не үшін қажет?
2. Сүргіні не үшін қолданамыз?
3. Ара тісі не үшін қиғаш болады?
4. Арамен жұмыс кезінде өзіңді қалай ұстайсың?
5. Ағаштың түрлері?
6. Ағаш неше бөліктен тұрады?
Жұмбақтар шешу. Жауабын құрал - саймандарды көрсету арқылы табу.
1. Азулы хайуан – темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер. (Ағаш кескіш ара)
2. Бір қыры - балта,
Бір қыры - балға.
Ағаштан шапқан,
Шегені қаққан. (шаппа шот)
3. Қолға алсаң қызмет етер,
Бүтінді бөлшектеуге шебер. (пышақ)
4. Кедір - бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен.
Жеген асын татпайды,
Шығар желке түбінен. (сүргі)
5. Болат түкті
Көсеу мықты
Тозаңдатып темірді үкті.(егеу)
6. Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады. (балға)

IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма §1 оқып келу.
Өнер туралы мақал - мәтелдер жинақтау. Сабағымыздың сарамандық бөлімін екінші сабағымызда жалғастырамыз.

№ 13 орта мектеп гимназиясының
Технология пәні мұғалімі: Дүйсенбекова С. Т

Толық нұсқасын жүктеу
35 726
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы
Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Ағаш өңдеу және зергерлік өнер
Ағаш өңдеу және зергерлік өнер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Шалқар аудандық көркемсурет лицейі» МКҚК - нің Өнер тарихы мұғалімі Садықова Гүлбану Әмірқызы
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған.
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×