Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ат әбзелдері

17 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Баяндама
Тақырыбы: Ат әбзелдері (презентациясымен)
Ат әбзелінің толық жинағы көшпелілер мәдениетінің жетістіктерін аңғартады. Көшпенді өмір сүруде жылқы ең қажетті мал болып есептелді, сондықтан да ат әбзелдерін қазақтар қадір тұтқан. Ер жасалуы мен техникасына қарай бес топқа бөлінеді: шығыс және найман ері, Орталық және Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Сырдария ерлері. Бірінші түрінің алдыңғы жағы кең әрі биік болып келеді. Орталық және Солтүстік Қазақстан ерлері найман еріне ұқсас болып келеді, олардың алдыңғы жағы төмен. Батыс Қазақстан ері формасы жағынан ерекше, ол өте жеңіл, әрі жіңішке болып келеді. Жетісу ерлері жіңішке әрі алдыңғы беті биік және олар «шошақ бас ер», «үйрек бас ер» деп аталды.

Оның жиынтығы ер - тұрман. Ердің бірнеше түрі бар. Түріне қарап былайша аталады: Қазақы ер, қоқан ер, құранды ер, жас балаға арналған ашамай, қазықбас ер, күмістелген әйел ері, ақбас ер, ырыс ері.
Қазақ халқының ертеден келе жатқан қол - өнерінің бірі — ат әбзелдерін жасау. Ерді былғарымен қаптап, өрнектеп, бедер салып, күмістеп, сүйектеп, асыл тастар салып әшекейлейді. Күмістен өрнектелген ерді «күміс ер» дейді.

Ер - тұрман дегеніміз – салт атқа мінуге арналған әбзел - жабдықтар жиынтығы. Ал ер - тұрман жасайтын шебер ұста ерші деп аталады. Ершілер ерте заманда ерді негізгі үш топқа бөлген: 1) Атаман ( бес жасқа дейінгі балалар мінетін ердің өте жеңіл, ықшам әрі қарапайым түрі, 2) Әйелдерге арналған ерлер сүйегі, қаңқасы ауыр әрі алтын, күміс, асыл тастармен, сүйекпен, мүйізбен өте шеберлікпен әшекейленеді. Ер - тұрманға — оған қосымша керекті жабдықтар жатады: тоқым, терлік, тебінгі, үзеңгі, тартпа, өмілдірік, құйысқан, жүген, ноқта, шылбыр, тізгін, аткөрпе, көпшік, кежім, ат жабу, өре, тұсау, кісен т. б.

Осының бәрі ағаштан ойылып жасалған қаңқаны толықтырып ер - тоқым атауына ие болады.
Терлік - аттың арқасына жабылатын көлемі тоқымнан сәл үлкен терді сорып тұратын материалдан даярланады. Қазіргі кезде бұл материалдың рөлін одеяло ойнап жүр. Терлік – ердің астынан төсейтін жаппасы. Ол киізден жасалады. Жылқының арқасына толығымен жауып тұрғандай етіп салынады. Ол аттың терін алады. Оны үнемі күтіп, кептіріп отырады.

Тоқым - көлемі терліктен кіші ердің қаңқасының екі қапталына өлшеніп қиылған киіз. Төрт бұрышты болып келеді. Бұл аттың арқасын ағаш ер жауыр қылмау мақсатында төселеді.
Ер тоқым әрі бері жылжымас үшін және екі қапталға ауып кетпес үшін ойлап табылған қайыс баулар байланады. Ал, айыл ердің қапталының артқы жағына байланған бау. Бұл аттың артқы қабырғалары тұсынан байланады.

Жүген - сырт қараған көзге ноқтаға ұқсайды. Бірақ жылқыны бағындыру, қалаған жағыңызға жүргізту мақсатында тілдің жоғарғы жағынан салынатын, екі езудің тұсында тұратын ауыздығы болады.
Жүгенде шылбыр болмайды. Оның орнына ауыздықтың екі басындағы шығыршыққа байланған тізгін болады. Қазақтың «екі тізгін, бір шылбыр» сөзі осыдан шықса керекті.

Ноқта - жылқының басына тұмсығы арқылы киілетін ат әбзелі. Ноқтаны қайыстан немесе жібек жіптен де өріп жасай береді. Ноқтаның астыңғы жағында шығыршыққа байланған шылбыр болады. Шылбыр атты доғарып байлау, жетекке алу мақсатында өріліп жасалған жіп.

Үзеңгі - атқа жерден тез міну үшін ойлап табылған тепкішік немесе ілмек. Үзеңгі - ердің бір бөлігі. Ол атты салт мінгенде аяқ салып, демеуге көмек береді. Үзеңгі ер - тоқымға тартпа арқылы бекітіледі. Бұлда ердің ағаш қапталына қайыспен байлану арқылы ердің бір бөлігіне айналады.

Тартпа – теріден жасалған берік, жалпақ бау. Ерді екі жағынан нықтап, ұстап тұру үшін қолданады.

Құйысқан - бір ұшы аттың құйрығына ілініп, екі ұшы ердің екі қапталына бекитін құрылғы. Бұл ер тоқымның алдыға қарай жылжып кетпеуі үшін қажет. Мысалы, таулы жерден еңіске қарай түскенде аттың мойнынан ауып түспес үшін.

Өмілдірік - керісінше аттың кеудесінен (төсінен) ердің алдыңғы екі қапталына бекитін құрылғы. Бұл ер тоқымның артқа жылжымауын қамтамасыз етеді. көбіне шоқтығы биік жылқыларға қолданылады.

Қанжыға - ердің артқы екі қапталына бекіген екі бау. Бұл аулаған аңыңды байлап алуға немесе қажетті заттарыңды байлап алуға арналған бау.

Қамшы атқа мінген адамды қамшысыз елестету мүмкін емес. Қамшы - біріншіден атың жылдамдығын арттыру үшін қажетті құрал болса, екіншіден қару ретінде де пайдаланылған. Басына қорғасын құйылып өрілген бұзаубас қамшылармен дәлдеп ұрғанда қасқырдың тұмсығын қақ бөлуге де болады. Қамшы түрлері: дүре қамшы, дырау қамшы, бәйге қамшы, көкпар қамшы
алты өрім, сегіз өрім, тоғыз өрім т. б. Ата - бабаларымыз қамшының сабын тобылғыдан, өрімін таспалап тілінген қайыстан өрген.
Қамшының білекке киілетін ілмек бауын бүлдірге деп атайды. Халық әніндегі:
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі. Бір сөз айтқым келеді күлдіргелі - деген жолдар осы сөзімізге дәлел бола алады.

Шідер, тұсамыс, өре.
Ауылдық жерде өскендер білетін болар бұл атаулардың не екенін. Мініс мал немесе сауынды биелер ұзап кетпес үшін жылқылардың аяғына тағылатын әбзел.
Тұсамыс не тұсау - жылқының алдыңғы екі аяғына тағылатын арқаннан есілген (кейін келе ременнен кесіп жасалып жүр) әбзел.

Өре - жылқының алдыңғы аяғы мен артқы аяғына тағылатын әбзел.
Шідер - алдыңғы екі аяқтан және артқы бір аяқтан салынатын әбзел.
Таға - ауылдық жерлерде есіктің маңдайшасына іліп қоятын тағаны біреу білсе біреу білмес. Таға - аттың тұяғына қағылатын ат әбзелі. Таулы - тасты жерлерде жылқының тұяғы мүжілмес үшін және майтабанына тас батпас үшін атты тағалап отырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні Конспект Қазақстанды ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр - тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі. Одан бұрынғы кездегі адамдардың бас сүйектері сақталмаған.
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан Конспект Геродоттың жазбаларында Орталық Қазақстанды аргиппейлер мен исседондар мекендегені айтылған. Қазіргі ғалымдардың анықтауынша, Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар,
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы Конспект Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар). Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспары
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспары
Қазақстан жерін мекен еткен тайпалар. Көшпелі шаруашылықтың дамуы. Ерте темір дәуірінде өмір кешкен аймақтар (Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік).
Ер-тоқым-ұлттық жәдігер
Ер-тоқым-ұлттық жәдігер
Астана қаласы, №53мектеп – лицейінің технология пәні мұғалімі Канафин Төлеш Сапарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×