Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Перде тігу

20 желтоқсан 2013, Жұма
Категориясы: Технология
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Перде тігу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға перде туралы жалпы түсінік беру.
Перде түрлерімен таныстыру. Үлгісін дайындап, қалай тігу керектігін үйрету.
Дамытушылық: Перде тігу технологиясын меңгере отырып, ой - өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Сапалы, ұқыпты еңбек етуге дағдылану өзінің және де бір - бірінің қатесін көріп дұрыс түзету, шыдамдылыққа өздерін дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық, жаңа сабақ.
Көрнекіліктер: Перде үлгілері.
Керекті құрал жабдықтар: Мата, ине, жіп, қайшы, тереуіштер.
Пән аралық байланыс: Сурет, математика.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа даярлығын бақылау.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
V. Сарамандық жұмыс.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасын сұрау
1. Ши қандай өсімдік?
2. Өсетін жерлерін ата?
3. Ши нешеге бөлінеді?

Сөз жұмбақ
1. Діни мейрамдарға қандай нан пісіріледі?
2. Істі немен тігеді?
3. Сыйлы қонаққа басты қандай ыдыспен тартады?
4. Сырмаққа не түседі
5. Түрлі - түсті матадан тіккен көрпені не дейміз?
6. Шаңырақ пен керегені біріктіретін құрал?

Тест сұрақтары
1. Тоқылған шиді не үшін пайдаланған?
а. Киіз үйдің керегесіне б. Киіз үйдің есігіне в. Киіз үйдің түндігіне
2. Ши тоқу өнерімен кімдер айналысқан?
а. Ерлер б. Балалар в. Әйелдер
3. Шиді қай мезгілде дайындаған?
а. Күзде б. Көктемде в. Жазда
4. Шидің биіктігі неше см?
а. 60 - 200 б. 50 - 250 в. 40 - 150
5. Ши өсімдік қай айда гүлдейді?
а. Тамыз б. Қыркүйек в. Маусым
6. Шидің түсі қандай?
А. Көкшіл б. Қызыл в. Сары
“Ой қозғау” әдісі.
1. Суреттің атауы?
2. Не бейнеленген?
3. Қандай түспен салынған?

Жаңа сабақ
Шығу тарихы
Перде

Мата таңдау
Суретін салу модельдеу
Сән стиль таңдау
Өлшем түсіру
Сырт көрінісін әшекейлеу
Жасалуы көркем
Тігіс түрлерін таңдау, қауіпсіздік ережесін сақтау

Перде - жан - жағына жылжытылатын немесе жоғары көтерілетін терезе жапқыш. Бұл жалпылама ұғым.
Перделер табиғи жарықтандырудың бұлағы ғана емес, бөлменің көрермендік ортасы болып табылады, перделер бөлмемен келісіп тұруы тиіс. Әдетте перделер қабырғамен, кілем, жиһазбен таңдалады.
Перделер не үшін қорғаныш.
1. Күн көзінен қорғаныш
2. Салқыннан қорғаныш
3. У - шудың даусын азайту
4. Басқалардың көзқарасынан қорғаныш.
Перденің матасын таңдағанда, тек қана түсіне, суретіне және көңіл аудармай, бөлменің көлемі, терезе ойықтарының пропорциясы, ол бөлменің ерекше климаты туралы ойластыру керек.
Перденің жоғарғы жағын безендіру үшін арнайы ламбрекен пайдаланады. Терезе пердесінің ламбрекендері өте әдемі көрсетіледі. Бұл қысқа, көлденең жататын бойлық, ол перденің жоғары жағында шетін айнала жауып орналасады. Ламбрекендер қатты және жұмсақ болады.
Қатты ламбрекен - бандо, арнайы материалдан жасалған (термо - бандо, фрезелин, дублерин, каркас) мата жолағы.
Жұмсақ ламбрекен - есік пен терезелерді безендірудің біршама атақты тәсілі. (Буф, жауқазын т. б.) мата жолағы.

Классикалық перделер – жан - жаққа жылжытылатын терезелік перделер. Оларға ламбрекен аяқталған түрі

Римдік перделер – арнайы карнизге бекітілген тік мата, карниздің көмегімен ол жоғары көтеріліп, кең көлденең қатпарларға жиналады.

Француздық перделер – жеңіл матадан жасалынып, портьера мен ламбрекенмен толықтырылады.

Австриялық перделер – римдік және француздық перделер арасындағы ортаңғысы. Олардың тігінен де, көлденеңінен де қатпарлары болады.

Перделердің дизайны мен композициялық шешімі кезінде терезе қасындағы жиһаздың орналасуына сәйкес терезе декорының тәсілі ретіндегі симметрия мен ассиметрия ұғымдарының маңызы зор.
Симметрияның қарама - қарсы ассиметрия болып табылады.
Ламбрекен – сәндәк бұйым деген сөз.
Перделік карнизді бөлшектеп немесе толығымен жауып тұратын драпталған мата. Жұмсақ және қатты түрі болады.
Портьера – есікті декорациялауға арналған ауыр жапқыш. Бүл терминмен қымбат ауыр перделерді атайды.
Гардина – Терезені бөлшектеп немесе толығымен жауып тұратын, жіңішке матадан жасалған (тюль, вуаль, сетка, органза) жұмсақ жапқыш

Сарамандық жұмыс.
(Оқушылар мұғаліммен бірге ламбрекен пердесін тігеді)

Тігін бұйымы
Гигиеналық жағынан----------------Пайдалану жағынан
Әдемі, сәнді ----------------------------Төзімді, сапалы

Перде тігу нені қажет етеді?
Шыдамдылықты, ұқыптылықты, табандылықты, ептілікті, талғам, есептеу дағды, іздемпаздықты

Қауіпсіздік ереже.
1. Жұмысты ұқыпты орында
2. Жұмыс барысында достарыңа кедергі жасама
3. Қайшыны ашық тастама
4. Қайшыны келесі бір адамға ұсынғанда ұш жағын өзіңе қаратып сап жағымен бер
5. Инемен жұмыс жасағанда ұқыпты бол
6. Жұмыстың барысында ине қорабындағы немесе ине шаншығыштағы инелердің санын біл
7. Құрал – жабдықтарды өз орнында ұста

Сабақты қорытындылау:
1. Перде дегеніміз не?
2. Ламбрекен нешеге бөлінеді?
3. Қатты және жұмсақ ламбрекен қандай матадан тігіледі?
4. Перделердің түрлерін ата?
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру:
Ламбрекен пердені аяқтап тігіп келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 605
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Қол жұмыстары, тігістерінің түрлері
Қол жұмыстары, тігістерінің түрлері
Қол тігістерінің түрлерімен таныстыру, үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру
Жұмсақ ойыншық тігу
Жұмсақ ойыншық тігу
«Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Технология пәнінің мұғалімі Тұңғатарова Мирамгүл Қуанышовна
Аяққапқа ою тігу
Аяққапқа ою тігу
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Бүрмелі жастықша тігу
Бүрмелі жастықша тігу
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу
Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Технология пәнінің мұғалімі: Қыстаубаева Гүлмира Мәмірәсілқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×