Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу

18 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жобамен жұмыс жасаудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау;
Тәрбиелік: оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, қыз балаларды ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, слайд
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, тарих

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру. Бүгінгі сабақта сіздерге жақсы көңіл күй, жұмыстарына сәттілік тілеймін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шығармашылық жоба дегеніміз не?
2. Жоба таңдағанда қандай талаптар қойылады?
3. Жоба қанша кезеңнен тұрады?
4. Жобадағы кезеңдерге сипаттама бер?
5. Шығармашылық жобаға қандай бұйым жасауға болады?

ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Жобаға арналған тақырыптар өте көп. Мысалға: бисерден аппликация, кесте тігу, тоқыма тоқу, кілем тоқу, ши тоқу, құрақ құрау, панно жасау, бисермен әр түрлі заттар жасау. Осы тақырыптардың ішінен біз бисермен көбелек тоқуды таңдадық.
Көбелекті тоқымас бұрын, біз бисер туралы қайталап жіберейік.
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты және ойлап табу мен шеберлікті қажет етеді.
Бисердің түрлері: домалақ, стеклярус, рубка.
Бисермен жұмыс істегенде ең негізгісі – түстерді дұрыс үйлестіру және өрнектердің композициясын құру. Әркімнің түстерге деген көзқарасы, қызығушылығы әртүрлі, сондықтан түстерді таңдағанда қай түстің қай түспен үйлесетіндігіне ерекше мән беру керек.
Бисерді өрместен бұрын жұмыс орнын ретке келтіріп алу керек.
Қажетті құрал жабдықтар: бисер, қайшы, сым.

Қауіпсіздік ережесі
● Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
● Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
● Қайшыны ашық тастама.
● Моншақтарды араластырма.
● Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.
● Сым темірмен ойнама.
● Жұмыс орныңды таза ұста.
Көбелек тоқу.
Технологиялық карта
Көбелектің астыңғы қанатын әзірлеу

Көбелектің жоғарғы қанатын әзірлеу
Әр жол сайын 2 бисерден қосылып, көбейіп отырады. Бисер саны 12 - ге жеткенде 3 қатар 12 бисерден тоқимыз. Келесі қатарда тағы да 2 бисерден қосамыз, керісінше келесі қатарларда 1, 2 бисерден азайтып отырамыз.

ІҮ. Сабақты пысықтау (рефлексия)
Сендер бүгінгі сабақта белсенді болдыңдар. Мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Сабақ несімен қызық болды?

Сабақтан не үйрендім?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?

Бүгінгі сабақта бисермен жұмысты меңгергендеріңізді байқадым. Сіздер енді әр түрлі пішіндегі жәндіктерді жасай аласыздар. Сабаққа белсене қатысқандар оқушылар қолдарындағы житондарды санап жіберіңдер.
ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып және сарамандық жұмыстарына қарай білімдерін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Көбелекті жалғастырып тоқып келу.
ХІІІ. Жұмыс орнын жинастыру.
11 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас–үй жабдықтары
Ас–үй жабдықтары
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Бисерден  ағаш жасау
Бисерден ағаш жасау
Моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, бисерден ағаш жапырақтарын тоқу технологиясын үйрете отырып, білімін жүйелендіру, шеберлігін арттыру.
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
ШҚО Ұлан ауданы Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна
Панно түрлері
Панно түрлері
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Бәтима Қаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×