Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнер іздеген өсер!

19 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: «Өнер іздеген өсер»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға оқушылардың білімін дамыту, икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып ұқыптылыққа баулу, оқушыларға ақыл - ой, еңбек, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, тігіс түрлері, интерактивті тақта, нұсқау карта.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, сурет, биология.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Жаңа сабақ жоспары:
1. Таныстыру (төс белгіні қорғау)
2. «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады.»(қол тігістерін қайталау)
3. Дөңгелек анкета. Тігін машинасының шығу тарихы.
4. Математикалық ойын.
5. Тапқырлық. «Мата тану»
6. Өнер (Ою ойып алу)
7. Қауіпсіздік ережесі

Жүргізуші:
Асыл сөздің ұстасы
Ақын болар ұрпақсың.
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақсың.
Оң саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақсың.
Тұла бойы тұнған бір
Өнер болар ұрпақсың! – деген өлең жолдарымен сайысымызды бастаймыз.

І бөлім: Таныстыру
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетсе деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.
Таныстырып өздерін өтсе дейін.

ІІ бөлім: «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады.»
Бекіту мақсатында оқушыларға тігіс суреттері салынған карточкалар таратылып, мынадай жұмыстар орындалады:
А) Тігіс түрлері матаға тігілуі.
Ә) Жұмыстың қалай және қайда қолданылатынын жазып, айтып беру.
Домбырасыз ән қайда деп ортаға «Кеңес» күйі тартылады.
3 тігіс тігу - көктеу, жөрмеу, көмкеру.
Көктеу - көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша біріктіріп тұрады.
Тігісті алдын ала белгіленген орны бойынша түзу етіп тігіп шығады, белдікті, бұйым бөлшектерін уақытша біріктіру
Бірігіп көктеу - бөлшектердің қайтарылған шеті мен қатпарларды уақытша ұстатып тігу. Бұйымның етегі, бүйір тігісі бүгіп тіккенде және қатпарларды ұстатқанда қолданылады
Қадау - сәнді, әшекейлі фурнитураларын бұйымға қадау.
Түймені, ілгекті, сыртқы бұйымға қадағанда қолданылады

ІІІ бөлім: «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы»
Дөңгелек анкета. Қазіргі замандағы тігін машинасына дейінгі оның шығу тарихына тоқталып кетейік. Мына кестеде жылдар берілген. Осы жылдарда әрбір шебер адамдар өз тігін машиналарын шығарып, жобаларын ұсынған.
Олар кімдер және қандай тігін машинасын ойлап тапқан?
Тігін машинасының шығу тарихы
Дөңгелек анкетаның жауабы:
1. XV – Л. Винчи
2. 1755 – К. Вайзенталь қол тігіс жүргізілетін машина.
3. 1808 – Д. Пери 1 жіпті тез тарқататын машина.
4. 1834 – Уалтер Хант шөлмекті машина.
5. 1844 - 1845 – Американдық Элиос Хоу инженер Уалтер Хант пен принциптік машина.
6. 1850 - 1851 – Ален Уилсон, Иссак Зингер казіргі замандағы машина.
7. 1870 – Зингер фирмасы дүниеге келеді.
8. 1917 – жылы Зингер Подольск қаласында машина шығаратын зауыт ашады.

IV бөлім: «Математикалық ойын»
Көлденең және тігінен сандар арқылы әріптерді жазып, қосып сөйлем шығару. Сөйлемдерді қосқанда мақалдың шешуі табылады.
Жауабы: Ас – адамның арқауы.

V бөлім: Өнер (ою ойып алу) «Кім бірінші»
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің балдар өнерлі
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты.
Ою сынды өнерді,
Қошқар мүйіз, қос мүйіз,
Бота мойын, қармақты.
Осы оюды балдарымыз
Қай бұйымға арнапты.
Бұл бөлімде оқушы оюдың суретін салғанша, біз келесі бөлімімізді бастай берейік:

VI бөлім: Тапқырлық. «Мататану» тақырыбы бойынша 7 сөзді табу. Тапқан сөздерді балл қою керек. Әрбір тордағы әріптер үзілмей бір - бірімен байланысуы керек.
Жауабы: Мақта, зығыр, Зингер, ине, жіп, тігіс, көктеу.

VII бөлім: Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Берілген суреттер қалташаларға дұрыс салынған ба?
1, 2, 3, 4 деп қағаздарға белгілеп аласыңдар.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Бүгін технология пәнінен алған білімдеріңізді сынға салдыңыздар, үлкен сынақтан өттіңіздер, бір - біріңізден бәсекелесіп, ой жылдамдықтарыңызды көрсетіңіздер, біліммен сайысып зор еңбек жасадыңыздар, сіздерге және қазылар алқасына рахмет!!!
«Білім – асыл қазыналы сандық,
Оны ашатын кілт – еңбек» - деген П. Буастың сөзімен сабағымызды аяқтаймыз
4 608
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ізденіс - өнер сабағы
Ізденіс - өнер сабағы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Сырмалар ілгекті тігуге арналған табан және тігін машинасының инесінің құрылысы
Сырмалар ілгекті тігуге арналған табан және тігін машинасының инесінің құрылысы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Бүрмелі жастықша тігу
Бүрмелі жастықша тігу
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Матадан гүл дайындау технологиясы
Матадан гүл дайындау технологиясы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Машина тігістерін жасау
Машина тігістерін жасау
Машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер жасау, үйрету Оқушылардың ой-өрісін, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×