Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұйымды үткітеу әдісі

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сыныптар: 5 сынып
Тақырып: Бұйымды үтіктеу әдісі
Мақсаты: Үтіктеу әдістері мен түрлерін түсіндіреміз
Оқушылардың дайын алжапқыштың сапасының тексерілуі мен үтіктеу әдістерін көрсетеміз, СТО бағдарламасы арқылы стратегияларды пайдалануда ой - қабілетін дамытамыз.
Үтіктеу, ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Үтіктеудің және үтік түрлерінде әңгімелейміз.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: Суреттер, БҮҮ стратегиясы, Бағалау парағы
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі.
Көрнекілік: Дидактикалық материал, тақта, т. б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
«Суретпен жұмыс» стратегиясы:
Шоқ үтік, тоқ үтік, бу бүріккіш, үтік

«БҮҮ» стратегиясы:
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Үтікпен киім үтіктеу керектігін және күнделікті өмірде пайдаланылады Үтік қай елден шыққан? Сабақ соңына қарай оқушылар өз үйренгендерін жазып шығады
Қызығушылығын ояту: 1. Электр үтігімен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері:
- Резиналы кілемшеде тұрып, жұмыс жасауымыз қажет;
- Үтікті құрғақ қолдармен өшіріп - қосуды есте ұстауымыз қажет;
- Үтікті үтік қойғышқа қоюды ұмытпа!
- Матаның түріне қарай термореттегіш көрсеткішінің дұрыс қойылуына көз салып отыруымыз қажет;
- Қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдыруға болмайды;

2. Қауіпсіздік ережесін жоғарыда атай отырып, келеңсіз жағдайлар жайында мимикалық көрініс көрсетеміз. Бұндай жағдайлардың болмауын ескертеміз.

3. Үтіктеу жұмыстары тұрып орындалады. Басты сәл ғана иіп, денемізді тік ұстауымыз қажет.
Мағынаны тану: Сарамандық жұмыс
Алжапқышты үтіктеу
Керекті құралдар мен жабдықтар: Дайын алжапқыш, жұмыс қорабы, үтік, т. б.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Жіптердің барлық қалған соңғы ұштарын алып тастаймыз;
2. Дайын алжапқышты үтіктейміз;
3. Дайын бұйымның сапасын тексереміз;
а) Сыртқы түрі таңдалған үлгіге сәйкес болу керек;
ә) Тігістің ені бүкіл ұзына бойына біркелкі және нұсқаулық картадан сәйкес болуы керек;
б) Машина тігістері тең болуы және матаның берілген жерінен белгілі бір қашықтықта өтуі тиіс;
в) Аспа бау, белдік қалталар ені ұзына бойына бірдей қалталар симметриялы болуы керек;
г) Бөлшектердің бұрыштары мұқият түзетілуі керек;
д) Дайын алжапқыш жақсы үтіктелген болуы тиіс.
4. Алжапқышты бүктейміз.

Бағалау парағы: Оқушылар бір - бірінің алжапқыштарын үтіктеудің әдістерін бүктеу арқылы көрсетеді және балл есебінде баға береді.

Ой толғаныс: 1. Буландырғыш, термореттегіштер қай жерде қолданылады?
2. Айыра үтіктеудің ерекшелігі неде?
3. Үтіктеу жұмыстарының негізгі операциялары қандай?

Ой қорыту: Сұраққа жауап ала отырып, сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушылар қойған баллдарының дұрыстығын тексереміз және
Алжапқышты ұқыпты үтіктелуіне ден қою арқылы бағалаймыз.
Үйге тапсырма: Үтіктеуді үйренеміз.
Жұмыс орнын жинақтаймыз.
7 691
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бисквит қамырын дайындау технологиясы
Бисквит қамырын дайындау технологиясы
Бисквит қамырының негізін құрайтын тағамдардың өзіндік ерекшеліктерін атаймыз, СТО бағдарламасы арқылы стратегияны пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз;
Тұрғын үй жабдықтарын тиімді орналастыру
Тұрғын үй жабдықтарын тиімді орналастыру
Атырау қаласы, И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу
Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Үй гүлдерін отырғызу
Үй гүлдерін отырғызу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Ұлттық бас киімнің тігілу әдісі
Ұлттық бас киімнің тігілу әдісі
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×