Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүннен жасалған бұйымдар

01 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Технология
Жүннен жасалған бұйымдар
Мақсаты: қазақ халқының ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасын жаңғырту - ұлттық дәстүрімізді жалғастыру. Халықтың дәстүрлі қолөнері мәдениетінің қазыналарын жинап, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын және өздерін суретке түсіру, олардың қолөнерге тән аса құнды тәжірибелері мен дәстүрлі бұйымдардың жасалу жолдарын үйрену, әр өңірдің қол өнері бұйымдарын салыстыра отырып, зерттеу. Өнердің мәңгі өшпейтін осы түрінің сыры мен қырын үйрену.
Гипотеза.
1. Қазақ қолөнерінің тәлім - тәрбиелік дәстүрлерін үйрену.
2. Қоғам өміріндегі еңбектің, халық қолөнерінің рөлін түсіну өнер адамдарын құрметтеу
3. Түрлі ою - өрнекті, көне мұраларды тауып, түрлендіре жаңғырту.

Кіріспе
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында алған міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі - мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тариқын шынайы тұрғыда таныта біліп, салт - дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - халықтың қолөнері.

«Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді» - деп М. Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.
Қолөнер – ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу - көзі ашық, көкірегі ояу, ар - намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Алғаш ұстазыммен осы істі қолға алғанда, осы борышымды қолдан келгенше өтегім келді.
«Ел іші – алтын бесік» деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің жасаған таңғажайып ою - өрнекті бұйымдарын қолыма ұстағанда, ізденімді тапқандай болдым.
Зерттеу бөлімінің бірінші кезеңі

Көшпелі халық болғандықтан да мал бағумен айналысып, ата - бабаларымыз қолөнер бұйымдарын жасауда мал терісі мен жүнін шикізат ретінде пайдаланған. Аналарымыз бен апаларымыздың ақыл - парасатынан, ісмерлігінен, көркемдік талғамдарынан көздің жауын алардай құнды ұлттық өнер туындылары өмірге келген. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, жылы, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы және жеңіл. Тұрмысқа арқан - жіп, бау, ноқта, көген, киіз, текемет, сырмақ, алаша, кілем әртүрлі дорбалар – барлығы дерлік жүннен жасалады.
Жүнді сақтау.
Жуылмаған жүн шектен тыс ылғалданғыш, сондықтан микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта. Жүнді ұзақ мезім сақтау керек болса, қапқа, фанер жәшікке, қағаз қаптарға нығыздап салып «Дезмоль», «Антимоль», «Фоксид» препараттарын салып сақтайды.
Жүн сақтайтын бөлменің есік, терезесін ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек. Жүнді ашық күн астында сақтауға болмайды.

Жүнді өңдеу.
Тоғытылған қойдың жүнін жумаса да болады. Жуып, кептірілген жүннің түтілуі де қиындай түседі.
Алаша жібі пысық, кілем жібі жуан бос иіріледі. Түбіт иіруге жеңіл ұршық керек.
Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан, түйенің шудасынан алашаға арқау, күзеу жіптерін иіреді. Қойдың күзем жүнінен, қозының жүнінен киіз басады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 758
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке
Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке
Сумоншақпен кестелеу өнерін үйреніп оны түрлендіріп дамыту. Сумоншақпен әр түрлі бұйымдарды жасауды және оларды көркемдеп тігу технологиясымен таныстыру.
Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке
Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке
Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын кең жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу – көзі ашық, көкірегі ояу, ар - намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Алғаш ұстазыммен осы істі қолға алған кезде, осы борышымды қолдан
Ұлттық жәдігерлерімізді жаңғырту, жалғастыру біздің міндетіміз
Ұлттық жәдігерлерімізді жаңғырту, жалғастыру біздің міндетіміз
Батыс Қазақстан обылысы, Зеленов ауданы, Новеньков орта жалпы білім беретін мектеп. Технология, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі Муканалиев Бейбіт Маратұлы
Қазақтың ұлттық қолөнері
Қазақтың ұлттық қолөнері
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Түйенің өркешінде жыр боталап...
Түйенің өркешінде жыр боталап...
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебінің Мұхаметжан Ақбота - сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқушысы Жетекшісі: Түзелбаева Арай - сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы
Құрақ құрау әдісі
Құрақ құрау әдісі
№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Технология пәнінің мұғалімі Тұңғатарова Мирамгүл Қуанышовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×