Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрғын үй жабдықтарын тиімді орналастыру

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сыныптар: 5
Тақырып: Үй өсімдіктерімен бөлмені жабдықтау
Мақсаты: Үй күту мағынасында түсінік береміз
Оқушылармен бірлесе отырып, өзі тұратын үйді күтудің бағытында әңгімелесеміз.
Тазалыққа, ұқыптылыққа дағдыландырудың, жеке гигиенаны сақтаудағы басты міндет ретінде тәрбиелейміз.
Міндеті: Үй мәдениеті. Бөлмедегі өсімдіктер композициясы бағытында түсіндіреміз.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: Топтық зерттеу, «БҮҮ» стратегиясы, т. б.
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі. Биология. Бейнелеу өнері.
Көрнекілік: Суреттер жинағы, тақта, слайд, т. б.

Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
1. БҮҮ стратегиясы:
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Мен үйді тазалаймын. Сондықтан, күту кезінде қандай құралдар керек екендігін білемін Үйді аптасына неше рет жинайды? Жұма күні үйді неге тазалауға болмайды? (Сабақтың соңына қарай оқушы өз ойын жазады)
2. Оқушы ойын жинақтаудағы өзі тұратын үйдің бейнесін бейнелейміз. Сонымен бірге үйді күтудегі тазалық ұнтақтарын бейнелеп, сипаттама береміз.
3. Үйді күту кезінде қауіпсіздік сақтау ережесін еске түсіреміз.
- Ашық тұрған токтың айналасына жақындамау;
- Терезе, есіктерді ашық тастамау;
- Токқа қосылатын заттар (тоңазытқыш, теледидар, т. б.) су сүрткішпен сүртпеу.

Ой қозғау:
«Менің аулам», «Менің үйім», «Менің бөлмем», т. б. тақырыптар бойынша оқушы біреуін таңдайды.
- Ой пікірімізді жазамыз;
- Сыныппен жұмыс алмасамыз;
- Ойымызбен бөлісеміз;
- Сыныппен бірлесе отырып, ойымызды жинақтаймыз.
Топтық зерттеу:
Мәтін алынады. Осы мәтінге байланысты зерттеулер жүргіземіз.
Өзінің әрбір бұрыштарына тақырыптық ат қоя білуі.
Зерттеу жоспарын жасақтаймыз.
Зерттелген жұмыстарды оқушылармен бірігіп талқылаймыз.

Мағынаны тану:
1. Үй мәдениеті.
2. Өзі тұратын үйді күту әдісі.
(тарауларына қысқаша мағлұмат береміз)
Қызығушылығын ояту: 1. - Үйдің әдемілігі, тазалық пен өзара қатынастық, сыйластығы, мейрімділігі көтеріңкі көңіл - күйді жақсартатын не екендігін анықтаймыз.
- Оқушылармен бірлесе ойымызды бір бағытқа бағыштау, бұл - үй өсімдіктерімен, гүлдермен көмкеру. Үй өсімдіктері хош иісі мен түрінің әдемілігімен, түсімен табиғатпен етене біріге септігі бар екендігін дәлелдеу.
- Теңіз жағасында тауып алынған заттардың бәрі - ұлутастар, майда тастар, ағаш бөлшектері шебер қолдарда интерьерге арналған әсем әшекейлерге айналдыруға болатындығын көрсетеміз.
2. Үйге тазалық - гигиенасына байланысты жарнама жасаймыз.

«Ойды сыртқа шығару арқылы ойлау» стратегиясы:
Ойларым
Түсініктеме
Болжау
Сұрақ

Қорытынды
(Мағынаны танығаннан кейін оқушы ойының өзгеруін немесе ой туындау арқылы кестені толтыруын қадағалаймыз).
Ой қорыту: Соңғы сөзді маған қалдырыңыз стратегиясы бойынша оқушылардың ойларын тыңдай отырып, сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушының түсінігін, стратегиямен жұмыстана білуін қадағалай отырып, бағалаймыз.
Үйге тапсырма: Суреттер жинақтау.
Жұмыс орнын жинастырамыз.
16 605
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бисквит қамырын дайындау технологиясы
Бисквит қамырын дайындау технологиясы
Бисквит қамырының негізін құрайтын тағамдардың өзіндік ерекшеліктерін атаймыз, СТО бағдарламасы арқылы стратегияны пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз;
Бұйымды үткітеу әдісі
Бұйымды үткітеу әдісі
Атырау қаласы, И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу
Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Үй гүлдерін отырғызу
Үй гүлдерін отырғызу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Үй мәдениеті
Үй мәдениеті
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №4 қазақ орта мектебі Технология пәні мұғалімі: Төлекова Лаура Мукатаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×