Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері

28 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері

Бүгінгі тандағы білім жүйесіндегі міндеттердің бірі, жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне назар аудару. Жеке тұлғаның адами тұрғыдағы қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту, қазіргі - заман талабы. Егер адам рухани байлығынан айрылыса, онда ол эмоция мен сезімнен айырылады. Осылай материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған, қоғамдық даму адамзатты рухани жұтаңдыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жіберуі мүмкін.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге өрістейді. Жас ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады.
«Әр заманның өз адамы» деген қағиданың мәніне терең үңілсек, өмір тәжірибесі өзінің нәтижесімен көрсете отырып дәлелдеп береді. Бұл көз қарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан онда «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі» деп жазылған.

Ал Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері төмендегідей көрсетілген:
Жеке адамның қабілетін мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен сауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әр бір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

Жеке адамның шығармашылық қабілеттерімен өзіндік ерекшеліктеріне қарай, тәрбиелеуді дамыту
Соның ішінде гуманитарлық білімнің мазмұнын жаңарту мақсатында оқыту процесін ізгілендіру және баланың дербес қабілетін ескеріп, тереңдетіп оқыту мақсаты көзделген. Бұл мақсатқа жетіп алған міндеттердің орындалуы, ең алдымен жеке тұлғаның рухани құндылықтарының дамуына баса назар аударуды қажет етеді.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасындағы Гуманитарлық Білім беру тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің өзінде баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізуіміз керек. Бұл кезеңде гуманитарлық - эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар өте ұғымтал келеді. Бастауыш сыныпты бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап, жанындағы адамдар мен ешбір қиындықсыз белсене қарым - қатынас жасауда үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс» [5. 174 бет] деп көрсетілуі біз көтерген мәселені қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 410
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі
Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі
Құндылықтардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру; Өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебі Мусипова Ғалия Оспановна
Оқушыларды рухани - адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу
Оқушыларды рухани - адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу
Семей қаласы, №2 кешкі мектеп ОВ 156/15 мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдуалиева Гүлсим Рахимовна
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 мектеп Есназарова Жанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×