Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы

01 маусым 2012, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында жас ұрпаққа беріліп жүрген бүгінгі білім саласындағы оң өзгерістерді айта келіп, «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы қажеттігін, елімізде кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңарту керектігін атап өткен болатын. Бүгінгі өркениет заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру мәселесі ғылыми-педагогикалық тұрғыда жинақталған тәжірибеге, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселеге айналып отырғаны шындық.

Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған. Осы заңның 4-тармағында азаматтардың құқықтарының кепілдемелері туралы көрсетілген. «Білім туралы» заңның осы тармағына сәйкес мемлекет білім беру жүйесін дамыту және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін сәйкесінше әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы азаматтардың білім алуға құқығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ азаматтардың тегін жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімді алуға мемлекеттік білім беру тапсырмасына сәйкес конкурстық негізде тегін орта кәсіптік білімді, кәсіптік жоғары білімді және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді алуға кепілдендіреді.

Қазақстан Республикасында қабылданған бағдарламалардың ішінде білімді дамыту бағдарламасының өзіндік орны бар. Бағдарламаның негізгі міндеттері: қоғамның барлық санаттары үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету, білімді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде ұлттық білім беру жүйесі қызмет етуінің құқықтық нормативтік базасын жетілдіру, қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, жоғары мәдениетті, адам құқықтары мен еркіндігіне сайлы қатынасты тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің дамуындағы басымдылық, отандық дәстүр, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, 12 жылдық жалпы орта білімге көшу, кәсіби білім мен кадрларды даярлау жүйесін білімнің халықаралық стандартты классификациясының критерилеріне сәйкес қайта құру. Экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын жоғарылату, әлемдік білім беру кеңістігі мен интеграция, білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау, білім берудің ортақ ақпараттық ортасын қалыптастыру. Білім беру процесінің оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етілуін жетілдіру, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім, ғылым және өндірістің интеграциясы. Білімнің сапасын жоғарылату үшін экономика секторларының ресурстарын тарту механизмдерін жасау, педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік статусын жоғарылату, білім беру жүйесінің қаржылық, кадрлық қамтамасыз етілуін жетілдіру, білім менеджерлерін даярлау, сондай-ақ білім берудің көп деңгейлі үздіксіз жүйесінде мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделердің балансын қамтамасыз ету болып табылып отыр.

№ 2 Арал кәсіптік лицей оқытушысы
Бекманбетова Даметкен Анескановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы
Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №5 орта мектебінде логопеді Кокенова Еркежан
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×