Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз бетімен жұмыс істеу тәсілдері

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Өз бетімен жұмыс істеу тәсілдері

Оқушыға өз бетімен жұмыс істеп дағды беру ұзақ, жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау үрдістерінен өтеді.

Өздігінен білім алудың негізгі жолы – оқушыны таным үрдісіне үйрету. Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра әдіскер ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі педагогикалық мақсат қоюдың ролі мен мәні зор. Өйткені, тәжірибе кезінде оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды. Сондықтан да оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты.

Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігінің оқушының білім алуына үлкен әсері бар. Демек, мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауы тиіс. Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып, төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсетуі керек. Яғни, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қарау дұрыс.

Оқушыны өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру тек олардың өздеріне тән икемділік дағдылары арқылы ғана іске асырылады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтер дәлелдеп көрсеткені мәлім. Олар – оқушыдағы байқағыштық, ойлай білушілік, қарама - қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайларды таба білушілік, өзінің ойын жүйелі, әдемілеп айту, мәтіннің бөлімдерін бір - бірімен байланыстыру, кітаптан қызықты көріністі не оқиғаны табу т. б. Міне, осылардың бәрі де бүкіл оқу үрдісі арқылы меңгеріліп, біртіндеп іске асырылатын істер.

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру дегеніміз – ол оқушының танымдық қабілетін дамыту. Педагог - ғалым А. Е. Дмитриева өздігінен орындайтын жұмыс түрі – оқулықпен жұмыс істеу, яғни оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу түрін тиімді деп санайды. Өйткені, мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушы үйретілген материалды меңгеруде жаңа ережелерді оқу, жаңа материалдарға қажетті анықтамаларды пайдалану, т. б. қажеттіліктерге соқпай кете алмайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 817
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Домбыра сыныбында шығармашылық бастаманы тәрбиелеу
Домбыра сыныбында шығармашылық бастаманы тәрбиелеу
Жеке тәрбиелеу кезінде оқушыға әсер беру түрлері өте көп. Солардың бірі педагогтің оқушыға эмоционалды әсер етуі. Мұғалім өзінің музыкаға деген көзқарасы мен шығарманы оқып - тануы арқылы оқушыға әсер етеді.
Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру
Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Налибаева Гулжан Ермекбаевна
Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Есперлі ауылы, Есперлі негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амангельдина Гульнар Мансуровна
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Қарқаралы қаласы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанова Асель Карибаевна
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыру.
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыру.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×