Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі

15 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылу бағытында дамуы керектігіне баса назар аударған болатын. Аталған міндет қоғамның барлық саласына түбегейлі, әрі жаңашыл өзгерістер енгізуді талап ететіні айтпаса да түсінікті. Өркениет көшінің алдыңғы сатысынан ойып орын алу үшін болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру қажеттігі ешқандай дау тудырмайды.

Білімді ұрпақ жарқын болашақ кепілі екендігін Елбасы Н. Назарбаев әрдайым еске салып, тұрақты түрде қадағалауда ұстап келеді. Мемлекет басшысы биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында озық және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін аяқтауды тапсыра келе, «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр... Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын.

Осыған байланысты білім мазмұнына жаңаша қарау, тың көзқарас қалыптастыру педагог қауымның алдына қойылған басым міндеттердің бірі болып отыр. Тарқатып айтар болсақ, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесін жасақтау және білімнің мазмұны мен әдіс - тәсілдерін жаңғырту бәсекеге қабілетті, шығармашылық бағытта еңбектенетін, әрі өзіндік ой - қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Сондықтан, бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндерге ертеңгі мемлекет тағдырын шешетін азаматтар деп қарау керек. Яғни, олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің ең басты міндеті, қасиетті борышы десек, ақиқаттан алшақ кетпейміз.

Жалпы, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасы ұстаз бен оқушыны жаңа ізденістерге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін және болашағынан үлкен үміт күттіретін бағыт болып саналады.

Мұғалім оқушыларға сын тұрғыдан ойлауды үйрету үшін мына шарттарды білуі қажет:
1. Оқушыға сын тұрғыдан ойлауды үйрету үшін уақыт керек;
2. Оқушыларға ойларын қорытуға және өз пікірлерін ашық айтуға рұқсат беру қажет;
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдай білу керек;
4. Үйрету барысында оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану маңызды;
5. Кейбір оқушылардан берген жауаптарының немесе айтылған сындарының дәлелді, әрі дәйекті болуын талап ете білу қажет;
6. Оқушының сын тұрғыдан ойлауын бағалаудың маңызы зор.
Аталған шарттар дұрыс орындалған жағдайда, біршама оң көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму
Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №5 ЖОББМ физика, информатика пәнінің мұғалімі Акашаева Л. С
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Ақтөбе қаласы, №32 орта мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
№6 жалпы білім беретін орта мектебі Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×