Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәңіріме тәубә етемін

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ТӘҢІРІМЕ ТӘУБӘ ЕТЕМІН.

Мен өзімді қоспаймын жамандарға,
Қайта өмірді бастауға шамам қайда.
Өкініш пен Арман көп, қолым жетпес,
Жас та келді 50 - ге амал бар ма.

Кейде бұзғым келеді қамалдарды,
Таңғалдырып жақсымен жамандарды.
Жігер күшім намысты жанығанмен,
Қайрат қайтып барады амал бар ма.

Албырт жастық алға тартып аңдатпаған,
Келер күннің күтерін ойлатпаған.
Сондадағы жаншылып күдер үзбей,
Тындыруды кей істі ойлап бағам.

Талпынамын, келер таңға аяқ басам,
Заман өтіп кетердей аялдасам.
Игі істерді бастаған, тоқтап қалған,
Ұрпаққа үлгі етердей аяқтасам.

Сонда ғана жаным менің тыныш табар,
Бар мәнісі өмірдің сонда болар.
Армансыз боп өтетін пенде болмас,
Біткен істі «болды» деп тынышталар.

Бұл жалғаннан кеткің келмес тектен тегін.
Ақталғаны абзал ғай маңдай тердің.
Ойға алған істерге қолым жетсе,
Мен жаратқан Тәңірге тәубә етемін.
2 166
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Болжалды келер шақ
Болжалды келер шақ
Оқу мақсаты Қазақ тілді сайттар туралы мәтіннің мазмұнын тарқатып пікір білдіруге ұйрету, Нақ осы шақтың тәжірибеде қолдану. Тілдік мақсаты: Лексикалық минимум: ғаламтор, сайттар, қолданушылар, осы шақ, электроды журнал
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Бейнет пен зейнет
Бейнет пен зейнет
Қыс келер көңіліңнің мұзы қатып, Бейне ұйқыға түсерсің сілең қатып. Ар деген арланып шығар пенде болсаң, Қайта шығар күндерің кеткен батып.
Уақытты қалай тиімді пайдалану керек?
Уақытты қалай тиімді пайдалану керек?
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? 1. Өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз. 2. Жоспарыңыздың орындалуын тездететін істермен ғана айналысыңыз.
Ана
Ана
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің 6 - сынып оқушысы Болатов Әділжан Болатұлы
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары
Мазмұны: Балалармен тыныс алу, соның ішінде мұрынмен тыныс алу жаттығуларын орындау. Комплексті жүйелі мұрын мен тыныс алу жаттығуларын қарқыны.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×