Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы

28 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі
Бекмуратова Дина Мәлікқызы

«Ұйым экономикасы» пәні бойынша
№ ______ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Өткізілетін күні: ____________ Оқу топтары: Э - 22

Сабақтың тақырыбы Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
Сабақтың мақсаты:
білімділігі – жабдықтар мен өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану кезінде жоспарлы кезеңде белгілі бір номенклатурада, ассортиментте тиісті сапада өнімді шығарудың барыншақ мол мүмкіндігі анықталады, міне бұл өндірістік қуаттылық игеру
тәрбиелігі – мамандық таңдауға, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, білім алуға ынтасын арттыру тәжірибелік әрекет етуге, дүниеге эстетикалық көзқараспен қарауға дайындау, ҒТП – ның басты бағыттарымен таныстыру;
дамушылығы – еске сақтау, сөйлеу мәнерін, ойлау, қабылдай алушылықты, пәнге деген қызығушылықты дамыту, қорытынды жасай алуды қалыптастыру бойынша жұмыс істеу, шығармашылық ізденіс элементтерін қалыптастыру, проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу.
Сабақтың түрі – теория
Сабақтың типі – жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың әдісі – баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, ақпарат беру, лекция элементтері, сұрақ – жауап, пысықтап бекіту, қайталау, дамыта ойындары өзіндік жұмыс, көрнекілік.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер – тарату материалдары, интерактивті тақта, флипчарт № 6 электронды оқулық, бейне материал, оқулық.
Пәнаралық байланыс: экономикалық талдау

САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Дәрісхана тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.
ІІ. Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып қорытындылау, бағалау.
ІІІ. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру
ІV Жаңа сабақты түсіндіру
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын не үшін анықтау қажет?
Бастапқы өндірістік қуаттылықты есептеу әдістемесі.
Өндірістің қуаттылықтың қандай түрлері бар?
Өндірістік қуатты өнім шығару негізделуі қалай жүзеге асырылады?

«Кәсіпорын экономикасы» курсын оқуға кіріскенде, біз кәсіпорын шегінде пайдалы өнімдерді ендіру үшін шектелген ресурстардың пайдаланылуы оқыту пәні болып табылатындығын айтқан болатынбыз. Міне сондықтан алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы жабдықтар мен өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану кезінде жоспарлы кезеңде белгілі бір номенклатурада, ассортиментте тиісті сапада өнімді шығарудың барынша мол мүмкіндігі анықталады, міне бұл өндірістік қуаттылық болып саналады.
Өндірістік қуаттылық және өндірістік бағдарлама түсінігі ұқсас емес. Егер біріншісі кәсіпорынның белгілі бір жағдайында уақыт бірлігіне өнімнің барынша шекті 5 (максималды) көлемін шығару мүмкіндігін көрсетсе, екіншісі уақыттың осы кезеңіндегі қуаттылықтың пайдаланылу дәрежесін сипаттайды.
Өндірістік қуаттылықты анықтау мынадай ережелерден келіп туындайды:

• Өндірістік қуаттылықты есептеу кәсіпорын шығаратын өнімнің барлық номенклатурасы бойынша жүзеге асырылады. Көп номенклатуралы өндіріс жағдайында өндірістік қуаттылық өнімдердің ұқсас топтары бойынша бекітілетін үлгі түрлері бойынша есептеледі. Ұқсас өнімдерді бір түрге келтіру критерийі болып еңбек сыйымдылығы коэффициенті табылады.
• Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы алдыңғы қатарлы бөлімшелер (цех, учаскелер) қуаттылығымен анықталады. Алдыңғы қатарлы бөлімшелер болып жиынтық еңбектің басым үлесі шығындалатын және негізгі қорлардың басты бөлігі жинақталған өнімдерді өндіру бойынша негізгі технологиялық әрекеттер орындалатын бөлімшелер саналады.
• Қуаттылықты есептеу төменнен жоғарыға қарай кезектілікпен: технологиялық ұқсас жабдықтар тобынан өндірістік учаскелерге, өндірістік учаскелерден цехтарға, цехтардан жалпы кәсіпорынға кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелері бойынша жүргізіледі.
• Өндірістік қуаттылық серпіні өзгеріске ұшырауға бейім. Сондықтан өндірістік қуаттылықты есептеу белгілі бір күнтізбелік мерзімге - жоспарлы кезеңнің басына және соңына байланысты болады.
Өндірістік қуаттылықты анықтау үшін уақыт бірлігіне жабдық өнімділігін, жабдықтар саны, жабдық бірлігіне жұмыс уақыты қорын, осы жабдықта дайындалған өнім жиынтығының еңбек сыйымдылығын білуіміз керек, яғни жалпы түрде учаскенің, жабдық тобының өндірістік қуаттылығы былай анықталады:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 749
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өндірістік санитария. Өндірістік шу.
Өндірістік санитария. Өндірістік шу.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз – оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы толқуы 1 герцке тең. Адамның жай сөйлегендегі дыбысының орташа деңгейі 40 децибилл болып есептеледі.
Қазақстандағы жануарлар әлемі
Қазақстандағы жануарлар әлемі
Негізгі мақсаты: тіршілікті жоғарғы құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, дүниенің тылсым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми – танымдық әдіс –
Негізгі қорлардың мәні мен құрылымы
Негізгі қорлардың мәні мен құрылымы
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің «Экономикалық пәндер» циклының оқытушысы Ерназарова Бағжан Ерназарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×