Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биология пәніндегі ақпаратты технология

12 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Биология пәніндегі ақпаратты технология

Қазіргі уақытта есептік техника адамның интеллектуалды әрекетінің сапасына кіреді, ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуының шешуші факторы болып келеді. Табиғат пен қоғамды бөліп тануда есеп техникасының рөлі өсуде.
Қ. Р. Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр.

Сонымен ақпарат дегеніміз – айналадағы ортадан қабылдайтын, айналадағы ортаға беретін немесе кейбір жүйелердің ішінде сақталатын мәліметтердің жиынтығын айтамыз. Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талабына сай қоғамды ақпараттандыра отырып жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі кезеңдегі заманауи білім беру жүйесінің ерекшелігі – оның ілгерілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері болады.

Яғни қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – бұл глобальды әлеуметтік үрдіс, оның ерекшелігі – қоғамдық өндірістік аясында ақпараттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, алып беру және қолдану болып табылады. Олардың микропроцессорлы және есептеу технологиялары қазіргі замандағы амалдардың негізінде және ақпараттық алмасудың әртүрлі амалдары базасында жүзеге асады.

Қазіргі уақытта қоғамның кейбір сфераларының қолы жететін, көлемді барлық ақпараттарды қолдануға есептелген ашық ақпараттық технологияларды қолдану қоғамды басқару механизмінің жетілуіне мүмкіндік береді, қоғамды гуманизациялауға және демократизациялануына себеп болады. Ақпараттандыру қоғамы мен байланыста жүретін процестер ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуіне себеп болып ғана қоймайды, сонымен қатар адам әрекетінің барлық түрлерінің ойшылдығына сапалы және ақпаратты ортаны жасауға, жеке тұлғаның потенциалды шығармашылығының дамуын қамтамасыз етуге себеп болды.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру – ол оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивтік аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері және оқытудың коммуникациялық аспектілері және танымдық аспектілері. Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және сынып оқушыларының әрқайсысына жеке - жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүргізуге қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол, әрі уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді. Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
- оқу материалын терең түсінуге;
- оқу мотивациясының артуына;
- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
- білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына, т. б

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 663
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі
Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі
Қызылорда қаласы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Өрікбай Айсана Қанатқызы Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Нысанова Нұргүл Қуанышқызы
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы №98 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садықова Сабира Елбосынқызы
Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы
Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрәмов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Бурамбаева Айнур Шамшадинқызы «Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану - білім сапасын арттыру құралы» «Адам байлығының ең
«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»
«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Қ.Р.Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, ақпараттық технологиялар мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×