Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойма – нақышты бұйымдардың түрлері

24 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Мамандандыру» пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: Ойма – нақышты бұйымдардың түрлері
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, мамандық бойынша танымдық деңгейін арттыру.
Тәрбиелік: Ұлттық ою - өрнекті қадірлеу, эстетикалық талғамын ұштау, өз - ара көмектесуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жүйелеп, шеберлік қасиетін және шығармашылық ой өрісін дамыту.
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін Қолөнер, ОШП, материалтану, бейнелеу өнері.
Сабақтың әдісі: Репродукциялау әдісі, «Блумның сұрақ қою жүйесі» стр.; «Нобайлау» стр.; «Талқылау картасы» стр.

Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгендеу;
2. Сабақтың тақырыбын жариялау, сабаққа назар аудару;
3. Жұмыс орнын дайындау;
4. Оқушыларды топқа бөлу, таныстыру;
5. Сабақта сақталатын қауіпсіздік ережелерін тексеру.

ІІ. Ой шақыру: Өткен сабақтардан алған білімдерін жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатымен «Блумның сұрақ қою жүйесі» бойынша сұрақтар қойылады.
Қойылатын сұрақтар:
1. Ұлттық қолөнердің топталуы.
2. Дәстүрлі қолөнер түрлерін атаңыз.
3. Кестелеудің қандай түрлері болады?
4. Ұлттық ою - өрнектердің жіктелімі.
5. Ою - өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері.
6. Ұлттық ою - өрнектердің қандай функциясы бар?

ІІІ. Мағынаны ашу: Қолданбалы өнер – түрлі ұлттың халықтары сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Қолөнер тек ою - өрнек қана емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің өң - түстері жан - жақты шығармашылықпен ойландырады. Ою - өрнек – халық тұрмысында кең тараған, қазақ қолөнерінен алар орны бөлек (кілем, алаша, ыдыстар, киім, киіз үйдің іші - сырты), бұрынғы көне заманнан келе жатқан қолөнердің бір түрі.
Қазақ ұлттық ою - өрнектері адам өміріне қажет заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеу арқылы халықтың тыныс - тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, мәдениетін, талғамын көрсететін өнер. Ұлттық қолөнер, оның ішінде, ойма - нақышты бұйымдар халық қолданбалы өнерінің бір үлкен саласы болып табылады және олар әртүрлі өрнектеу әдістерімен, эстетикалық әдемілігімен ерекшеленеді. Шеберлер ойма - нақышты бұйымдарды халықтың тұрмыс - тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдары көркем сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың берік, әрі қолданыста болу жағын қарастырып келген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас–үй жабдықтары
Ас–үй жабдықтары
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Астана қаласының Политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Манарбек Махпал
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
ШҚО Ұлан ауданы Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна
Ою өрнек және сәндік декор
Ою өрнек және сәндік декор
Авторы: Бирманов Нуржан Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×