Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экономикалық саммит

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сыныптан тыс ашық сабақ
Тақырыбы: Экономикалық саммит
Мақсаты: 1. Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылау, өзге мемлекеттің валютасымен таныстыру.
2. Қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс - әрекеттерді реттеуге үйрету, экономикалық терминдерді таныстыру, өз бетімен жұмыс
істеуге дағдыландыру.
3. Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету, тілді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Компьютер, есептер жазылған слайд жиынтығы, ұлттық валюта.
Әдісі: диспут әңгіме.

Сабақ барысы
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме қонақтар, бүгінгі жиынымыз мектебіміздің 60 жылдық мерей тойына арналған рәміздеріміздің бірі төл теңге жайында болады. Экономикалық дағдарыстан шығу үшін жиын барысында экономикалық сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарымыз. Дөңгелек үстел тілі қазақ тілі екенін анықтап алайық. Бүгінгі саммиттің төрағасы мен Рашидова Аманкүл және менің көмекшілерім.
Нұргүл: Журналист Елшібай Жанат
Жанат: Саммитті жүргізуші Рамазан Нұргүл
Құрметті қазақстандықтар, сонымен қатар № 112 орта мектебіне жиналып отырған оқушылар мен ұстаздар! Бүгін 1 - 2 минуттан кейін біздің мектебімізде мектебіміздің 60 жылдық мерейлі тойына арналған еліміздің ұлтық валютасын дәріптеу және өзге елдер валютасымен таныстыру мақсатында экономикалық саммит жиынына куә болғалы отырсыздар. Сіздерді мектебімізге 60 жыл толуымен құттықтаймыз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміздің аспаны ашық, биік мұраттарға жетелер алдағы күндеріміз әрдайым қуаныш - күлкіге толы болсын!
Нұргүл: Я біздің журналистіміз дұрыс айтады. Осы саммитке қатысушы елдерден келген өкілдер сыртта күтіп тұр. Сол кісілерді қошеметтеп қарсы алайық. (Оқушылар кіріп орындарына жайғасады) Қайырлы күн саммитке келген делегация мүшелері. Қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер! Бүгінгі жиынның басты мақсаты бүкіл әлемді жайлаған экономикалық дағдарысқа қарсы тұратын әрекеттер жайлы және де ұлттық валютамызды дәріптеу. Жиналған мемлекет өкілдері өз ойларын ортаға салу үшін алдымен өздерін таныстырып өтсін.
Ең алдымен ҚР - ның өкілін ортаға шақырамыз (өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Ортаға Ресей Республикасының өкілдері ортаға шықпақ(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Америка Құрама Штаттарының өкілдері(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Ендігі кезекте Қытай халық республикасын ортаға шақырамыз. (өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Келесі Қырғызстан Республикасы(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Өзбекстан Республикасы(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)

Жанат: Дәурен мен Ерсұлтанның орындауындағы «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Нұргүл: Ал енді ортаға ең алғаш болып өз еліміздің өкілі ортаға шықсын ҚР ның өкілі өз елінің ұлттық валютасымен таныстырады.
Жанат: Осы дөңгелек үстелге қатысып отырған бестік мүшелерінен өз елдерінің валютасы мен экономикасы жөнінде мағлұмат беруді сұраймыз.
1 - Қазақстан
2 - Ресей
3 - АҚШ

Нұргүл: Өте жақсы. Ендігі кезекте журналистіміз Жанат қаржылық жаңалықтармен таныстырады.
Жанат: Мен қысқаша саммитке қатысып отырған елдердің теңгеге шаққандағы бағамы жайлы айтып кетейін.
1 юань – 22, 06 тг.
1 доллар – 150, 2 тг,
1 сум – 0, 8 тг,
1 сом – 2, 28 тг,
1 рубль - 4, 82 тг.
4 – Қытай Халық Республикасының өкілі
5 – Қырғызстан
6 – Өзбекстан
Есептермен Нұргүл таныстырады
1 - есеп Слайд: Аспазшы бірдей бағамен 5 қасық және 3 шанышқы сатып алды.
Қасыққа ол 350 теңге жұмсады, сонда шанышқыға қанша теңге төледі?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 736
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру.
АҚШ - тың экономикалық аудандары
АҚШ - тың экономикалық аудандары
Тарихи - мәдени ерекшеліктері мен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай, АҚШ аумағында 4 экономикалық аудан қалыптасқан
Қазіргі Қазақстан
Қазіргі Қазақстан
География пәні мұғалімі Акжигитов Ерхан Камбарович
Экономикалық көшбасшы олимпиадасы
Экономикалық көшбасшы олимпиадасы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Сералиева Бану
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ География пән мұғалімі Ауельбекова Райкуль Айтжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×