Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым - қатынас құралдарының дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздеген заман талабы. Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.

Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңғырту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең - кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт - дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата - ананың сапалы түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі: ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан - жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына; әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. 12 жылдық білім берудің басты мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, олардың білімді де, білікті, парасаты мол, саналы да сабырлы азамат боп жетілуі тәлім - тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалықты ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығармаған жөн. Десек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал, біздің, ұстаздардың келешектегі мақсатымыз - рухани жан дүниесі бай, жан - жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан - жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға дәстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 534
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
12 жылдық білімге көшудегі сынып жетекшінің бейнесі
12 жылдық білімге көшудегі сынып жетекшінің бейнесі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Математика сабағында өздік жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту жолдары
Математика сабағында өздік жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту жолдары
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беруге көшу: 1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды; 2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды; 3. Жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×