Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепалды даярлық топ балаларын еңбекке баулу ерекшеліктері

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектепалды даярлық топ балаларын еңбекке баулу ерекшеліктері

Балабақшада мектепке даярлық топтарында балалардың кітапқа деген қызығушылықты және оған ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру одан әрі жалғасады. Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығармамен таныстыра отырып, шығарманың басты идеясын түсініп, жанрын (түрін) айырып, ертегінің, әңгіменің ерекшеліктерін атауына қол жеткізді.

6 - 7 жастағы балаларды кейіпкерлердің іс - әрекетін, автордың көзқарасын және оның өз кейіпкерлеріне қарым - қатынасын түсінуге үйретеді. Балалар кітап қалай дүниеге келеді, ол оқырманға жету үшін қаншама адамдар еңбектенетіні жөнінде тереңірек білім алады. Сондай - ақ, тәрбиеші иллюстрацияларды көрсете отырып, жазушылар мен суретшілер, арнайы машиналардың көмегімен кітаптарды басып және оларды қатты мұқабалармен қаптайтын баспахана жұмысшылары жөнінде әңгімелейді. Кітаптарды жасау процесімен танысқаннан кейін, балалар кітаптарды сақтау және оған ұқыпты қарау керектігін, бұл көптеген адамдардың еңбегі екендігін түсіне бастайды.

Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте ұнайды. Тәрбиеші балалардың көңілін мұнда әртүрлі қызықты кітаптардың көптігіне, оларды үйге алып оқуға болатынына көңіл аударады. Сондай - ақ, балалардың көркем шығармаларды жаппай, дұрыс ұстау керектігін, өйткені оны басқа балаларда алып пайдалана алатындай етіп, ұқыптылықпен сақтайтынын атап көрсетеді.

Балабақшадағы мектепалды даярлық тобында кітаптар мүйісін ұйымдастырудың да маңызы ерекше екендігіне көңіл бөлінеді. Мұнда мынадай кітаптар орналасады:
- «Балбөбек» бағдарламасында көрсетілген кітаптар;
- Мазмұнды ертегілер, әдеби шығармалар, мультфильмдердің тақырыптарына байланысты суреттер жинағы;
- Балалардың тілін дамытатын ойындар: «Ертегіні аяқта», «Кейіпкерді таны», «Суреттерді лайықтап жина»;
- Жазушылар мен ақындардың суреттері;
- Сүйікті шығармалар мазмұнына сәйкес балалардың салған суреттері;
- Балалардың өздері даярлаған кітапшалар.

Балалардың әңгімелерінен кітап құрастыруға болады. Мысалы: «Көңілді кітапшалар», «Біздің еліміз туралы кітаптар», «Қазақстан – Республикам менің» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Бұларды дайындауға балалар белсенді түрде араласады. «Менің сүйікті кітабым» атты көрмеге олар үйлерінен өз кітаптарын әкеледі. Балалардың алдына мынадай шарт қойылады: әркім өзі әкелген кітаптардың атын, авторын жақсы біліп, және оны қысқаша мазмұнын айтып бере алатындай болуы керек. Балалар басқа топ балаларына, ата - аналарға өз көрмелерін көрсетіп, сүйікті шығармалары жөнінде әңгімелейді. Тәрбиеші балалармен әңгімені иллюстрациялар көрсету, қайталап оқу, ойын - драматизациялар ұйымдастырумен үйлестірген жөн.

Бұрынғы оқылған кітаптарға қайтып оралғаны пайдалы, себебі балалар жасы өскен сайын оларды өзгеше қабылдап, саналы түсінеді. Әрине, қазіргі оқыту технологияларын балабақшаға лайықты түрлерін іріктеп оқу тәрбие процесіне енгізіп, балалардың таным белсенділігі мен болашақтағы оқу әрекетіне деген ынтасын арттыруда маңызы зор. Бірақ балабақшаларда жаңа технологиялар қолданылмай жүр дегеннен аулақпыз, ойын арқылы оқыту, дамыта отырып оқыту технологиясы қолданылып келетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ғалым С. Жиенбаеваның 6 - 7 жастағы балаларды қол еңбегіне баулуда саралап оқыту технологиясын қолдану тәжірибесі де нақтылай түседі. Дегенмен, жаппай тәрбиеші - педагогтардың балалардың таным белсенділігін дамытуда тиімді әдістерді қолдануы өзінің білімін жетілдіруіне тығыз байланысты. Өзінің білімін жетілдіру дегеніміз – жеке басының кәсіби шеберлігін шыңдауы, педагогикалық әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыра білуі.

Педагог мамандығының әлеуметтік мәні – тәрбиеленушілерін қазіргі қоғамның өзгермелі әлеуметтік мәдениетіне бейімделуіне, оларды ереже, заң бойынша өмір сүруге жол ашып, кейін олар үшін идеяға айналдыру. Тәрбиеші педагогтың педагогикалық әрекеттерінің компоненттері: педагогикалық мотиві, мақсаты А. Н. Леонтьев, қарым - қатынасы (субъекті - субъекті), педагогикалық техника, біліктілігі, өз еңбегінің нәтижесінде талдауы. Мектепке дейінгі мекеме мамандарының кәсіптік бағыттары, педагогикалық әрекеттері туралы Е. А. Панько, Л. Г. Семушина, В. И. Лагинова, Р. С. Буре, Қ. А. Аймағанбетова, Б. О. Арзанбаева зерттеулеріндегі педагог тәрбиешілердің қызметі, профессиограммасы мәселелері туралы атап кеткен. Профессиограмма – бұл ғылыми негізделген педагогтың жеке тұлғалық кәсіптік сапаларына талаптар, дүниеге көзқарасы, жалпы мәдениеті, психологиялық - педагогикалық, арнаулы білімі, сол сияқты педагогикалық біліктілігі мен дағдысы.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беруде, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыруда танымдық белсенділігін дамытудың маңызы зор. Басты межені шешуде тәрбиеші - педагогтың орны ерекше дей отырып, терең зерттеуді талап ететін күрделі мәселе дейміз.
6 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Сауат ашу Жіңішке айтылатын сөзді тап. а) қауын ә) айран б) сағат в) төбе
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Жолың болсын балдырған!
Жолың болсын балдырған!
Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, тәрбиелерінің, өнерлерінің нәтижесін көрсету. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулып, адамгершілікке,
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Бала шақтан болашаққа
Бала шақтан болашаққа
Тақырыбы: « Бала шақтан болашаққа» Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×