Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кіші жастағы дарынды балалармен жұмыс

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Кіші жастағы дарынды балалармен жұмыс

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарыфндылықты тани білу, оның әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық - өзінің жаңашылымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант - қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы дамуы мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан - жақты дамыған шығармашыл, рухани ой - өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және тәрбиеленушінің танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Баланың дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс - тәсілдерді қолданамын:
- баланың отбасы жағдайын зерттеу;
- шығармашылық қабілетін анықтау;
- сауалнамалар, психодиогностикалық тренингтерді өткізу;
- ата - анамен әңгімелесу;
- интеллектуалдық сайыс ойындарына қатыстыру;
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарында балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1. Ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмыстары;
2. Ертеңгіліктер;
3. Олимпиадалар;
4. Интеллектуалдық ойындар, дебат клубы;
5. Балалардың білім деңгейлерін арттыру;
6. Шеберлер байқауы;
7. Балалардың аудандық, облыстық, жобалар байқауларына қатысу.
Дарындылықтың басты ерекшеліктері:

• Ерекше зейінділік
• Жинақтылық
• Күрделі ақыл - ой жұмысына әрқашан дайын тұрады
• Еңбекке жұмылушылығы
• Таным аясы өте кең болады
• Ойлау белсенділігі аса тұрақты
• Дарынды балалардың адамгершілік дамуы, қабылдауы, өзіндік танымы өте нәзік
• Қиялдары кең
• Көтеріңкі көңіл күйді, жағымды психологиялық ахуалды жақсы көреді
• Әділетсіздікті көтермейді, өзіне және қоршаған адамдарға талап қоя біледі
Жоғарыда атап өтілгендей, балалардың алған білімдерін бекіту, шыңдау мақсатында ұйымдастырылған интеллектуалдық ойын құрылымы:

ҰОӘ тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: балалардың қатынас, таным, әлеуметтік орта білім салаларынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.
Жүргізілу барысы:
1. Ұйымдастыру. Жарысқа 6 бала қатысады.
2. Интеллектуалды ойын.
- Балалар жарысты бастамас бұрын, ойынның шартымен таныстыру.
Ойын 4 турдан тұрады.
1 тур. Тіл дамыту, айналамен танысу, математикадан болады. Барлығы 12 сұрақ. Алты балаға екі сұрақтан келеді.
2 тур. Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Тақтадағы суретті сызба арқылы ертегі құрастыру, 2 турдан кейін ұпайы аз бала ойыннан шығады.
3 тур. Топтастырылып берілген Нелер? Деген сұраққа жауап береміз. 3 турдан кейін ұпайы аз екі бала ойыннан шығады.
4 тур. Бұл турда қалған екі балаға логикалық тапсырма беріледі. Қай бала дұрыс жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.
Слайдта барлық сұрақтар жазылып, суреттер көрсетіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 804
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты тұлғаның жан жақты дамуын қалыптастырып, болашақ өмірге даярлау.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешова Гүлсім Орынбасарқызы
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог - ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×