Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлеңдер жиынтығы

29 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 «Балауса» балабақша тәрбиешісі
Шынар Мүберекова

Киелі, қасиетті туған жерім.

Киелі, қасиетті туған жерім,
Өзіңнен бүршік жарып көктеп едім
Өмір деген асулы ұлы жолда
Дем беріп қолтығымнан демеп едің.

Мен сенің құдіретіңе бас иемін
Ата - бабам тіршілік еткен жерім
Ұрпағымын дей алам кеуде керіп
Жалаңтөс, Жанқожадай киелі елдің.

Талай ғасыр шындығын артқа тастап
Өзіңді алпауыттай асқақ ұстап,
О, туған жер келесің төтеп беріп
Кездессе де алдыңнан қиын соқпақ.

Тарихтың тағылымын да таразылап
Қалды ма жүрегіңде небір сызат
Адам қолдан жасаған азапты айтсам
Алғандаймын жараңның аузын тырнап

Табиғатың бүгін жоқ тамсандырған
Талай құсқа шырқатып ән салдырған
Ғарыш көкке самғаған зымырандар
Адам көзін ашқызбас шаң мен құмнан

Жерің азып бара ма ағымға орай
Өзгерді ме әлде бұл заман қалай
Жасыл желек оранған көкорай бел,
Түсімізге кіре ме сағымдардай.

Әлі де болашақтан үміт күтем
Киелі, қасиетті шабытты өлкем
Ата - баба рухының алдында мен
Туған жер кешірші деп тізе бүгем.
11. 05. 2005ж

Аралым енді бізге ертегісің.

Н еге ерте суалдың жаным Арал,
Қалжыраған еліңнің хәлі жаман.
Толқыныңда тербелген кемелерің,
Жетім қозы күзекте маңыраған.

Ерік бермес толқының жағаға ұрып,
Көкке шапшып балығың асыр салып.
Көз тиді ме, бұл күнде болмағандай,
Көлшік ғана, теңіз жоқ көзден ғайып.

Екі өзенді жататын бірдей еміп
Күннен күнге барасың жерге сіңіп
Елің көктен сұрайды қолын жайып
«Келер Арал», «Оралар» деген үміт.

Неге ерте суалдың жаным Арал,
Мен өзіңді қай жерден тауып алам
Азаматпыз дейміз - ау кеуде керіп
Жан екенбіз уызға жарымаған.

Бәрін қолдан жасадық біліп тұрып
Бермедік көз білгенге және ырық
Не жазығы бар еді Аралымның
Елге байлық, жеріме берген көрік.

Не шара енді бармақ тістегенмен
Аралым мәңгі бізге өкпелеген
Жүрекке қорғасын боп құйылатын
Ақынмын ақиқатқа сан шөлдеген.

Аралым енді бізге ертегісің
Болмағандай толқының, өктем күшің
Сен жайлы не айтамыз жас ұрпаққа
«Жауап жоқ» ұяламын ертең үшін
Шарқ ұрып шағалаңдай іздеп өтсем
Жырыма құлақ түріп оралар ма
Аралым баурайыңа аққу құсың.

Жасқа өсиет
Әкенің бақ дәулеті азық болмас
Перзенттің атақ - даңққа жетуіне
Сөздің де байыбына түсінбесең
Кетерсің бәз біреудің жетегінде

Өмірдің бұралаң жол соқпағы көп
Сын жолдан әзәзілге бұрылмай өт
Еңбек етсең жиылар мал - дүние
Бой алдырма, енжарлық жаман әдет

Абыройдан айрылмассың дүние үшін
Көз тоймайды, таусылмас кем - кетігің
Қызғыш құстай қорысаң мал - мүлікті
Дос түгел, безіп кетер бар туысың

Қол ұшын бер қиналған азаматқа
Не келіп не кетпейді жұмыр басқа
Күні ертең не боларын білмейді адам
Қазаның ортаймайды бір қол асқа.

Бақ - дәулет мәңгі тұрмас бір басыңда
«Үп»етсе ұшып кетер қас - қағымда
Қуанышты қайғыны бөлісетін
Қасыңа дос пен бауыр, туыс жина.
4. 02. 2006ж

Бір өкініш, бір үміт.
Бір өкініш, бір үміт
Тыным бермеc санаға
Сынағы көп ғұмырың
Түсер ме бір арнаға.
Жастық тәннің жасылы,
Бойдағы қан тасуы
Төтеп бермес қамалға.
Қимассың сен тағдырым
Жасық жанды жаманға
Осал болмай өмірде
Амалда сен амалда
Түсінгенге білгенге
Құдай да жақ адамға
«Тағдырым қиын болды»деп
Тізгінді берме арамға
Бір өкініш, бір үміт
Кезек келер адамға.
Төзе білсең жетерсің
Ойлаған мақсат арманға
Осыны досым айтты деп
Берік ұста санаңда
Сабыр түбі - сары алтын
Сабырлық керек адамға.
17. 11. 2006ж

Өлеңім
Өлең - менің жан досым жанашырым
Өлең - менің рухани бар асылым
Өлең - мені пәк жолдан тайдырмайтын
Өлең - менің қадамым басатұғын

Өлең - менің арманым жетелейтін
Өлеңменен өрге мен өрмелеймін
Өлең менің сәбиім бесіктегі
Өлең менің ғашығым еркелейтін

Өлең - менің өмірім алға бастар
Өлең ғана сергітіп көңілді ашар
Өлең менің жыр кемем тура жүзер
Тұңғиықтан талпынтып алып шығар.
16. 08. 2007ж

«Елім» деп шыққан алаңға.
Қаншама жастың арман бақытын құйынға орап,
Қаншама жасты көз жасыменен, қанына бояп,
«елім» деп шыққан, «жерім» деп шыққан алаңға жастар
жазықсыз еді - ау, жазықсыз кетті - ау өңкей жас боздақ.

Қаншама уақыт бүркеулі жатқан жүректің дертін,
Жеткізген уақыт басатын сол күн өзектің өртін.
Үмітпен шыққан, сеніммен шыққан алаңға жастар
Алсақ деп қолға ертеңгі елдің еркіндік кілтін.

Не көрді олар қарулы жасақ қаптаған,
Жазықсыз жанды бір жан жоқ сол сәт жақтаған.
Қазақтың нағыз Қаракөзі мен Қамбарын
Табанға салып, тепкіге алып таптаған.

Не көрді олар, өмірден мына не көрді,
Он сегізбенен не бәрі жиырма бірде еді.
«Елім» деп шыққан, «жерім» деп шыққан жастарды
Ұлтшылдар мен нашақорларға теңгерді.

Уақыт емші жиырма жыл қыс пен жаз өтті,
Ел құрметтер құрбан болған ерлерді.
Қазақ үшін кетпес мәңгі таңдайдан
Желтоқсанда төгілген жастың кермегі.
15. 12. 2006ж

Өмірде өрге ағатын өзен едің.
Қорықпаған ол ешкімнен, ештеңеден
Ажалдай нөсерлеген оқтандағы.
Ел үшін тігіп өзін құрбандыққа
әділдікті аңсаған оның жаны.

Махамбет пен Мағжандай қайсар ақын
Елінің ертеңіне болған жақын.
Ел есінде айтылған ақтық сөзің,
Ел аузында ерлігің Қайрат атың.

Ақын болдың еліңе жақын болдың
Жаста болсаң ойладың ел тағдырын
Темір тор, темір төсек, тар қапаста
Аузыңнан тастамадың ел ұранын.

Өмірде өрге ағатын өзен болса,
Теңер ем мен өзіңді сол өзенге
Сен жетпедің дегенмен елің жетті
Қапаста сен аңсаған ақ сәулеге.

Қазақтың қайта тумас Қайрат ұлы
Өзекті тіліп түсер өткір тілді.
Рухың биік сенің елің үшін
Жүргейсің ақындықта жебеп бізді.
15. 12. 2007ж

Қазақтың бір қызымын.
Қазақтың бір қызымын ана көрген,
Жүрекке сезім отын жаға білген
Қуанышын, шаттығын бір бөлісіп
Қайғысын қарсы келген дара көрген.

Қазақтың бір қызымын сүйе білген
Отына махаббаттың күйе білген
Жар құшып бала сүиіп өмірінде
«Ана» деген атақты иеленгем.

Қазақтың бір қызымын сыйлай білген,
Үлкендік өсиетке құлақ түрген.
Жамандық, қиянатқа үлке қарап
Жақсының жан сұлуын жинай білген

Қазақтың бір қызы боп ақын болсам
Елімнің ертеңіне жақын болсам
Қуанам күліп атқан әр таңыма
Қазақ боп туғанымды мақтан тұтам.
7. 03. 2005ж.
4 317
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұражайда
Мұражайда
Мұражайда Міне, келдік мұражайдың төріне, Өлкеміздің төл тарихын білуге. Туған жерім, туған өлкем, бұл – Тараз, Білген жанға тұнып тұрған шежіре.
Туған жер туралы ой
Туған жер туралы ой
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысыЖұмалиева Шаттық
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Ұлағатты ұстазым! (оқушы шығармашылығы)
Ұлағатты ұстазым! (оқушы шығармашылығы)
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы: Ағатаева Балдырған
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Өлеңдер жиынтығы
Өлеңдер жиынтығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №00 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дүйсенбай Айжан Сылдыр –сылдыр су ағып, Тоқтатады ағысын. Жапырақтар сарғайып, Бара жатыр азайып. Күлкі кетті күлімдеп, Жаңбыр келді сіркіреп.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×