Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүлдіршіндерді балалар әдебиет әлеміне баулу

22 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Балабақша тәрбиешісі Гульмира Еспусинова

Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу
ЭССЕ
Әрбір саналы жан бақыт дегенді жүрек қалауымен өмір сүру, қызмет ету, өзгеге қуаныш сыйлау деп түсінетін болар. Мен үшін балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышы мен күлкісінен нәр алу бақыт. Балалардың жәудіреген жанарларынан тазалық пен пәктікті, күлкілерінен риясыз тазалықты, қылықтарынан табиғи сүйкімділікті көремін. Көремін де сүйсінемін, сүйсінген соң жаным ләззат табады. Баланы жақсы көрмей тұрып, онымен жұмыс істей алмайсың. Бала үшін әр күн – жаңалық бастауы. Ол тіпті әр сағат, әр сәт сайын өзіне жаңалық ашып жатады. Шыққан күн, жауған жауын, соққан жел – ол үшін жұмбақ әлем құбылыстары. Қолына кітап алып парақтау, қалам ұстап, жазып үйрену сәби үшін үлкен жұмыс.

Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі азамат. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа баулу, әдеп – ізетке, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке үйрету секілді сипаттар кеңінен көрініс табуы керек. Сол кезде өмірге қадам басқан әр баланың ой - өрісінің шыңы – көркем әдебиет болмақ.
В. Г. Белинский баланың ой - сезімін дамыту үшін ертегінің маңызы жөнінде былай дейді: « Баланың ең алғашқы естіген ертегілері жақсы мен жаман туралы, әділдік пен әділетсіздік туралы, дөрекілік пен нәзіктік туралы, ар – ождан, ұят туралы түсінік береді, баланы қатты толқытады. Бұл толқу оның мінез-құлқына, психикасына әсер етіп, еңбекке, адамдарға деген ізгі ниетін қалыптастыруға жол ашады»

Сөйтіп, көркем шығармалардың әсерімен балалардың бойында адамгершілік мінез – құлық, еңбек адамына деген сый – құрмет, еңбекке деген дұрыс көзқарас пайда болып, біртіндеп дами береді. Балаларды жастайынан әдеби шығармаларды қабылдауға үйрету рухани, эстетикалық нәр беріп қана қоймай, олардың кітапқа деген құмарлығын да арттырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын
- Балалар! Қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?- Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балалар мен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Балалар еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш шаттығынан асқан бақыт жоқ.
Суды жақсы көремін, таза болып жүремін
Суды жақсы көремін, таза болып жүремін
Сөздік қорларын дамыту, «с» дыбысын нақты созылыңқы айтуға үйрету. Дұрыс дыбыстауға тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеп, сөздік қорларын байыту.
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларға әдемілік пен әдептілік нышандарын бойларына сіңіре отырып және оларды ұлттық бұйымдар арқылы әсемдікке баулу. Балаларға ұлтымыздың салт - дәстүрін, өнерін бойларына сіңіріп, ұлттық сана-сезімдерін дамытып, балаларды әдептілік пен
Күз бояуы. Қастек Баянбаевтың өлеңін жаттау
Күз бояуы. Қастек Баянбаевтың өлеңін жаттау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. Балабақша тәрбиешісі Эрмекова Ағилаш Реймбаевна
Тазалық - денсаулық  кепілі
Тазалық - денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×