Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін инновациялық технологиялар арқылы дамыту

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін инновациялық технологиялар арқылы дамытудың жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау», - деп көрсетілген.

Мұғалімдер педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т. б. білім салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата - анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту үрдісі әр мұғалімнің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігінің артып, оқушымен қарым - қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.

Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы – оның ұрпағы. Олай болса, түптеп келгенде, елдің тілінің, туған жерінің, салт - дәстүрінің, қадір - қасиетінің артуы сол жас жеткіншектердің сана - сезімі болып табылады. Сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары сапалы азамат ретінде қалыптастыратын да білім ошағы болса, бұл - қоғамның білім саласына қосатын талаптарынан туындайды. Осы мақсаттан туындаған білім тұжырымдамасында: «Білім саласындағы оқу - тәрбие үрдісінің айқын мақсаты, бір жағынан, гуманитарлық мәдениетті жаратылыстану - ғылыми мәдениетпен үйлесімді байланыстыру болып табылады»,- делінген. Міне, мұндай мақсатқа жету - оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.

Ана тілін ана сүтімен бойына дарытпаған, оның тұнығына қанып, тереңіне бойламаған бала тілдің қадірін қайдан түсінсін?! Демек, бесік жырынан басталып, баланың бойына сіңген ана тілі отбасында үзілмей, балабақшада ұласып, одан әрі мектеп, колледжбен жалғасып, жоғары оқу орындарымен аяқталып жатса, міне, сонда ғана ол мұратқа жетпек. Осы жүйе үзілмегенде ғана бала тілі ана тіліне айналып, тәрбие – тағылым тілі, өнер тілі, ғылым тілі бола алады. Ұлы кемеңгер Шыңғыс Айтматов айтқандай: «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы». Ендеше, бүгінгі таңда ұстаз көтерер жүк те ауыр, ауқымды, салмақты. Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабына айналуда. Бүгінгі студент - ертеңгі маманға қойылып отырған таңдау, мақсат та жоғары. Бала тәрбиесі - қоғамның азаматын даярлау жолындағы абыройлы іс. Өйткені тарихты жасайтын да, табиғатқа қожалық етіп, игілікке ие болатын да халық және оның жас ұрпағы.

Орта арнаулы оқу орындарында болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін, кәсіптік деңгейін, танымдық белсенділіктерін жан - жақты дамыту мақсатына көп көңіл бөлінеді. Мұндағы біздің басты ұстанар міндет - мақсатымыз – халықтың өз бейнесін ашатын салт - дәстүр, әдет - ғұрпына тәрбиелеу, гуманитарлық бағытта көп көңіл бөлу, халқымыздың тарихы, әдебиеті мен мәдениетінен мағлұмат беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 527
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің инновациялық тиімді әдіс - тәсілдері
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің инновациялық тиімді әдіс - тәсілдері
Екібастұз қаласы. Баяндамашы: Бастауыш сынып мұғалімі Арынова Бақытгүл Серікқызы
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беруге көшу: 1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды; 2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды; 3. Жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×