Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің туған жерімнің батыры

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Менің туған жерімнің батыры...!!!

Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Қара түнді жамылып қара қазақ,
Қара күнді басынан кешкен еді....!!! Қара түн мен қара күнді жамылып, тәуелсіздік тұғырының биік болуына бағытталған жол,
қақаған қара боранда,
ақ қарды үнсіз жамылып,
Отан үшін қашан да,
Оқ тисін кеудем жарылып деп жалғасты. Ұлы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлігінің сыналар сәті ұлт тәуелсіздігін тағы бір қадамға жақындатып берді. Қанша жерде, қанша елді ұлт патриоттары мен жауынгер батырлар ерлігімен елді қорғап, жерді аман сақтады. Кезінде қыршындай жас кездерінен соғысқа аттанып, бүгінгі күнде салиқалы қария болып осы күнге дейін жеткендері бар. Дегенмен де, өлшеулі ғана ғұмырдың тезі жетіп фәнилік болғандары қаншама. Биыл да осы Ұлы Отан соғысының біткеніне 70 жыл толып отыр. Ұлы мерекенің қарсаңында арнайы соғыс ардагерлерінің ерлігі мен оның артқа қалдырған мұраларын іздестіру барысында мына бір атамыздың кішкене болса да ғұмырын баяндауды жөн көріп отырмын.

Тағдырының суық желіне қарсы қарап тойтарыс бере білген менің туған жерімнің батырлары да жетерлік. Соның бірі Тұңғатов Мырзағали. 1910 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Черновая ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдағы молдадан хат танып, соның тәлімін алған. Арманшыл жастың қиялы Нововсибирск қаласындағы ФЗО - ға оқуға жіберілді. Совет одағының кезінде ұлы державада киномеханик мамандығы өте танымал болып жатты. Сол кезде Мырзағали атамыз киномеханик мамандығы бойынша жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүреді. Қаһарлы Мосвкадан сөйлеп тұрған радио дауысы бүкіл қазақ даласындағы кіндік біткен ер азаматтардың соғыс жарамдысын әскерге алып жатты. Осы лекпен бірге Мырзағали атамыз да аттанып ерлікпен Отанын қорғады. 1945 жылы соғыс аяқталып, Германия машинасын жеңгеннен кейін өз мамандығы бойынша Алматы облысы, Ақсу ауданына келіп жұмысын жалғастырады. Әр ұлт, әр мемлекет өзінің батырларымен мақтанып, соған қарап өссе, менің туған жерімнің батырларына қарап барлық Ақсу адалыс өсті десе болады. Себебі, атамыз өзінің ерліктері үшін « Қызыл жұлдыз ордені», «І, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені» екі мәрте «За отвагу», «За боевые заслуги», «За взятие Кёнигсберга» «За победу над Японией», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг» медальдарымен марапатталды. Генерал - полковник Н. Крыловтың 3 - Белорусия фронтының генерал Черняковскидің, Василевскидің, Шығыс Пруссияны азат етудегі ерлігі үшін «Алғыс хаттармен» марапатталған.

1948 жылы отбасын құрып Алматы облысы, Лепсі станциясына кинофикация бастығы болып, жұмысқа ауысады. Кино саласында аудан тұрғындарына да адал қызмет жасап 1951 жылы денсаулығына байланысты Ақсу ауданына ауысып келеді. Өзінің талай жылғы еңбегінің нәтижесінде 1970 жылы зейнеткерлікке шығып, бейнетінің зейнетіне қол жеткізеді. Отбасында бір қыз тәрбиелеп, дуалы ата болып көзімен көріп, ерін тигізген үш немересінің қызығын көреді.

Қазіргі таңда батырдың қызы Тұңғатова Маржан Мырзағалиқызы ұлы педагог жолында ерен еңбегімен қызмет жасап, зейнеткерлік жасқа келіп отыр. Білім саласындағы сіңірген еңбегінің арқасында талай шәкірттерінің қанатын қақтырып, белдерін буып өмірде өз орындарын табуға үлкен септігін тигізіп келеді.
Медаль көрсем кеудеңде жарқыраған,
Мақтанамын, бұл әрине менің атам.
Тағдырымен арпалыс, замандарда,
Атамнан да тамаша тарих қалған. Деген өлең жолдарын ойыма еріксіз орала берді. Неге, өйткені кеше күн бүгін тарих, тарих жаңарады, тарих архивтерден табылады деген менде осындай ұлы даланың ерліктерін жасаған батыр аталарымыздың тарихы әр біріміздің жүректегі архивімізден орын алары хақ.
2 428
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы отан соғысының батырлары
Ұлы отан соғысының батырлары
Бүгінде екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Тарихымызда ерекше орын алған, жер анамыздың бетіне қандардың төгілуіне себеп болған, қаншама отбасының қара жамылуына түркі болған екінші дүниежүзілік соғыс Америкадан басқа
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылы, Барқытбел орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері: Ковнашарова К.К., Алиппаева С.К.
Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат
Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Джанизакова Аккенже Джанизаковна
Ешкім де ешқашан ұмтылмайды
Ешкім де ешқашан ұмтылмайды
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жаңабергенова Аяжан Жәнібекқызы Жетекшісі: Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Қазақтың жері, қазақтың елі
Қазақтың жері, қазақтың елі
Астана қаласы, № 45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×