Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімін иеленген Әйтекенің...

20 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақ тақырыбы: Есімін иеленген Әйтекенің....

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға туған жер туралы деректер бере отырып, білімділігін қалыптастыру
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу
Дамытушылық: Ой өрісі мен сана сезімін дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, деректер келтіру
Барысы
І. Алғашқы ұйымдастыру
(амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару)
ІІ. Жаңа тақырыпты игерту
Есімін иеленген Әйтекенің....
- Балалар біздің аудан орталығымыз қалай аталады?
- Ол қанша аумақпен шектесетінін білесіңдер ме?
Біз бүгін өзіміздің аудан орталығымыздың тарихы туралы өтеміз.
Әйтеке би ауданы – Ақтөбе облысының солт.- шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс.
Жер аумағы 36, 3 мың км².
Тұрғыны 40, 3 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²- ге 0, 9 адамнан келеді (2006).
Аудан орталығы – Комсомол аулы. Аудан 1996 жылға дейін Қарабұтақ ауданы аталды. Ауданда 50 - дей елді мекен бар. Олардың ірілері: Аралтоғай, Аралтөбе, Бөгетсай, Қарабұтақ, Жабасақ, Құмқұдық ауылдары.
Географиясы. Аудан жері негізінен үстіртті жазық (биіктігі 100 – 400 м) келеді. Солт.- шығысын Мұғалжар тауы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы – 17°С, шілдеде 22°С. Жауын - шашынның жылдық мөлш. 200 – 250 мм.
Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзен және оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық, т. б. салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар. Аудан жері негізінен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты келеді.
Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота өседі.
Жануарлардан түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік; құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт, т. б. мекендейді.
Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 188, 9 мың га. Оның ішінде жыртылатын жері 69, 3 мың га, шабындығы 4, 3 мың га, жайылымы 835, 8 мың га.
Аудан жері арқылы Қостанай – Ақтөбе темір жолы, Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолдары өтеді.
Әйтеке би ауданының округтік картасымен таныстыру
Әйтеке би ауданы алты аумақпен шектеседі:

Ресей Федерациясы
Қостанай облысы Ырғыз ауданы
Мұғалжар ауданы Шалқар ауданы
Хромтау ауданы
Әйтеке би ауданының жер көлемі бойынша орналасқан округтері:
№ Округ аттары Жер көлемі
Басқұдық 758. 870
Ақтасты 413. 815
Қайрақты 403. 888
Жабасақ 377. 238
Қарабұтақ 290. 059
Әйке 254. 275
Комсомол 218. 330
Ақкөл 175. 474
Құмқұдық 171. 549
Аралтоғай 171. 025
Аралтөбе 125. 760
Жамбыл 118. 086
Сұлукөл 79. 818
Үшқатты 1525
Сарат 1325

Қорытындылау: Әйтеке би ауданы алты аумақпен шектеседі, он бес округтік ауылдар аудан қарамағында. Әйтеке би ауданы кіші жүзге танымал би Әйтеке бидің есімін иеленген. Кеңестік кезеңде бұл аудан Комсомол аталды.

Үйге тапсырма
Әйтеке би ауданы туралы қосымша деректер іздену

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ақтасты алқабында
2. Ақтөбе энциклопедиясы
3. Интернет материалдары
2 437
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы жайында және есептердің шығарылу жолдарын өз бетінше меңгеруге жағдай жасау.
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі
Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар – аудан өлшем бірлігі. Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы туралы білім қалыптастыру, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының алуан түрлілігін көрсету, оларға баға беру, дағдыларын бекіту.
Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе. Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен таныстыру
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық “Дарын” мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Сержанов Фархад
Шежірелі Шалқарым!
Шежірелі Шалқарым!
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір орта мектебінің аға тәлімгері Мұқашев Ғ. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×